Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ҒАЙЫН АЛ-ХАЯТ — ӨМІР КӨЗІ

ҒАЙЫН АЛ-ХАЯТ - ӨМІР КӨЗІ

 

Ерте замандардан келе жатқан халықаралық бір аңыз өмірдің мәңгілік көзін іздеу. Ол өзі тегінде солтүстік Жер кіндігі, магнит кіндігі болса керек. Өйткені дүние жүзінде, қай Жерде болса да магнит тілі Жердің магнит кіндігіне қарай бұрылады. Ол кін-дік Жердің айналыс кіндігіне жақын. Магниттік айқын қасиет темірде және оның тотықтарында – минералдық тастарында. Мысалы темірдің ең ірі белгілі тотықтары: FeO, Fe2O3, Fe3O4. Солардың кейінгісі өте күшті магнит, оның аты да магнит. Олардың сандық мәндері: 26+8=34; 26х2+8х3=52+24=76, 26х3+8х4=78+32=110.

 

Осы тотықтар, темірдің кен тастары, арабша - мағадандары Жер бетінде көп кездеседі, жеке түрінде де, тастар құрамында да. Олар көктен түскен тастар – метеорит түрінде де кездеседі. Ол метеорит тастар арасында темірдің тотықсыз таза түрі кездеседі. Осылар адам баласына ертеден кездескен, темір жабдық жасауға қолданылған. Онан найза, пышақ, балта, ине, біз, шеге, қанжар жасауға үйренген. Сонан магнит тіліп жасап, тебен жасап, яғни Күн бағыс – компас жасап үйренген. Со-нымен қатар ол көктен түскен метеориттер аспанның қасиетті жұлдыздың заты, жайдың оғы болып саналған. Метеориттер құрметтелген ырымды тастар болып саналған.

   

98

 

Тұран халықтарының ертеден мекені болған Сібірде, Шығыста, Орталық Азияда – Қазақстанда темір кендері көп болған, мағаданға бай болған. Сол себептен олар темірді көп елдерден бұрын білген. Оның айғағы Темір Қазық деп Жер кін-дігіне тура тұрған жұлдызды атауы оның дәлелі тебен мен маг-нит тілмен – компас пайдалануы (“Қырық өтірік” аңызында). Оның дәлелі кенді аймақты мағадан атауы.

 

Сонымен Тұран халқының төбесінде Темір Қазық, қолында тебен, мекенінде – қонысында Мағадан мол болған. Қазіргі Мағадан облысы сонан қалған атқа байланысты деп білеміз. Ал өмір көзін – ғайын ал-хайатты іздеу мәселесіне келейік. Ерте замандағы теңізші адамдар, кемешілер, қайықшылар алдымен жұлдыз бойынша бағытын айыратыны белгілі. Демек Темір Қазықты айыру, компаспен пайдалану олардың басты мінде-ті. Тарихта белгілі теңізшілерге келсек, оларды Ыдрыстан ба�-стау керек. Барлық өмір тынысы Ніл дариясымен байланысты Мысыр елінен шыққан данышпан ғалым, әрине, теңіз өнерін жақсы білген. Сол арқылы елін жаудан қорғаған. Онан кейін екінші орынға Нұхты қою керек. Ол адам баласының ұрпағын топан тасқынында кемеде сақтап қалған. Ол кеме біздің Қазығұртта қалса керек. Онан кейінгі белгілі саяхатшыны – ке-мешіні Ғабдолла Зұлқарнайынды еске алу керек. Онан кейінгі аты аңызға айналған теңізшілер арасынан арабтың “Мың бір түнде” айтылатын Сандыбатты атауға болады. Расында араб елі ірі теңізші халық болған. Олардың ертедегі картасында бүкіл Азия, Африка, Европа елдері көрсетілген. Ол ғана емес Тынық мұхит аралдары, Америка құрлығына дейін бар. Онан бергі, тарихта белгілі оқиғаны алайық. Осыдан 1200 жыл ша-масы бұрын пайғамбар әулиеті Кореяға қоныстанған. Шам шаһарында Ұмия әулеті халифалық құрған кезде (V-ғасырда) олар Ашым әулиетіне қысымдық жасаған. Мысал үшін Кер-бала шөлінде Хусайынды өлтірген. Сол кезде және сонан ке йінгі кезде ол әулеттен шыққандардың кейбіреулері, өздерінің достарымен теңіздегі кемемен қашқан. Олар Араб, Үндістан теңіздерін көктей өтіп Сейлонды айналып, Бенғалы шығанағын жағалап, Малаққа түбегін айналып, Сары теңізді жағалап Ко-

