Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӨГІЗХАННЫҢ АСПАН ЖОЛЫ

ӨГІЗХАННЫҢ АСПАН ЖОЛЫ

 

Аспан жолы-ғаламның сыры. Оны толық қамту тек Иесінің қолында. Біздер тек, оның әмірімен сол сырдан өзімізге өлшемді мөлшерін ғана түсіне аламыз. Осы жағынан алып қарағанда Тұран халықтарының аңызға айналған әулие ата-сы Өгізхан бізге сол мөлшердің жәдігері деп білеміз. Өгізхан аңызының жұлдыздық сипатын бұл арада толық талдамаймыз. Оған арналған ерекше кітап жаздық. Бұл арада айтарымыз ол Өгізхан қазақша 12 мүшел жылдағы Сиыр жұлдыз тобы мағынасында. Оның арабша айлық аты Сәуір (ثور) Бұқа деген сөз. Демек толық мағыналас, халықаралық түсінік. Оның өзі Үркер. Ай мен Үркердің тоғысуы жыл басы, есеп басы, ғылым басы. Демек “Өгізхан” арқылы көп мәселеден мағлұмат алуға

   

77

 

болады. Сиырдың (Сәуірдің) жыл басы болуы астрономия та-рихында Шумер заманында, яғни осыдан 6000 жыл шамасы бұрын... Демек ол Ибраһим пайғамбар заманында, бәлки онан да әрі. Өгізханның адамдық, ғадалатты істеріне қарағанда ол Ибраһим ханифа жолындағы адам. Ибраһим пайғамбардың Аллаһтың барлығын, бірлігін іздеудегі, оны танудағы бас се-беп аспан шырақтары болғаны мәлім. Оның елі бұл ғылымда тамаша жетістіктерге жеткені де мәлім. Сонымен байланысты оның еліне арнаулы екі періште келгені және мәлім. Ол аятта: “...Сүлеймен қарсы келмеді. Бірақ шайтандар адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда “һарут, Марут” атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: “Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар”, деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар екеуінен ер-әйелдің арасын айтатынды үйренетін еді (2-сүре, 102 аят).

 

Бұл аятта терең сыр, зор мағына жатыр. Періштелер аспан ғылымынан, оның ғалами әсерінен, балнама өнерінен адамдарға мағлұматтар берді. Ондағы мақсат адамдардың Тәңірі ісі-не қарсы келмей, ғалам ойын, бұйрығын қабылдауға үйретті, сынға берді. Бірақ оны шайтан қарсылыққа айналдырды. Сиқыр ісін Сүлеймен пайдаланды, бірақ қарсы болған жоқ. Қарсы болғандар ер-байлы адамдар арасын ашуға қолданды. Тәңірінің әмірімен дүниеге келешек пайғамбарға – Ибраһимға, тумай жатып қарсы болып, оны болдырмауға тырысты. Жұбайларды қатыстырмауға тырысты. Бірақ онысынан еш нәрсе шықпады.

 

Сол балнаманың, сиқырдың есептері, әдістері айтылған аспан жолының занына сүйенген. Бір аят келтірейік: У ал+Саман заты ал+хұбуки (51-сүре, 7 аят) (61+1101+132+=1300 )كبخلا تاد ءآهتشلاؤ

26 .+6х50=52х25;  Аяттың мағынасы: “Жолдары бар аспанға серт” 51-сүренің жалпы басқы санат жиыны: 51+1343+60=1454=1000+454. Мұнда өрнекті сандар: 51=17х3; 1000+343; 60 – шеңбер сан. Онан шығады: 454=343+111. 454

 

– Мұхаммад расул Аллаһ саны. Осы санды мына түрде жазамыз: 1454=480+487х2=480+974.   Мұнда 480 Ал-Қамар (54

 

– Ай сүре) санаты. 487 - әулие үшкілден (16-сурет). Осы кейін-

   

78

 

гі сан Өгізхан санына байланысты. Өгізханның Рәмізі, арабша таңбасы мынау: Ауғуз=1020=روغوا . Мұнда да айтылған ақырғы алыф=мың=1000= =сан.

 

Бұл санды былай жазамыз: 51х20=1020=340х3, 340 – Қамар, оған Тұран тас (Ашма) санын қосамыз: 1020+441=1461=487х3.

