Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ

ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ

 

Абу Насыр әл-Фараби Хакім астрономия, музыка, архи-тектура секілді ғалами ғылым мен өнердің ғажайып кілтін та-уып, басын қосқан адам. Адам баласының ғылыми тарихын-да мұндай адамды табу қиын. Ғалами ғылымдардың басын қосқанда солардың әрқайсысын жоғары сатыға көтеріп, мол мұра қалдырған адам. Ол кісінің бұл саладағы кең ойларын да-мыту ғана емес, жәй түсінудің өзі оңай емес. Ол да болар, бірақ ол кісінің ғылыми мирастары көп уақытқа дейін кеңінен та-рамай келді. Бастысы бұл емес, өйткені оның терең ойларын, болашақ болжамдарын түсіну үшін ол кездегі ғылым дәрежесі жеткілікті болмаған. Осы жағынан алып қарағанда әл-Фараби ілімінің жаңа дәуірі қазір, біздің заманымызда басталады деуге болады.

 

Мысал үшін жоғарыда айтылған музыкалық нота есебін Шолпан мақамына ноталық қатынасты 5/4 деп алып, оны барлық (алхан мелодия) негізіне көтеру ойлап қарасаңыз тарихи-ғылыми –табиғи- рухани- діни жағынан тамаша өрнек. Осы мәселе айналасында әл-Фараби ілімін негізге алып, соған бұрынғы тарихи, діни және қазіргі ғылыми қағидалар тұрғысынан қарап көрмекпіз. Сол себепті оны «Әл-Фараби мақамы» атадық.

 

Алдымен музыкалық жеті нотаны жеті хат көк бейне-сінде қараймыз. Ол үшін жеті бұрышты Шеңбер жазамыз; оның ортасына Темір Қазық белгісін қоямыз (8-сурет). Сурет төбесінде 1-аспан Ай, сонан оңға қарай рет бойынша 2-Айқыз, 3-Шолпан, 4-Күн, 5-Арай, 6-Шоңай, 7-Санжар. Бұларға сәйкес апта ішіндегі Күн аттары, музыка ноталары, асыл тастар аты және абжд (АБЖД) есебі берілген. Мұнда, бәріне негіз болған әл-Фарабидың ноталық есептері, олардың арабша әріп белгі-лері. Кейінгі АБЖД есебі де соған байланысты. Ол белгілер, қатынастар, есептер- сандар жеті хаттың ішіне шеңберлер іші-не жазылған.

 

Апталық күн аттарын айыру айтылған жетілік шеңберлер

   

269

 

арасын қосқан кергіш сызықтар бойынша. Мысалы Айдың күні дүйсенбі, онан шыққан сызық 5-аспан Арайға жалғасады, оның Күн аты - сейсенбі, онан шыққан сызық 2-аспанға Айқызға жалғасады, оның күн аты сәрсенбі, т.б.

 

Жеті хат көкке арналған және 12 мүшел жұлдыздарға арналған метал аттары асыл тас аттары бар. Солардың ішінен біз ең қолданылатынын және біздің халқымызда көп тараған белгілерін алдық. Орын тар болғандықтан сол тастардың асты-на соған сәйкес металдардың химиялық сандық - санат мәнін қойдық. Тегінде бұл бағанды «мағадан» десе болады. Өйткені бұл арабша металдар мен минералдардың жалпы аты.

Айдың тасы-ақық, металы күміс, оның саны 47. Айқыздың тасы-Мысық көз (маржан), металы сынап, оның саны 80. Шолпанның тасы Зумруд металы мыс, саны 29. Күннің тасы Жауһар, металы алтын, саны 79, Арайдың тасы алмаз-металы темір, саны 26, Шоңайдың тасы- якут (жақұт), металы қалайы, саны 50, Санжардың тасы лағыл, металы қорғасын, саны 82.

 

8-суреттің екінші атын Ал-якут+Ал+маржан деуге болар еді. Бұлар Тұран қақпасының тастары (Алтыншы және екінші аспан). Бұл тастар Құранда айтылады: «ол жұбайлар якут маржан сияқты» (55-сүре, 58-аят).

 

كا نهن الياقوت و آالمرجانُ (۵۵٫۵۸)

 

Мұнда Тәңірінің жарылқаған адамдарының жанаттағы жұбайлары якут пен маржан тастарға салыстырған.

Бұл тастарды салыстыруда оның арғы жағында зор мән жатыр деп білеміз. Осы жөнінде ойласу үшін олардың АБЖД бойынша сандық мәндерін аламыз.

 

Ал-якут=31+517=548, Ал-Маржан: 31+294=325 Ал-якут өрнегі: 454+94=470+78=2(195+79) =137*4.

