КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ИСЛАМ КОСМОЛОГИЯСЫ
ИСЛАМ КОСМОЛОГИЯСЫ
Милаха Кауния – ﻣﺎﺭﺣﺔ ﻛﻮﻧﻴﺔ .
Ислам ғылымының ғаламның жаралу, даму мəселесін аят-тар мен хадистарға сүйеніп былай сипаттайды. Барлық мах-лухаттардан бұрын Тəңірім бір Гауһар – Нұр жаратқан (өз нұрынан бөлген). Ол Тəңірінің əмірімен от жəне су сипатты болып бөлінген. Осы екеуінің ғажайып əрекетімен бүкіл ғалам пайда болған, яғни жер планетасы пайда болған. Алғашқы көлемі қағба орны қатарлы ғана болған. Ол бара-бара ұлғайып, кеңейіп, бүгінгі сұлу да, құдіретті түріне келген. Жерді адам ба-ласына төсеніш еткен. Тауларды қазық етіп қағып бекіткен.
Оқырманға түсінікті болуы үшін біз араб алфавитін негізге аламыз, өйткені Құран Кəрім араб тілінде келген.
Араб алфавиті сандық мəнімен.
|
Рет |
Араб |
Жаңа |
Сан |
Рет |
Араб |
Жаңа |
Сан |
|
1 |
ﺍ |
А |
1 |
15 |
ﺽ |
д |
800 |
|
2 |
ﺏ |
Б |
2 |
16 |
ﻁ |
m |
9 |
|
3 |
ﺕ |
M |
400 |
17 |
ﻅ |
900 | |
|
4 |
ﺙ |
С |
500 |
18 |
ﻉ |
F |
70 |
|
5 |
ﺝ |
Ж |
3 |
19 |
ﻍ |
1000 | |
|
6 |
ﺡ |
х |
8 |
20 |
ﻑ |
Ф |
80 |
|
7 |
ﺥ |
х |
600 |
21 |
ﻕ |
Қ |
100 |
|
8 |
ﺩ |
д |
4 |
22 |
ﻙ |
К |
20 |
|
9 |
ﺫ |
з |
700 |
23 |
ﻝ |
Л |
30 |
|
10 |
ﺭ |
Р |
200 |
24 |
ﻡ |
М |
40 |
|
11 |
ﺯ |
З |
7 |
25 |
ﻥ |
Н |
50 |
|
12 |
ﺱ |
С |
60 |
26 |
ﻩ |
һ |
5 |
|
13 |
ﺵ |
Ш |
300 |
27 |
ﻭ |
У |
6 |
|
14 |
ﺹ |
С |
90 |
28 |
ﻱ |
Й |
10 |
Əріптерді сандары бойынша реттеп, сегіз сөз құраған:
АБЖД =1+2+3+4 = 10; ҺУЗ =5+6+7 = 18; ХТИ =8+9+10 = 27;
КЛМН =20+30+40+50 = 140; СҒФС =60+70+80+90 = 300; ҚРШТ =100+200+300+400 = 1000; СХД =500+600+700 = 1800; ДЗҒ = 800+900+1000 = 2700;
Алфавит кестесінде мағына көп, солардың ішінде бір еке-уін келтіреміз. Басқа кестеде бірінші “а”, ақырғысы “й” екеуін қатар оқысақ болады Ай, қоссақ болады 1+10 =11. Осыны біз Ай саны деп аламыз.
Кейінгі кестеде басқы төрт əріп 10 санын құрайды, сол бой-ынша ол кестені АБЖД есебі деп атайды. Ол кестеде кейінгі екі сөз (алты əріп) бəрі қосымша ноқатты əріптер. Олар кейіннен қосылғандар; тегінде ерте заманда барлық əріп 22 ғана болған, яғни қосай саны болған: 11×2 =22.
Кіші АБЖД есебі деген бір əдіс тағы бар. Ол бойынша сандардың шегі 10. Екі АБЖД арасындағы қатынас мынадай:
|
1 |
= 1 |
20 |
– 8 |
200 |
– 8 |
|
2 |
= 2 |
30 |
– 6 |
300 |
– 0 |
|
3 |
= 3 |
40 |
– 4 |
400 |
– 4 |
|
4 |
= 4 | ||||
|
5 |
= 5 |
50 |
– 1 |
500 |
– 8 |
|
6 |
= 6 |
60 |
– 0 |
600 |
– 0 |
|
7 |
= 7 |
70 |
– 10 |
700 |
– 4 |
|
8 |
= 8 |
80 |
– 8 |
800 |
– 8 |
|
9 |
= 9 |
90 |
– 6 |
900 |
– 0 |
|
10 |
= 10 |
100 |
– 9 |
1000 |
– 4 |
Осы айтылған түсініктер Аспан мен Жердің ортақ тілі бо-лып табылады. Осы ортақ тілді пайдаланып көп мəселеге қол созып, əртүрлі саладан жаңа пікірлер келтіруге болады.