 

20-сүре Таһ..... ةلح ....... аят саны 135. Осы сандарды салы-стырып қараймыз. (18-сурет).

 

Сурет атын – аспан жолы атадым. Ол атау 51-сүренің 7 ая-тынан алынған: Уа+Ал-Саман+заты+Ал-Хубуки كبخلا تاز امشلاؤ 6+132+1101+61=1300. Мағынасы “Аспан жолдарымен серт етемін” деген. Сол 51-сүренің жалпы санаттық мәні болады:

 

51+Ал-зәриат+60=51+1343+60=1454=1000+454. Осы екі саннан бір тамаша өрнек шығады:

 

1454+1300=2754=2605+149=3/2·1836=3/2m.

 

Бәрі де сырлы сандар. Мұндағы зор бір мағына мынау болса керек. Аспан жолымен оның құрылысы арасын (2605, 8-сурет) жалғастырған ханифа саны (149). Олар атом өзегімен – протон мен темір нотасы (3/2) арқылы байланысады. Ойлап қараңыз. Осы сандарды негізге алып жасаған суретті – сызықты талдап қараңыз. Оның негізінде тік бұрышты екі үшкіл жатыр:

   

Олардан бес бұрышты және текше орталық бұрыштар шығады: 27ох4=54х2=108о; 108о+72о=180о, 19о28’+90о=109о28’; 109о28’+70о32’=180о. Айырма бұрыш: 27о-19о28’=7о32’=452= =113х4. Онан шығады: 3/2·452=678 – Абай саны, онан 678+

+108=786 Бас бата саны. Екінші тамаша бұрыш:

Онан шығады: 18о56’х2+70о32’=131о=90о+41о. Онан шығады: (90+41)6=540о+246=786. Жұлдыз Жақ саны бес бұрыш (540= =108х5), 246 – Жебрайіл саны. Олар болады бас бата. Бұл та-маша бұрышты біз «Нарай» атадық. Мағынасы санам – жалғыз өркеш (А+Л+М=71) жаңа Ай мағынасында. Өгізхан мағынасына жақын. Онан шығады: 18о56’=1136’=71х16.

 

Бір тамаша мағыналы бұрыш ондық бөлшектен. Ондық кәміл сан (ғашыр р=570=رشع) Маулуд (жыл) сан. Арабша АБЖД есебі сонан оны былай өрнектейміз:

 

10К: 101=10, 102=100, 103= =1000.

 

Оларды Үш Арыс белгілерімен жазамыз: Т≈10, Қ≈100, Ж≈1000. Онан бұрыш айырамыз:

 

.

 

Онан шығады белгілі сан: 5о43'=343'; 343+111=454.

   

80

 

Тағы сонан шығады:

5о43'+26о=31о43';

 

Тамаша өрнек: темір бұрышы 26о=26х60=1560, Нұх бұрышы: 63о26', онан шығады әулие бұрышы. Бұрында айтылғанды ойға сала кетелік: 454 – Мұхаммад Расул Аллаһ саны. Онан шығады: 454х2+92=908+92=1000. Екі ғаламның пайғамбары, ақырғы (غ=1000) пайғамбар. Ұлығ Ат пайғамбары.

 

Сызықтың жалпы мазмұнын алатын болсақ, онда Жер мен Көктің бейнелері қабысқан. Яғни текше мен бұрыш бейнелер айқасқан. Аспан жолымен Жерде адаспау, Жұлдыз – Жол түзу мағынасында. Өгізхан бұл мағынадағы адам.

 

Өгізхан мазмұны мен ханифа мағынасын салыстыруға бо-лады. Олардың сандарын жазамыз: 1020+149=1169=1000+1-69. Кейінгі сан 20-сүре. жиыны: 20+14+135=169. Ол ТАһА= =14 – ةلح - от сан сүресі. Онда 51-сүредегі айтылған жауын-ша-шыннан Мұса пайғамбар адасып, мұғжиза отқа барған (ОТ=14). Оның тоғыз мұғжизасы болған: اح =9 – Маңдай, ج =5=Жүрек (тоғыз ұялы шаршыны қараңыз 11-сурет). Оның көрген оты Тәңірінің нұры. Ол онан шоқ-шырақ алу үмітімен барды. Шоқ– Қабас=162= سبق ; Шоқ пен=бикабас= سقب онда болады: 162-+2=164. Осы екі сан бірдей тамаша: 162=54х3 – үш арыс Ал-Қамар, екінші мағынасы адам (инсан=162 ناسنا). Екінші саннан

Жебрайіл саны шығады:  3/2 – Арай нотасы, Темір тек нотасы. Ойлап қараңыз.