   

99

 

рея жеріне қоныстанған. Ол арада бір сыпыра адамдар ислам дінін қабылдап, өз алдына қоғам құрған, мәдениет таратқан. Еске сала кетелік сол жолды кейін атақты саяхатшы Ибн Батту-та қайталаған (14-ғасырда). Еске ала кетелік Исламның жыл са-наты һижраның 1400 жылдық мерекесі кезінде сонда, Оңтүстік Кореяда дүниежүзілік мешіт салынып, үлкен салтанат болды. Пайғамбар аулатына ескерткіш – құрмет көрсетілді. Ол кезде (1979 ж.) біздерде атейізм үстемдігі болатын. Біздердің арналған сәлемдеме форфор табиғымыз жетпей де қалды.

 

Араб елінің теңізшілік тамаша өнерін “Теңіз дастаны” түрде, “Теңізшілдік пайдасы” атты еңбегінде Ахмад Ибн Мажид жазып қалдырған. Сол еңбек кейінде дүние жүзілік теңіз өнеріне үлгі болды. Португалияның атақты саяхатшысы теңізші Васко да Гаманы Үндістанға бастап алып барған кемеші Лоцман осы Ах-мад болған (ХV-ғасырдың екінші жартысы). Сол кезде Америка құрлығын ашқан Испания саяхатшысы Христофор Колумбтың қолданған картасы арабтардан алынған. Испания мен Порту-галия саяхатшыларының Европада басқалардан бұрын жолға шығуына бас себеп болған араб теңізшілерінің тікелей әсері, өйткені сол жерде, яғни Пиреней түбегінде, Кордовада (Ис-пания) арабтың екінші халифаты (Умиятық нәсіл) болған. Әл-Фараби заманында (ІХ-Х) араб халифаты екеу болған (Бағдад-Кордова).

 

Ендігі айтайын дегеніміз Мағадан мәдениеті жөнінде. Орал тауының солтүстік сілемінен Чукоткаға дейін Азияның

 

Мұз теңіз жағалауында ежелден қанат жайған халықтың негіз-гі көпшілігі Тұрандықтар деуге болады. Бұл кең өлкенің негізгі байлығы орманы – ағашы – Тайға, аңдар. Таулы жерінде және өзендер дересінде алтын кендер, түсті метал кендер, темір кен-дер, асыл тастар кені....

 

Белгілі қоныс, Жер, су аттарын еске алайық. Ямал түбегі, Об – Енисей өзендегі Байкал, Таймыр өлкесі, Лена өзені, Жа-кут (Якут) өлкесі, Қалым-Мағадан өлкесі Камчатка, Анадыр-Чукотка. Осылардың бәрі өмір көзін іздегендердің – ғайын ал-саяхатшылардың, соның ішінде Қызырдың жолдары, бекет-тері болған. Дүние жүзіне белгілі асыл тастар, металдар, мине-

   

100

 

ралдар жалпы атпен Мағадан аталған. Осы сөздің өзі, осы атау біздің ойымызша халықаралық ортақ атау. Арабтар оны кен мағынасында да атайды. Оның өзі бір жағынан келіп алхимия өнеріне жалғасады.

 

Алхимия өнерін білетін адамды да мағаданшы атайды. Өйткені оның да алтын табу ісі мағаданға байланысты. Айтылған өзендердің дересіндегі құм қабаттарында шөккен алтын кендері бар. Алтынды Құмды сынап үстінен домалатса, алтыны сынап-та қалып қояды да, құмы түсіп қала береді. Малғама (амальга-ма) әдісі осы. Бұл әдіс алхимиктердің басты жұмысы. Арабша алхимия екі түрде жазылады – айтылады: бірі ал-симия - السيميا екіншісі ал-химия -ايميضلا . Біріншісі сиқыршы мағынасында, екіншісі ғылым мағынасында. Екеуінің арасын айырып тұрған екеуін салыстырайық:

 

с=60= س =0 х=600= خ =0 660÷540

 

Мұнда шеңбер саны, ай саны екі мағынада. Қазақша: Ай=1+10=11 онан шығады: 60х11=660. Құрандағы Ал-Қамар (Ай) сүресі 54. Оның өзі жұлдыздық – бес бұрыш саны: 108х5= =540. Бір тамашасы сол екі әріптің екеуі де еселес… кәмалат (он есе) мағынасында. Кіші абжд есебі бойынша екеуі де нөл. Яғни арабша сиқыр орын белгі. Арабша нөл сифр=رفح . Сан-ды арабша ددع= ғадад атайды, немесе рақым (Арқам) مقز )ماقرأ(). Немесе ғад=есеп; ағадас есепші – құмалақшы мағынасына дейін барады. Тегінде сол сөзден ғаданис – бал ашу мағынасы шығатын болу керек.

