КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ИБРАҺИМ ХАНИФА
ИБРАҺИМ ХАНИФА Ибраһим пайғамбарға: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын» - деген Құран аят бар (2-сүре, 124 аят). Ол кісі Исмағыл екеуі Қағбаны салды. Ол өз ұрпағынан елші жіберу-ді тіледі. Тілегі қабыл болды. Мұхаммад пайғамбар келді (129 аят). Ибраһим нәсілінен шыққан. Яғни Ысқақ пайғамбардан келе жатқан ұрпақтардың жолындағы Яһудилар мен христиандар Мұхаммадты таны-мады, Құранға тоқтамады. Мұхаммад расул Аллаһ оларға «Ибраһимның тұп-тура жолындамыз, ол ортақ қосушылардан емес еді» деген (135 аят). Ол түсірілген Құран жолында болаты-нын айтты. Бертін келе, Мединеге келген соң Қибла өзгеріп Меккеге– Қағбаға қарап намаз оқу болды. Осылардың бәрінде тамаша зор ғибраттар жатыр. Солардың ішінен біз бір ғана сөзді қарап көрелік. Ол «Ибраһим ханифа» (135 аят), (افينح ميهاربا.) Қазақша аудармад…