 

Арабша Қабас шоқтың жалғас мағынасы тағы есте болсын. Ол білім алу мағынасында. Ол сөздің әрпін ауыстырып бақас– бақыс деп оқысақ ол ғылыми пікірлесу мағынасында болмақ. Қысқасынан айтқанда заряд атқан 51-сүре мен Нұр шырағын жаққан 20-сүре тығыз мағыналас. Олар Өгізхан әулиенің ісіне жалғасады.

 

Бұл белгі – шырақтың мағынасы зор. Ғылыми – рухани-діни талас-тартыстың, бақастың басы да осыдан басталғаны мәлім.

 

Тәңірінің хақ жолы да осында ашылды, Таурат түсті. Со-нымен қатар Сиырды әулие деп алтын бұзауға табыну секілді

 

81

 

жалған дін де осында басталды. Өгіздің немесе Қошқардың басы сынды басына мүйізді таж (Қарнайын) кигендер аңызы осында қайта жаңғырған. Ол талас онан бұрын да, Немруд, Ферғауын замандарында болған. Оларға қарсы Ибраһим, Мұса пайғамбарлар шыққан. Сол талас ақырзаман пайғамбары зама-нына жеткен. Оның қалдығы қазіргі заманда да бар. Солардан мысал келтірмекпіз.

 

Ибраһим еліне Бабылға екі періште келіп, адамдарға ғалами ғажайыптардан мағлұмат таратқаны айтылды. Енді сол періштелердің аттарын сандық есеп түрінде жазып қаралық:

 

һарут=612= توراه         ,

 

Марут=647= تورام        ,

 

1259 1000+259.

 

Кейінгі Ибраһим саны (259). Ақырғы маңдай луғат = غ = = غ =1000 мың санын аспандық деп қарағанда қалғаны Жер-дегі пайғамбар санына дәл келуі, әлбетте тегін емес деп біле-міз. Ибраһим ханифа саны болады: 259+149=408. Бұл санның айтылған сүрелермен және Өгізхан санымен қабысуы тамаша:

. Ханифа саны мен шырақ (шоқ)

 

санынан шығады пайғамбардың һижра саны, исламның жаңа жыл басы және адам саны:

 

101 – Ал-Лайли – түн (92-сүре). Мұнда 351 – Ал-Саратан

 

– (Шаян-Қоян) Ай-мүшел жыл саны екені айтылды (6, 17-су-реттер). Ол Айдың үйі, пайғамбар даңғылы (һижрада басып өткен). Ол сонымен қатар ғалам кіндігі - Өмір кіндігі темір – ха-дид санының, Қағба санының, Жертек санының, яғни текшені– жиырма алтының жиын саны: .

 

Оған көсем – лам (Ал) санын қосамыз болады әулие саны

 

– Ал-Құран саны: 351+31 382; 618+382=1000. Ойлап қараңыз мұның бәрі Тәңірімнің адамдарға білсін, көрсін деп беріп отырған мұғжизасы.

 

Қос мүйіз таж таласы жөнінде Арабша Ал-Қарнайын=441=

   

82

 

=نينرقلا . Осы санда сыр бар. Оны мынадай түрде жазамыз: (3х7)2=212=441. Сонымен қатар бұл сан Тұран тасының санына да дәл келеді. Ол тас Түркістанда Ахмад Иассауидың бет тасы. Оның арабша аты مشي (пашым), ғылымда яшма атында. Екінші аты сәулелі тас, Тұранның жеңіс тасы. Минералдық, химиялық түрі:

 

Са2(Мg1Fe)5[Si4O11]2[OH]2=20x2+

 

.