 

Ал-Маржан өрнегі: 65*5=25*13=325. Осыларға ортақ АБЖД есебінің саны: 195=13*15. Бұл 195. . . . 50-сүре, «Қ» сүресінің жиын саны: 50+100+45=195. Ол өзі 19-сүренің муқаттағаты

 

(Кһиғс =كهيعص).

 

Екі сан 13-15=195 береді:

       

270

 

әріп саны: 7*4=28.

 

Бұл сандардың Құрандағы сүрелері: 13- Нажағай, 15- Тас. Ойлап қарасаңыз бұл жердің жаралу тегі.

 

Айтылған өрнектегі сандар: 454-Мұхаммад расул Аллаһ. 94=47*2- Қос күміс, Ай саны, Зам-Зам, 470- күміс–Ай саны, пайғамбар саны камалат түрде. 78=26*3, арабша сан деген сөз (عدد=78). Ол АБЖД есебінде келген (8-суреттегі кестенің оң жағы). Ол болады: 13*6=78.

 

13-Күн саны (кестеде). Дүние алты күнде жаралған деген ишарат болу керек.

 

Күннің металы алтын (79). Оны «абжд» санына қосамыз, екі еселейміз, болады Ал-якут саны: 2(195+79) =548=137*4. Оның өзі ғылыми тұрақты жұмбақ санға жалғасады:

 

.

 

Енді кестедегі «абжд» есебіне келейік. Онда жеті хаттың әрқайсысына екі сан. Олар абжд есебінің әліппенің жартысы: 2*7=28/2. Олардың орналасу тәртібі: Арай-1, Шоңай-2, Сан-жар-3, Күн-4 (абжд). Яғни АБЖД бірінші төрт әріп – бірінші сөз. Күннен арғы аспаннан бастап, Күнге оралады.

 

Екінші «сөз» һуз (5+6+7) Айдан бастап Айқыз арқылы Шолпанға келді.

 

Үшінші «сөз» ХТИ (8+9+10) Шолпаннан жоғары көтеріліп, Күн арқылы Арайға барды.

 

Төртінші «сөз» КЛМН (20+30+40+50) Шоңайдан бастап Санжар, Ай арқылы Айқызға жетті. Сонымен жеті хат көк сан-

дары шықты:

 
         

Ай

=5+40=

45

     

Айқыз

=6+50=

56

     

Шолпан

=7+ 8=

15

     

Күн

=4+ 9=

13

26

78 1878

1 78 18

Арай

=1+10=

11

     

Шоңай

=2+20=

22

     

Санжар

=3+30=

33

     
 

271

 

28+167=195

 

немесе

 

1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55

 

20+30+40+50=140

 

Алғашқы үш «сөз» он әріп =55 кейінгі бір «сөз» төрт әріп=140 (Каламан ғылым сакине тірек).

 

Ғажайып  топтасу  сырын  байқаңыз,  Күн  айналысында

 

13*7=91.

 

Ал-Шамси (Күн сүресі).

 

Айды алатын болсақ. Ол 45 адам (ادم) саны. Оны айнал-дырып қойсақ болады: 54- Ал-Қамар (Ай) сүресі. Адам рухы әуелі, оның айнасы –Ай кейін. Олардан Мысыр Ыдрыс үшкілі (маслас) шығады:

     

немесе

 

32+42+52=50.

 

Бұл 50 екінші аспан Айқызда тұр. Ол Ғұтарад –һарміс Ыдрыс жұлдызы. Ол он қолдың бас бармағы. Оның негізгі бас нотасы әл-Фараби бойынша 9(у=6), Re 9/8. Ыдрыс санына әл-Фараби санын қосамыз, болады Жұлдыз орны сүре саны: 50-+6= =56. Осы арада ойда болатын бір нәрсе, бұл екі санның әрпі он (ун-ون). Ол арабша он жалғауы. Осы он-ун=оң бармақ–бәрі бір мағынада болу ықтимал. Айқыз бен Шоңай арасы жалғасады (сәрсенбі- бейсенбі). Шоңайда 22-Кб (كب). Оған Әл-Фараби санын жалғасақ болады Ку= كو =20+6=26. Онан шығады: Ку+Кб=26+22=48. Құрандағы аспан шырағы (24-сүре) және жеті қайталама حم (хм =48) муқаттағат 40-46-сүрелерде.

 

Демек осы бас қатынас, Тұран қақпа санаттары (2 және 6). Осы екеуінің металдарын қосалық:

 

80+50=130=13*10=26*5.

