КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ
ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ Абу Насыр әл-Фараби Хакім астрономия, музыка, архи-тектура секілді ғалами ғылым мен өнердің ғажайып кілтін та-уып, басын қосқан адам. Адам баласының ғылыми тарихын-да мұндай адамды табу қиын. Ғалами ғылымдардың басын қосқанда солардың әрқайсысын жоғары сатыға көтеріп, мол мұра қалдырған адам. Ол кісінің бұл саладағы кең ойларын да-мыту ғана емес, жәй түсінудің өзі оңай емес. Ол да болар, бірақ ол кісінің ғылыми мирастары көп уақытқа дейін кеңінен та-рамай келді. Бастысы бұл емес, өйткені оның терең ойларын, болашақ болжамдарын түсіну үшін ол кездегі ғылым дәрежесі жеткілікті болмаған. Осы жағынан алып қарағанда әл-Фараби ілімінің жаңа дәуірі қазір, біздің заманымызда басталады деуге болады. Мысал үшін жоғарыда айтылған музыкалық нота есебін Шолпан мақамына ноталық қатынас…