 

Осы санды Өгізхан санына қосамыз: 1020+441=1461=487х3. Екінші жағынан 480+487х2=480+974=1454. Осыдан жоғарыдағы есептер шықты. Осы тажы-тас санын Ибраһим санына қоссақ ғалами қайталау жеті сызық – қыр (Қ) дәрежеде болады: 259+441=700=7Қ=7х102. Оны мына түрде бір жазып қаралық: 53х6+382=318+382=700. 53 – Ахмад (Нужым сүре). Алты алаш аспан – ортада – жүректе Калам Аллаһ – Ал+Құран. Бұл екі сан-ды басқаша бір жазып қаралық: 441=259+91х2=259+182. 91-Ал-Шамси (Күн). Тұран тасы иашмның екі аты сәулелі – грекше актинолит деген. Оның есебі иашм=350 مشي. Оған Күн санын қоссақ – минералдық-кристалдық саны шығады: 350+91=441 (электрон саны).

 

Осы мүйіз тажға, жеңіс тасқа таластың тарихынан мы-сал келтіреміз. “Зулқарнайын” мүйіз тажды алдымен хақтың кітабында – Құранда бар. Сонан бастауымыз керек. “Негізінде Зұлқарнайынды Жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне әр істе қолайлық бердік”, деген (18-сүре, 84 аят). Дүние жүзін аралауға оған Тәңірім жолын ашқан, әділетті көп істер істеген.

 

Ерте замандарда басына мүйізді таж кию патшаларға көп елдерде ғұрпи-мирас болған. Құрандағы айтылған Зұлқарнайын сол мағынадағы ғадалатты – саяхатшы күшті патша, Тәңірінің әмірін дәл орындаушы Ғабдолла.

 

Тарихта екінші Зұлқарнайын аты шыққан адам Ескендір (Александр) Македонский, ертедегі грек патшасы. Ол осыдан 2300 жыл шамасы бұрын өмір сүрген адам. Оның әкесі Филлип патша өлген соң Александр көп жорықтар жасап, көп елдерді өзіне қаратып грек империясын құрған. Ертедегі дүние жүзілік

   

83

 

мәдени орталықтар соның қол астына кірген. Мысалы Мысыр (Египет), Шумер (Вавилония-Бабыл т.б.).

 

Оған дейін Пифагор, Сократ, Платон, Аристотель сияқты грек ғалымдары білім алып жүрген орталықтар енді Александрдан соң сол ғылыми ордаларға өздері қожа болды. Грек тілі ғылыми халықаралық тілге айналды. Александр Македонскийдің Ескен-дір Зұлқарнайын аталу себебі ол Мысырды бағындырғанда оны патша сайлау үшін әулие Амон-Раның зиратына барып, бата істеп, оның киген мүйізді тажын киюге тура келген. Мысырдың Амон-Ра дегені Күн күзетіндегі әулие мағынасында болса ке-рек. Грек-рим елдері оны Аммон атап, өздерінің елдері тұтқан жұлдызы Зевс – Юпитер-Мұштари-Шоңай мағынасында қабылдаған. Басқаша айтқанда жеті хат Көктің орталығы төртінші Күн болса, грек-римдер – алтыншы хат жұлдызын бі-рінші орынға шығарған. Оның бас себебі гректердің сол кездегі “Олимп діні” атты ғұрпымен байланысты болған.

 

Ол діннің қысқаша мағынасы гректердің жеріндегі биік тауда Олимпты ол Тәңірі мекені деп таныған. Оның басында Құдайларының басшысын Зевс-Юпитер деп таныған. Ол алтын-шы Көктің жұлдызы Шоңай-Мұштари деген едік. Басқа көктер, жұлдыздар соның шылауында болып саналған. Ол ғана емес, өздерінен шыққан басшыларын да, батырларын да сол Олимп-пен байланыстырған. Ескендір (Александр) Македонскийге де сол Олимптер тілектес деп санаған. Гомердің “Илиада мен Одиссея” атты дастаны белгілі.

 

Осымен байланысты “Европанның ұрлануы” деген аңызды еске алайық.

 

Ертедегі аңыз бойынша Еуропа Финикия патшасы Агенордың қызы болса керек. Айтылған Олимп қожасы Зевс әдемі тұрмандалған өгіз бейнесінде қыздың Еуропаның бақшасында жүретін жолына жата қалады. Қыз оған қызығып, арқасына мі-неді. Сол кезде Зевс алып қашып кетеді. Оның артынан іздеп шыққан ағасы Қадм. Ол әулиенің кеңесі бойынша сиырдың соңына ереді. Сол сиыр тоқтаған жерге Фив атты қала-қорған салады... Гректерді Финикия мәдениетімен таныстырады, алфа-вит үйретеді...