 

Тұранның абақ есебінің мазмұны мен арабтың нөл мағынасын салыстырайық. Нөл сан емес, санаттық белгі орын. Мысалы санның басы бар=А, бірақ орынсыз ол сан емес. Ақырғы орында й=10 он. Екеуі қосылғанда Ай. Яғни «й» (10) сан емес, тек орын (үй=й), оған бірлік келіп қонғанда болды Ай. Есепшот негізі – Абақ негізі осы, АБЖД есебі де осы. 1-10, 2-100, 3-1000.

 

Үш арыс: 1) Т – 10

 

2)   Қ – 100

 

3)   Ж – 1000

   

101

 

Темір Қазық ортасында Шұғла орыны قرحم 10о=1. (Күн д=4 – Көк). Оның мағынасы жеті хат көктің тоқтаған жері. Дәл орталық орында қозғалыс – айналыс жоқ. Өмір көзі мәңгілік орын сол, сабырдың орыны сол. Сол сөзден бәлки сабыр-сібір-север болып шыққан болар.

 

Мағадан мен Кенгір мағыналас. Шумерлер – сумерлер өздерін Кенгір атайды екен дейді. Айналып келгенде Араб мәдениеті мен Сібір мәдениеті арасында ертеден келе жатқан байланыс болған. Осыған тағы бір тарихи мысал келтіреміз. Осы-дан мың жыл шамасы бұрын өмір сүрген атақты сұлтан Махмұд Газнауи сарайына бір кезде бір топ жолаушы саудагерлер келеді. Олардың әртүрлі аң терілері болады: бұлғын, құндыз, жанат, ба-рыс, аю терілері. Сонымен қатар олардың алып келген әртүрлі асыл тастары болады. Ол тастарды тексеріп, зерттеп, бағалап қабылдауға атақты ғалым Абу Райхан Беруни қатысады. Оның ішінде зумруд, иакут, алмаз, лағыл, ақық, інжу-меруерт, маржан сияқты тастар болады.

 

Сөз аралап отырғанда оларды ислам дініне үгіттеу болса ке-рек. Бес уақыт намаздың оқылу уақыты Күннің батуына, таңның атуына байланысты екенін естігенде олар өздерінің мекенінде айлар бойы Күннің батпайтын және таңның атпайтын айлары болатынын айтады. Сонда бұл мәселені Махмұд сұлтан Беру-ниден сұрайды. Ол қолына Жер добын – глобусты алып оты-рып, оның айналыс білігі Күннің айналыс жолының жазығына тік емес, сәл қыңыр орналасқанын айтады, көрсетеді. Оның тік бұрыштан ауытқыған еңкектігі 23о27’ болады. Жер білігінің осы еңкектегі күнге қараған кезде шілде болады, солтүстік шеңберінде Күн бір жарым екі айдай батпайды. Керісінше, Жер білігінің еңкектік бағыты Күнге қарсы жағында болса, бізде қыс ортасы Қаңтар, Күн қысқа. Солтүстік шеңберде ол бір жа-рым – екі айдай шықпайды, түн ымырт – іңір қараңғы болады да тұрады. Бұл екеуінің ортасында Жер білігінің қыңырлығы Күнге қырынан қарайды. Ол кезде көктем нұр күзгі тоғыс – жыл басы – наурыз – сабантой болады. Осыған қарағанда айтылған қатынас ежелден үзілмей келген. Онан бергі жерден тағы мағлұмат Шыңғыс ханның ордасына Монғолияға сапармен кел-

   

102

 