 

Бұл 13 (Күн саны) кәміл түрде және пешене бес тек бас те-мір (хадид 26). Күннің екі жағындағы серіктер саны: (3) Шол-

   

272

 

пан-15, (5) Арай-11,

       

Бұл арада келіп химиялық элементтер кестесіне соғамыз. Ол ғана емес ондаған қайталама Ай саны (1+10=11) қоса шығады (Арай 11, Шоңай22, Санжар 33). 5-суретпен салысты-рып қараңыз.

 

Айтылған 13 сан, орталық сан –Күн саны мағынасын түсіну үшін жоғарыда айтылған әл-Фараби санын қосамыз:

     

Бұл екеуі де тамаша сан: 19 бас бата саны. 7 қайталама саны. Бұл сандардың мағынасын толық түсіну үшін 4-сурет-ті қараңыз. Онда ортада өркеш саны (5), айнала 6 (алты) сан. Олардың сыртында 12 сан. Дойбының (шахматтың) тақтасы се-кілді ол кестедегі сандардың бағыттары алу-қосу болып кезек-тесіп келеді. Ара ұясының түбі мен аузы секілді. Олай болғанда ортада өркеш сан мен айналадағы он екі сан қосу болса, олардың арасындағы алты алу болмақ. Яғни қосулар 1+12=(+13), алулар

 

(-6). 4-сурет бойынша он үш сан (+): 5+3+19+16+12+10+13+ +15+14+9+11+18+17=162 онан шығады үш Ал-Қамар: 162= 54*3 Алу алты сан: 1+7+2+4+8+6=28=7*4 Құранда 91-Ал-

 

Шамси –Күн. Ол болады: 13*7=91. Жеті хат көктің тарту күш орталығы Күн деген түсінік осы өрнекте тұр ғой. Ол жеті хат төрт есе 7*4=28. Барлық әріп саны. Арабша төрт арбағ (اربع=91*3=273). Осы мағынада болса керек. Мұндағы үш пен төрт қатынасы Күн нотасына сәйкес келеді. (4/3-ط). Тұран қақпа саны- Кәміл Күн саны 130. Оған тағы 13 қосып екі еселесек болады өркеш аят саны

2(130+13)=286=26*11 (5-сурет).

 

Айтылған санға якут санын, яғни 6-Аспан Шоңай тас са-нын, болады Абай саны: 548+130=678

 

Тұран қақпасы маңдай тасы –ел данасы осы санды әл-Фара-би нотасы арқылы тауып қаралық:

 

360*5/3+13*6=600+78=678

 

немесе

   

273

 

6(60*5/3+13) =6(100+13) =113*6=678

 

360- шеңбер саны, 5/3- Алтыншы хат (Шоңай) нотасы. Күн шығыстан (13) темірқазық алты алаш (6) алаш: 13*6=78. 113-буниан - -بنيان берік қорған Тәңірім құрған.

 

Ескерте кетелік Шоңай нотасы–бас нота-Ибраһим нотасы. Абайдың шын есімі Ибраһим екені де есте болсын.

 

Тағы бір тамаша ғажап нәрсе айтылған Күн саны (13) Арыстанбапқа жалғасады. Арыстанбапша жұлдыз тобы Асад. Оның сандық мәні 65=(اسد). Ол өзі 13*5=65. Оған тағы бір 13 қосамыз:

;

 

78-сандық сан, хамды саны (52). Оған тағы бір 13 қоссақ болады Құрандағы сүре 91- Ал-Шамси (Күн) саны:

     

Осы өрнекте Күн (91) өзінің ұясы Асадта (65) отыр деуге болады. Ол өзі Темірқазыққа байлаулы:

       

Екеуінің арасындағы бұрышы болады:

     

Онан шығады:

 

44025/*2-23050/=88050/-23050/=650;

 

Мұнда Асад бұрыш түрінде шықты: 65*60=3900; 23050/= =101055/-7805/; Маржан қыр бұрышы яғни 2-аспан тасынан (3-8 сурет).

 

Бұрында айтылған бір мағлұматты тағы еске алайық. Ол жеті хат көк металдар жиынын екі еселесек болады бас бата саны:

 

2(47+80+29+79+26+50+82) =393*2=786.

   

274

 

Ғаламның ғажайып бас батасы... Ол өзі Абай санымен де өрнектеледі:

 

678+108=786             54*2=108 (қосай) хақ саны.

 

Бір жұмбақ өрнек жазамыз:

 

195:15/8=195:(5/3*9/8) =104=52*2

 

2 және 6 аспандар нотасынан 7 аспан (Санжар) нотасы шығады 5/3*9/8=15/8. Осы санға «Қаф» сүре санын бөлсек шығады хам-ды саны екі есе. Барлық АБЖД сан жиыны болады:

 

5995=195+(60+70+80+90)+(100+200+300+400)+(500+600+

 

+700)+(800+900+1000) =195+300+1000+1800+2700=5995.