 

Сол әдет, сол жалған діндік ғұрып, дінсіздік хақ пайғамбарлар

   

84

 

заманында болғаны, олармен таласқаны діни кітаптарда, тарих-та бар. Мысалы Мұса пайғамбар істерін алайық. Оның Тәңірі тарапынан берілген ашық мұғжизаларына тоқтамай асылғандар болған. Алтыннан бұзау жасап, соған шоқынатындар болған. Ол оқиға Тауратта, Инжілда, Құранда айтылған, жазылған.

 

Тауратта Мұса пайғамбардың Мысыр патшасы Перғауын (Фараон) екінші Рамзес кезінде дүниеге келгені айтылған. Құранда перғауын аты аталмаған, бірақ соны дәл білдіретін айқын ескерткіш айтылған. Мұсаны қуғанда Нілдің суына кеткен перғауын туралы Құранда мынадай аят бар: “Сенен

кейінгіге үлгі болу үшін денеңді құтқарамыз” (10-сүре, 92аят). Сол перғауының денесін зерттеген француз ғалымы Морис Букел: “Құран және қазіргі ғылым” деген кітап жазған 1976 жылдары. Сол жақында орысшаға аударылды (“Қазан”, “Иман”,

 

1993).

Мористың бұл еңбекті жазуына бас себеп болған айтылған перғауын денесінің өзгеше сақталуы болған. Ол перғауынның аты Меркентах екен. Ол айтылған екінші Рамзестің таққа отырған мұрагері екен. Демек Мұсаны қуған, суға кетіп, қайта қалқып шыққан, сақталған осы екен. Морисқа араб ғалымдары осыны білдіргенде, ол қайран қалып, Құранды оқып, көп шындыққа көзі жеткен. Бұл зор мәселеге кейін ораламыз.

 

Екінші бір айтайын дегеніміз Олимп ғұрпының сақталуы жайында. Күні бүгінге дейін Құранда айтылған Ғабдолла Зұлқарнайын мен Ескендір (Александр) Зұлқарнайынды (Маке-донский) шатастыратындық бар. Оның өзі хақ дінмен жалған дінді шатастыруға жол ашады.

 

Гректердің Олимп дінінен Еуропа елдері әлдақашан қол үзген деуге болады. Алайда, “ауру қалса да, әдет қалмас” деген-дей оның мирастары көрініс беріп қалады. Мысалы халықаралық “Олимпиада” ойындарын алайық. Ол ойынды атеистер өзінің рухани ғұрпынша қарсы алды деуге болады. Мысал келтірейік. “Сексенінші Олимпиада” бұрынғы СССР-де өтетін болып 1978 жылы қаулы алынды. Ол ойынның “Әулие оты” шырағын жағуда бұрын қазіргі техника қолданып келген болса, біздер олай ет-пей, оның нағыз өзінің көзінен қолмен алып, адамдардың ше-руімен Мәскеуге жеткізу керек деген шешім қабылдады. Оның аты Олимп тауынан Мәскеуге жеткізу үшін бес мың километр

   

85

 

жерден отпен өту керек. Ол Греция, Болгария, Румыния, СССР

жерлерін басып өту керек. Ол шеруге 22 жүйрік шеберлер болу керек (ол тегі алфавит әрпінің ескі саны болар). Сол секілді то-лып жатқан ғұрыптары бар. Ол шырақты қалай, кім жасау ке-рек? Оған бәйгі жариялау керек...

 

Толып жатыр. Ол ғана емес... сол отқа бас иіп, сажда етіп табынғанын да көрдік.

 

Қысқасынан айтқанда Еуропаны ұрлаған жалғаншы қарақшы қолдап жасалған ғұрыптан біздер аулақ болуымыз керек. Тұранның Өгізханы Құрандағы Ғабдолла Зұлқарнайынға жақын. Солай бола тұрса да біз оған табынбаймыз. Тілекті Аллаһтан ті-лейміз. Абайдың: “Осы жұрт Ескендірді біле ме екен”, деп сұрақ қойып отырғаны сол жалған жолдан сақтандыру мағынасында.

 

Енді, қорытынды, шындық қуанышқа арнап: “сүйінші” де-ген тақырыпқа келеміз.

 
0
0
1382

Еще по теме

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӨГІЗХАННЫҢ АСПАН ЖОЛЫ - Yvision.kz