ген саяхатшы елші Марко Полодан қалған бір мағлұмат кейінгі кезде табылған. Онда алмаз кенін қазушылармен кездескені ай-тылады. Олардың киімдері, құралдары сипатталады. Осыған қарағанда Сібірде алмаз кені ертеден белгілі болған. Якут – ал-маз кендерін олар білген деп ойлау керек. Осы аймақтан тас мәдениетінің өте ерте замандағы бір белгісі кейінгі кезде табы-лып отыр. Ол Лена өзені бойында “Дарың Иарих” деген жер. Якут тілінің тұрандық тіл екені белгілі. Оны біз “Терең Жарлы” деп білеміз. Ондағы тас мәдениетінің, адамдардың қолданған тас қаруларының қалдықтары табылған. От ошақтары, басқа заттары табылған. Оны зерттеуші Б.А.Фроловтың пікірі бо-йынша ол тас дәуірінің алғашқы кезіне жатады. Оған 35-40 мың жыл шамасы бұрын болған дейді. Демек ол дүние жүзіндегі ең көне мәдени ескерткіштің бірі болып табылады.

 

Қорыта келе айтарымыз Сібірдің кен қазынасы араб елде-ріне белгілі болған. Көптеген ауыс-түйіс болған. Сол байланыс негізінде алхимия өріс алған. Осы арада қосымша бір айта кет-пегіміз Абайдың “Әзім әңгімесі”. Онда талапты адам мұсылман жастарын жалғаншы алхимик алдап қолға түсіреді, көп әуре ете-ді. Осы секілді арам ниетті қулар қазіргі күнде де бар. Олардың алдауынан сақтану керек. Ол үшін біздің қолымызда Құран бар. Соның жолында болсақ, инша Аллаһ, ешқандай жалған жолға қадам баспайтын боламыз...

 

Ертедегі таңбалы тастарда мағлұматтар көп. Бірақ олар көп Жерлерде жөнді зерттелмей жатыр. Сондай тастар жөнінде Құранда бар. Оларға қатты көңіл аудару керек. Мағадан деген сөздің мағынасы Құранның ишаратында бар деп білеміз. Онда екі әріп “хм” (مح) деген буын қатарынан жеті рет жеке әріп белгі (мұқаттағат) түрінде берілген (40-46 сүрелерде). Бұл, әрине, тегін емес. Оның сандық мәні: 8+40=48. Жеті еселегенде бола�-ды 48х7=336=12х28=12х7х4. Мұнда он екі мүшел, жеті хат көк, жеті мағадан – бас бата – Жердің саны. Екінші жағынан бұл сан Ыдрыс пайғамбардың жұлдыз есімінің бірінің саны: Ал-һармс = 336 = سمرهلا. Осы секілді тағы бір екі әріптік сөзді қарайық. Ол عمмғ, немесе مع ғм. Оның орындарын ауыстырып қойғандағы мағыналары мғ бірге (мен), ғм=Жалпы – тұтас деген, ұқсас.

   

103

 

Сандық мәні 110. Бұл жоғарыда айтылған магнит тас (темір тотық) минерал санына дәл келеді Fe3O4=26x3+8x4=78+32=110.

 

Жеті хат көктердің және басқа ғаламдардың өзара тар-тылыс әсері осы магниттік күш деп жазады араб ғалымдары, теңізшілері (мысалы Ахмад Ибн Мажидтың еңбегін қараңыз). Басқаша айтқанда мғ-ғм деген сөздердің мағыналас, біртұтас, бірге-магнитше тартылыста дегені тас арқылы сипатталған.

Өмір көзі – ғайын ал-хаят осыған соғады.

 

Бір тамашасы сол айтылған екі сөздің арасы тағы да бір асыл тас арқылы байланысады. Ол мынау: 336=110+266.

 

Кейінгі сан атақты зумруд (изумруд) тасының минералдық электрон саны: Be3Al3[Si6O18], немесе тотықтар түрінде:

 

3ВеО+Al2O3+6SiO2=12x3+36+50+180=266.

 

Бұл тағы сол Ыдрыстың бет тасы,Таң Шолпан тасы. Со-нымен қатар ол Мұсаның Таурат кітабын жазған тасы. Ол Хызырдың тасы. Ол ғайын-ал-хаяттан шыққан тас. Ол жанат-тан Адамның алып шыққан тасы. Ол Қағбаның қара тасы. Бір жаннаттың аты ғадын- ندغ(9-сүре, 72 аят). Енді осы екі сөздің басын қосамыз: мғ-ғм және ғадин (мағ+ат=магнит=жаннат). Мағадан сөзі өзінен өзі көрініп тұр.

