КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-Əл-Фараби космологиясы
Əл-Фараби космологиясы
КІРІСПЕ
Жиырмасыншы ғасырдың ең ірі ғылыми жетістігі: бірінші-ден, атом өзегін жарып қуат алу болса; екіншіден, аспан əлеміне (космосқа) ұшу, адам ұшыру, кеме ұшыру.
Жер шарының Америка материгінде, Азияда Байқоңыр кос-модромдарынан көкке атылған ракеталармен көптеген ұлттың, діннің өкілдері сапар шекті. Соның бірі – мұсылман баласы, қазақ Тоқтар еді.
Бұл тарихи оқиға бүкіл адам баласының ой санасын қатты бір сілкіндіріп, жаңа жоғары сатыға көтерген кезеңі. Қоғамның кейбір саяси топтары мұны өздерінің мақсатына қарай бейімде-уге тырысқаны да белгілі. Осы жөнінде бірнеше мысал келті-рейік. Бір ғалымның айтқаны бар: “Адам баласының ғылыми табысын өз пайдасына жарату жолын періштелер қарастырып жатқанда, шайтан оны ала салып адамды аздыруға қолданады”. Атомдық қару қолданып, жапон халқын апатқа ұшырату соның бір қасіретті түрі.
Екінші бір атеистік мақсатқа тікелей пайдаланған үлкен жəйт «Ю. Гагарин космоста болып келді. Онда ешқандай тəңірі жоқ екен» дегенін естігенде, менің аза бойым – қаза болды, зəрем ұшты. Осы мағынадағы сөзді Мұса пайғамбарға айтқан Перғауын (Фараон) сөзі еске түседі. Демек, біз қанша рухани мəдени көтерілсек те Мұса заманынан, Перғауын əсерінен ары-ла алмасақ керек.
Осы оқиға жөнінде ғылымның көзі жеткен шындыққа жүгінелік. Перғауын былай деген: “Маған күйген қыштан биік мұнара салыңдаршы. Мен соған шығып қарайын, бəлкім Мұсаның тəңіріне кездесермін. Бірақ оған мен сенбеймін. Ме-нен басқа сендерде тəңірі жоқ” деген. Сол Перғауын елін алып қашқан Мұсаны қуып жеткен кезде, Мұса Алланың əмірімен қолындағы аса таяғымен Ніл дариясын екі жарып өтіп шыққан, оны өкшелеп қуып келе жатқан Перғауын əскері Ніл суына кетіп жоқ болды. Осы жөнінде Құранда былай делінген: «Се-нен кейінгіге үлгі болу үшін денеңді құтқарамыз». Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз (10-сүре, 92-аят, Ха-лифа Алтай аудармасы). Қазіргі ғылымның зерттеулері бойын-ша, сол Фараон Екінші Рамзестің мұрагері Маркентаестың му-миясын ашып зерттеуден түйілген қорытынды. Библияда (Інжіл) Мұсаны қуған Перғауынды теңіз жұтты деген шындық. Бірақ тағы бір үйлеспейтін нəрсе Маркентаес денесі теңізде болғаны рас, бірақ ол ешқандай бұзылмай сақталған. Бұл мəселенің ше-шуін француз ғалымы – дəрігер-хирург Морис Букел Құраннан тапқан. Осыған байланысты ол “Құран жəне қазіргі ғылым” (“Коран и современная наука”, 1976–1980) атты кітап жазған. Оның еңбегінде Космология мəселелері де көп. (“Казань и Илган”, 1993).
Екінші жағынан, шындық іздеген ғалымдар Алланың жаратқан ғаламының сонша кең, соншама берік, соншама көрікті ғажайып мұғжиза екенін сезіп шыңға бас иеді.
Ислам ғалымдары бұл “Космонавтика ісін” күтпеген жаңалық деп білген жоқ. Өйткені Құранда: Көкке ұшу Тəңірінің қолдауымен ерекше қуатпен болмақ деген аят бар (55-сүре, 33-аят): “Əй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектері-мен өтуге шамаларың келсе өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар”.
Америка космонавтары Ай бетіне барып қайтқанда ис-лам ғалымдары пайғамбарымыздың бір хадисін таратты. Арабтардың исламнан бұрынғы ғұрпын сынап ол кісі былай де-ген: “Айға сендер табынбаңдар. Ол тəңірі емес. Ол да осы жер секілді таутас. Бір замандарда адам баласы оның бетінде қадам басып жүретін болады” – деп. Ол кездегі кəпірлер пайғамбарды жалғаншы деген еді. Олай емес, он төрт ғасыр шамасы бұрын айтылған шындықты біз қазір өз көзімізбен көрдік.
Аят хадисқа сүйенген ислам ғалымдары жан аямай ғылым жолына түсті. Адам баласының тарихында “Ғылымның алтын” дəуірі есігін кеңінен ашты. Бірнеше ғасыр бойы ислам ғылымы барлық ғаламның ғылыми кіндігі болды. Оның бəрін талдап жатпай тек белгілі бір мысалды еске салайықшы.
Біздің ғұлама бабамыз Əбу Насыр əл-Фараби заманында (ІХ-Х ғасыр) Азияда-Бағдадта ислам халифаты болды. Сонымен қатар Еуропада (Кордова-Испания) исламның екінші-еуропалық халифаты болды.
Біздің заманымыздағы барлық ғалымдар саласының негізі сол халифаттардан мирас болып келеді. Осының ішінде кос-монавтика саласына ғылыми техникалық мықты негіз салған біздің бабамыз əл-Фараби.
Отырар топырағында дүниеге келген ғұлама əл-Фарабиге мұрагер бола отырып, бүгінгі космонавтика байламдары негізі-мен оқырманды таныстыруды міндет көрдік.
Азия кіндігінде орналасқан Қазақстан жеріндегі Байқоңыр космонавтиканың тұңғыш бесігі болды. Осылар жөнінде тама-ша шындықтың бетін ашайық. Бұл мəселенің ғылыми, тарихи, діни жағынан, тəрбиелік мəнін уағыздай отырып, көпке белгісіз исламның космонавтикалық ілімінің терең негіздерімен аздаған мағлұматтар келтірейік.