 

Бастапқы төрт «сөз» санын, кестедегі санды яғни «Қаф» сүре санын (19-сүренің муқаттағат كهيعص санын) қоспағанда қалған төрт «сөз» саны болады: 5800=290*10 290-Мариам саны (19-сүре). 29-мыс саны. Ол Шолпан металы. Ол Қағба санына Айналық сан

.

 

Ол 7-суретте де көрсетілді.

 

Таң Шолпаны Күннің хабаршысы... Ол пайғамбар жұлдызы (сұққол), оның ұясы жетінші мүшел Мизан –таразы, хақ саны

 

(ميزان =108).

 

Ол мыс. . . Онан Ку (ақ) мыс-күміс (Ай металы), онан су мыс- сынап (Айқыз металы).

 

Жеті хат көк Ай айна (11) – сонан шыққан 77=7*11=81-4 Шұғла Нұр мухарақ محرق саны 348=29*12 сол мыстың мүшел есесі. . . Ол негіз басқы Нұр –Мұхаммад.

 

Оның мінген бұрағы найзағай (13-сүре ал-рағат). Осы сан 13 Күн саны екенін көрдік. Сол сүренің жиыны болады:

 

13+305+271+43=632=79*8;

 

13-الرعد الم ...[43]

   

275

 

79-алтын –Күн металы. .  сегіз есе.

 

Ойлап қараңыз. Күн нұрының ұшқыны найзағай деген иша-рат бар деп білеміз мұнда.

Расын Аллаһ біледі. Шүкірлік етем Раббыма...

 

Жеті хат көкті Күңірентер Әл-Фараби мақамы.

 

Тас жүректі тебірентер Алхамдысы – ал-ханы

 

(Әл-Машани).

 

Ал-хан мелодия آلحان .

 

13-сүре мен 15-сүре байланысты дедік. 13-15=195=65*3. Енді 15-сүреден аз мәлімет келтіреміз. 15+242+231+99=587. ۱۵ سورة الحجر...آلر...[٩٩]

 

Осы санға Күн-нажағай санын қосамыз:

       

Бұл санды 13-сүре санымен де салыстыруға болады. Мысалы:

     

Тұран саны (88) екі жеті (14=7*2), бес намаз саны (17-па-рыз, 15-сүндет).

 

15-сүреде аспан сырын ұрлап тыңдаушыларды найзағай «жарық ұшқыны қуды» деген аят бар (18 аят).

 

Онан әрі қарай адам денесін топырақтан–саздан тастан жаралғаны айтылады. Бірақ ол тас сені сақтамайды, саған ескерткіш сақтайды деген ишарат бар.

 

Құранды шындықпен жаратқан иесі; оны сақтайды. Онда ғалам сыры. Сол бойынша ақылды адамдар Аллаһының бірлігін біледі деген. Ол ғалам қайталаушы жеті. Оның сыры Құранда. «Әлбетте біз соған қайталанатын жеті (фатиха сүресін) және

 

ұлы Құранды бердік» (87) деген аятты осы мағынада ұғамыз. و لقد ًاتينك سبعا من آلمثانى و آلقران آلعظيم (۸٧)

 

Осы зор  муғжиза аяттың тас сүресінде  келуі тегін емес.

   

276

 

Оған толып жатқан дәлелдер келтіруге болады. Осы кейінгі 8-суретті талдап қарасаңыз, соның өзі біздер үшін толық дәлел болып табылады.

 

Жаратқан ғаламын да және оның сырын жиған Ұлы Құранды да Тәңірім пайғамбарымызға беріп отыр. Аллаһ өзінің алғашқы жаратқан нұрына, Нұрмұхамадқа сыйлап ғаламды жаратқан де-ген мағына шығады. Шәкәрім хажының бір ауыз өлеңі:

 

«Жаралған өз нұрынан Жауһари пак Ол үшін Жаратылмыш ғарши Афлақ» - деген.

 

Осыған үндес біздің тарапымыздан:

 

«Кеше гөр қата басқан жерлерімді. Ортаға салдым байтақ білімімді. Іздегенім Тәңірімнің разылығы. Сілет етпен ешкімге бұл терімді. Ойланар оқыған жан сөздерімді. Толғанған толықсығын кездерімді. Бар ниетім шындықтан басқа ой жоқ.

Шақырам хақ жолына өздеріңді» – демекпіз.

Әл-Машани, 29/12-1994.

 
0
0
1688

Еще по теме

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ МАҚАМЫ - Yvision.kz