 

Мағадан мәңгілік өмір жолы деген мағынаға соғады… Айтылатын өлкенің таңбалы тас мәдениеті зерттелген жоқ деуге болады. Өте аз зерттелген. Батыс елдерінде бұл мәселе едәуір жолға қойылған. Мысалы осыдан көп жылдар бұрын шыққан немісше бір еңбектің аты: «Арабша лапидария», яғни арабша таңбалы тастар. Онда бірнеше жүз таңбалы тастар көрсетілген. Біздерге сондай қарастыру қажет. Біздің бұл мәселені келтіріп отырған себебіміз, оқушының назарын аудару. Мұнда талай ғажайып жұмбақтар жатыр. Бірер мысал келтіреміз. Тәңірінің ардақты есімдері арқылы шығарылған Абай санын алып қарайық

 

(«Әл-Фараби және Абай»): 132+200+206+140=678. (Жүрек+ақыл+қайрат+ғылым). Айтылған зумруд тастың санын үш еселесек Абай саны шығады: 266х3=678. Мұны қалай ұғамыз?

 

Осы сынды, осыған байланысты Түркістандағы Ахмад Иассауидың бет тасын яшманы – сәулелі тасты алайық оның

 

104

 

саны 441. Қағбаның қара тасының сандық мәні 313 (Ал-Хажир асуд). Осы екеуін қосып мынадай өрнек жазамыз: 313+441= =754=266х2+222. Қасиетті үш тас бас қосқанда олардың арқауы ислам жолы – ғадалаттық – инсаф-222 انصاف. Ойлап қараңыз?

 

Ойлап қараңыз мағадан ғажабын! Жеті мағадан бас бата екені есте болсын. Оның екінші түрі: 266х3+54х2=678+108= =786. 54х2=108; 54 – Ал-Қамар (Ай) сүресі – Қосай ай 54х2=108– хақ саны.

 

Қос Қар – Қос Қол=Қошқар=Ал Қарнайын Қос мүйіз саны. Тұран тасының санына тең: Ал-Қарнайын=441=31+410= نينرقلا .

 

Қарнайын 410=41х10.

 

Қырықтың бірі Хадыр. Талдай берсек таусылмас қазына “Қазақ тілі – қазына тіл”. Оған қосамыз магнит тас санын: 410+110=520=26х20=52х10.

26 – хадид темір, 26х2=52 хамды.

 

Өмір көзі – ғайын ал-хаят осы. Иманың осы: мәңгілік өмірдің мазмұны осында. Жер білігінің Күн жолы жазына қыңыр бұрышы мен пайғамбар даңғылы арасындағы және оны-мен Қибла бағыты Қағба бұрышының байланысын еске алайық. Ол қыңыр бұрыш 23о27’. Солтүстікте күннің батпайтын, таңның атпайтын аймақтар шеңбері осыған байланысты: ендігі: 90о-23о27’=66о33’. Оңтүстік төбеде, кіндікте тағы солай. Осыларға сәйкес Жердің орталық белдеуінің – экватордың ай-наласында тағы солай ыстық-тропикалық белдеу белгіленген. Олардың ендігі екі жақта 23о27’х2=46о54’. Онан шығады: 109о-28’=(46о54’+26о34’)+36о.

 

109о28’ – Текше – Қағба бұрышы, 26о34’ Нұх бұрышы (0,5= =Sin26о34’). 36о – шеңбер бұрышы. Табиғи тамаша өрнек. Оның өте қызықты екінші жағы тағы бар. Он екі ай мен он екі жылдық мүшел есеп бойынша айтылған ыстық ендік. Солтүстік жақта Ал-Саратан (Шаян-Қоян) белдеу даңғылы аталады, оңтүстік жақта Жади (Серке-Тауық) белдеуі аталады. Саратан-Қоян Айдың орны екенін білеміз. Ай ислам жалауы. Пайғамбарымыз Мекеден Мединеге көшкенде сол даңғылды басып өткен. Оның өзі Ислам діні ыстық және қоңыр салқын екі алапта бірдей тарайды деген ишарат. Сол жол – һижра исламның жыл басы болып алынғаны белгілі.

   

105

 

24-Нұр сүресінде аспан сипатында жеті хат көкті Ку Каб بكوك атаған (35-аят). Осы сөздің сандық мәнінде үлкен сыр жа-� тыр: Ку=26 – текше саны, Қағба саны – темір саны – жер саны– ғалами сан. Каб=22, Қосай саны (11х2), дос саны (284+220-=504 ойда болсын). Айтылған пайғамбар даңғылында (Ал-Са-ратан жұлдызындағы) белгі саны – Абақ саны, арабша Миғлаф– Оттық, сандық мәні 220...

Екеуін қосамыз: . 48 – қайталама сан, Құранда жеті рет қайталанған белгі әріптер саны (عم = 8+40=48). (40-46-сүрелерді қараңыз). Демек 48 қайталама жеті хаттың (Ку Каб) белгісі екені айқын берілген. Жеті хат көктің мағаданы

 

(металдар саны) болады: 47+80+29+79+26+50+82=393. Осы екі санды қосамыз: 393+48=441. Ал-Қарнайын саны – Қосай– досай-Қошқар. Қошқар саны шығады. Оның өзі Тұран тасының сандық мәніне дәл келеді. Ол сәулелі тас- күн тасы: -Иашма - يشم. Минералдық түрі: Са2(Мg1Fe)5[Si4O11]2[OH]2.

 

.

 

Сандық мәні 441 – электрон саны. Қандай ғажайып сырлар? Осы үш саннан тік бұрыш үшкіл жасаймыз: 441=393+48;

.            Онан             шығады:

 

35о16’-19о16’=16о… Бал ара бұрышы – сүресі немесе: 19х60+16=1140+16=1156=342. Ойлап қараңыз. Ол ғалами санға соғады: . Жеті мағаданнан бас бата шығатыны айтылған: 393х2=786. Енді осы санды мына түрде жазалық та ойланалық: 707+79=786. Мұнда 707 -بهز - заһаб арабша алтын. 79 – химияша алтын. Екеуінен күннің алтын қаламы хамды айтады; ғаламның бәрі соған үндеседі.... Оған жеті (жүрек) саны қосылса протон саны шығады: (786+132)2= =1836 ғажайып ғалами мақам.

 

Әл-Фараби соны жазған.... Аллаға шүкір. 24/ІХ-1995.

   

106

 

Сол хамдыға Тұран үн қосады: 441+79=520. Оған Ыдрыс тасын қоссақ болады бас бата: 520+266=786. Оның арғы жағында зор мағына жатыр. Оның бірі мынау 54х34=1836 про-тон саны, ғалами тектер өзегі. Екінші жағынан: 542±342=N;

. Мұндағы ғажап мазмұн алдыңғы сан Ал-Қамардың (Айдың) сүрелік санаты 54 – шаршы түрде, ол пайғамбарға қайталаушы жеті мен Ұлы Құран берілген аят саны (15-сүре, 87 аят). Оның үстіне екінші қосылып отырған сан, сол жеті қайталаушы хатқа арналған мағаданнан шығып отыр. Демек олар бірін бірі тамаша қабыстыруда. Бір мысал: (54+34)2=542+342+2х54х34 немесе: х22+2m=(х+у)2, m=1896. 542=2916 – Екі дүние сауалы. Ойласуға иманды нығайтуға же-терлік мағлұмат деп біліңіз. Ай өрнегі: х=1±53; х1=54; х2=-54.

 

Аллаға шүкірлік. 24/ІХ –1995.

Әл-Машани.

 

Тағы бір ескерту: Үш саннан бір үшкіл жасаймыз: 786+678+666=2130; бұрыштары: 71о34’+54о56’+53о30’=180о. Мұнда: 53о30’х2=107о – Қыз Жібек бұрышы. 26о34’+45о=71о34’

54о56’+6о4’=61о.

 

Осы үш бұрыштың жиыны үшкілдің айнала сызығына өлшемдес: 107+61+45=213.

 

Ойлап қараңыз?!

 

Тексеріңіз: 786 – бас бата, 678 – Абай саны, 666=640+26 темірдің екі саны (қазақша+арабша).

 

Қыз (Жібек) – арабша – қазақша, сандарынан шығады жүрек(жетілік) САН: 107+25=132. Онан

(786+132)2=1836 (айтылды).

 

Үш саннан 51-сүренің жиын саны шығады: 707+640+107=1454 (7, 18 – суретті қараңыз). Ол ал-зариат сүресінің тамаша сыры. Ол шашқан ғалами ғажайып сандар: 1000+454. Оның бұрышы айтылды: 0,454=Sin27o=tg24o25’. Онан шығады: 27о=1620=54x-30=108x15. 24о25’=1065=213x5. Қосай, Жақ саны.

 

Тағыда темір үшкіл саны: 106+2=2130=786+678+660. Нұр шашудың ғажабы. Оны жеке талдау керек.

 

Аллаға шүкірлік.

Әл-Машани. 25/ІХ-1995.

   

* * *

 

Ай мен Күннің есім зат қатыстарынан шыққан өрнектер айтылған. Соған қосымша: 2(54+47)=108+94=202. Молшылық зам-зам Ақра =202 آقرا - алғашқы уахи сөзі Ай нұры 54 – ал-Қамар, Ай басы ғалам басы – ғылым басы. Қаламға үйретті Раббым (Қалам-170 -ملق ). Ол қадам Күн нұрының сәулесі 91+ +79=170. Екеуін қосамыз 202+170=372=62х6. Егіз-сегіз сандары, он бұрыш түрінде қоямыз: 0,372=Sin21о50'.

Онан әулие бұрышы арқылы шеңбер (алпыстық

мүшел) саны шығады:

38о10'+21о50'=60=60х60=3600.

Жұлдыз құрылысынан, осыған байланысты мынау

есепті келтіреміз: 2605х2=5210=3510+1700;

351+170+619=1140=190х6=19х60. Онан шығады:

6(190+116)= =6х306=1836. 1836 – протон саны.

 

Осында кірген сандарды ойлап қаралық: 2605 – жұлдыз құрылысын серт еткен екі аяттың сандық мәні (56-сүре, 75-76 аяттар). 3510 – Ал-Саратан - (Шаян – Қоян) жұлдыз саны (он есе). Ол пайғамбар даңғылы. 1700 – қалам (он есе). 619 – иман таразы саны. Олардан шыққан жұмбақ.

 

Кейінгі өрнекке көз жіберелік. Алты алаш белгілі. Жақша ішінде он тоғыз және 116 – үстінде деген сөздің сандық мәні (ғалайһа-116 -اهيلع ). Ол өзі Мыстың (Шолпан мағаданының төрт есесі: 29х4=116). Осылардан ғалами заттың өзегі құралған. Со-нымен 74-сүренің 30 аяты “Он тоғыз, олардың үстерінде” деген мағына адам баласы табиғат дүниесіне, Жерге өмір сүру үшін жіберілген деген мағынада деп білеміз. Оны былай жазуға болады: 190х6+348х2=19х60+29х24=1836. 190 – ғалами бес тек,

көзге көрінген сан:  текшелік жиырма алтыдан

 

(19-сурет). Алты Алаш, 348 – шұғла (Мухарақ-348-قرحم ). Адам ғалами жұлдыздық тура жолда бол, көзіңе бақ.

 

Көрінбегенді Тәңірі қалаған кезде өзі білдіреді деген ишарат. Осымен байланысты Мұсаның аса (ғаса) таяғын еске алайық. Оны тамаша мұғжиза етіп уахи мен Тәңірі жіберді. Оның сандық мәні жиырма алтының көрінбейтін санына тең:

- ғасы -اصع немесе ал+мыс=صملا (7-сүре),

   

108

 

(Жеті рет عم =48, оның сүре ортасы . Аса таяқ сыры осында. Ол 43 элемент іс жүзінде жоқ.

 

Мұса Аллаһтың дидарын көруге Жер бетінде мүмкін емес екенін білді, сезді, өйткені нұр шақпағынан тау – тас балқып кет-ті. Екінші мысал Мұса Хызырға жолдас болып ғылым үйренуге тырысты. Бірақ оның білген уахиларына Мұсаның түсінігі ілесе алмады. Үшінші мысал алхимия арқылы алтын қазына табудан да адам бақытты бола алмайтынына көзі жетті.

 

Адам баласын зор, мәңгі бақытқа жеткізетін жол ислам жолы екені мысалдан шығады. Оның мағынасы көзге көрінгенді де, көрінбегенді де бірдей білуші Аллаһ. Оның тура жолы Құран. Ол біздің пайғамбарымызға берілген. Оның жолы – Даңғылы Ал-Саратан. Оның сандық мәні жиырма алты (текше – Қағба) санына дәл келеді. Яғни оның көрінген және көрінбеген екі бөлімін қосып ұстаған, яғни шариғат мағрифатты бірге ұстаған ғылыми ислам жолы. Ол жоғарыда айтылды. Оның үстіне сол жиырма алты деген сөздің арабша сандық мәні парыздармен сандас екені де айтылды. Осылардан бір өрнек шығады:

 

{26}+(26)+161х3=1086+351+483=1427+483=1920=48х40.

 

Жеті рет қайталаған عم =48=хм 40-сүреден басталған, яғни пайғамбар санынан басталған. Ол жиырма алтының сандық екі тобынан және үш асадан құралған. Оны былайда жазуға болар еді: 1086+190+161х4=1920. Бұл арада төрт есе аса таяқ дегені оның басындағы төрт қырлы тасына ишарат болу керек.

 

Осының бәрінде адам баласының ақыл ой, сезім өрісінің, қабілетінің өлшеуіші берілген. Соны түсінбеген, өзінің шарасы-нан шыққан адам дінсіз болған, адасқан, кәпірлікке айналған. Соның жазасын тартқан. Осы мәселенің қазіргі ғылым саласындағы бір мысалына келейік.

 

Жоғарыда қаралып келген мысалдарда алты алаш, Ала-шахан деген түсініктер ортасында бір тірек, айнымас ал-тау, сонымен айналмалы ғаламның жетілік бастауы дедік. Табиғат ғылымның негізі осыған соғады. Осымен байланы-

   

109

 

сты пайғамбарымыздың бір хадисын тағы да еске алайық: “Әр нәрсенің бір өркеші (шоқтығы) бар. Құранның шоқтығы “Бақара сүре”, деген (Халифа Алтай аудармасынан). Ол кісі өркеш (си�-нам=مانس ) деген сөзді шоқтық деп алған. Себебі өркеш түйе көбінесе екеу болады. Тек жалғыз өркешті нар болмаса. Хади-ста арабша өркеш синам жалқылық, бірлік түрінде. Екі өркеш болса ол басқаша жазылмақ. Ал қазақ тілінде өркеш десек ол жалқылық түрді дәл көрсетпейді. Сол себептен оның орнына шоқтық деп беріп отыр. Осы өркеш (шоқтық) мағынасын алып қарағанда ол бүкіл ғаламның ғажайып құрылыстық өрнегін көрсетеді. Ғаламның заттары, мүшелері, бөлшектері – нәрселері өздерінің ғаламдағы орындарын, орталықты құрылыстарын сақтайды. Аспан құрылысының серті осында. Пайғамбар ха-дисы соны түсіндіреді. Айталық жеті хат көктің өркеші Күн...

 

Ай астындағы кеңістіктің өркеші Жердің орталық кіндігі. Аспан шырақтарының әр қайсысының айналасындағы тар-ту күш әсерінің өркеші сол шырақтың орталығы болмақ. Осы түсінік басқа жұлдыз әлеміне де жатады және жердегі кішкене бөлшектерге де жатады. Мысалы атомның өркеші оның өзегі протон.

Адамның табиғат тануындағы негізгі сүйенетін мәселесі осы құрылыстық түсінік болмақ. Мысалы бір затты өлшер болсақ оның орталық өркешінен бастауымыз керек. Өркешіне бір ноқат қойып сонан үш жағына үш бағытқа текшелік білік сызып, соларды өлшеу керек: а – ұзындығы, в – көлденеңі, с-биіктігі. Олардың астарындағы бұрыштары α, β, γ (15-суретті қараңыз). Басқа сөзбен айтқанда әрбір өлшенетін заттың өзінің құрылысына сәйкес өлшеуіш тор көз алу керек. Еуропа ғылымында оны координат атайды. (реттеуші мағынасында). Өлшеуіштің – реттеуіштің –арабша мағынасы ахдасиат – орнықтыру мағынасында. Бұл өзі хадиста айтылған әр нәрсенің өркеші бар деген қағидаға тура келеді. Өйткені өлшеуіш басы сол өркештен басталу керек. Олай болмаған күнде ғылыми табиғи шындық жолынан адасады. Сол адасушылық біздің за-манымызда көріне бастады. Сонымен байланысты ғылым қазір өзіне жаңадан жол іздеуде. Оның өзі ғылымның дүние жүзілік

   

110

 

ортақ ұғым болмақ. Оны алдымен Құраннан бастау керек. Біздің осы жазып отырғандарымыздың бәрі соған жатады. Соларға қорытынды ретінде бір көрнекі мысалға тоқтаймыз. Оның аты:

 

Жаңа дәуір немесе бесінші дәуір, хақтық дәуір (х). Біздің қасиетті қаламыз Отрар – ол өркештің бірі. Сонан бастаймыз.

 
0
0
969

Еще по теме

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ҒАЙЫН АЛ-ХАЯТ — ӨМІР КӨЗІ - Yvision.kz