Соның бірінде жаңылып, адасып, шатасып кетпес үшін арқа сүйейтін екі нəрсе бар. Оның бірі аят пен хадис, екіншісі қазіргі дəлді табиғат ғылымдары. Осы екеуінің айтқаны дəл бір жерден шықса, шындық сонда деп білеміз.
Айтылған екеуінің үстіне қосымша тағы бір нəрсе бар, ол көне замандардан қалған мəдени мұралар, таңбалы тастар. Осы үшеуінің айтқаны бір жерден шығатын болса, сонан айырылмаңыз.
Əбу-Насыр əл-Фараби өзінің Космологияға арналған еңбегінде: Пайғамбарымыздан оның сақабасы Ибн Ғабдолла Жаббар сұраған екен: “Тəңірінің ең алғашқы жаратқаны не бол-ды екен” – деп жазады. Оған пайғамбарымыз : “Ол пайғамбардың нұры, Иа Жаббар”, - деп жауап берді.
Сандылығы: 11+256+82+11+206=566.
Осыны біз бас хадис атадық. Бұл арада тоқтала кететін бір нəрсе Нұр – сəуленің, жарықтың таралу мəселесі. Тəңірінің жаратқан дүниесінде ешбір ақау, бос орын жоқ тамаша, күрделі, көрікті, берік құрылыс.
Ғаламды құраушы бес топ тектің арнаулы бейнелері бар. От бейнесі – төрт үшкіл жақ, жел бейнесі – сегіз үшкіл жақ, су бейнесі – жиырма үшкіл жақ, жер бейнесі – алты шаршы (текше), жұлдыз зат бейнесі – бес бұрышты он екі жақ. Мұны келтірудегі мақсат ғалами заттардың тұрақты һандис – Қияс геометриялық-симметриялық бейнесі бар деген сөз. Олардың берік құрылыс жасаудағы негізі осы өлшемдестігінде.
Бұл жөнінде Құранда ашық айтылған. Мысалы, 56-сүре: Ал-Уақиға жұлдызды аспан құрылысына арналған. Онда былай деген аяттар бар: “Жұлдызды аспан құрылысымен ант етемін. Білсеңдер бұл зор ант (серт)” (“75-76 аяттар”). (Оның сандық мəні 2605).
Одан кейін берік құрылысты, көрікті, айналмалы жеті хат көк туралы айтылған аяттар бар. Мысалы, 78-сүреде “Үстеріңе жеті хат берік көк құрдық” (12 аят) немесе 15-сүреде Пайғамбарымызға былай деген: “Саған айналмалы жеті жəне Ұлы Құран бердік” (87 аят). (Сандық мəні 2916 = 542).
Адам баласының ақылы жетпес тамаша сырлы, күрделі құрылысты ғаламды осыдан аңғаруға болады. Сонау көктегі тұмандықтар мен жұлдыздар тобынан бастап, галактика-лар құрылысы, жер қыртысына дейін, онда көп заттармен, өсімдіктерге дейін, жануарларға дейін, ақыл иесі адамға дейін– əрқайсының өз орны бар, өз өмірі бар, өз өрісі бар. Соның бəрі берік құрылыс заңдылықтары арқылы тұрақтанған.
Ол құрылысты біз балқыған тастан суып қатып пайда болған, көп қырлы құрыш кристалмен салыстырамыз. Ғаламды құраушы бес тектің бес түрлі өлшемдес берік бейнесі бар еке-нін осыдан түсінуге болады.
Құранда 85-сүре Əл-Буруж, – яғни (жұлдыз) мұнарасы. Бұл күндегі астрономия ғылымындағы он екі топ, он екі айлық жəне он екі жыл мүшелдік мұнаралар.
Екінші жағынан айтылған 15-сүре əл-Хижир тас. Онда жеті қайта қайталаушы айтылды. Оны он екі мұнарамен салысты-рып қаралық:
242 = 31+211 -ﺍﻟﺤﺠﺮ -15
242 = 31+211 -ﺍﻟﺒﺮﻭﺝ -85 Айырмасы: 15 . . . . . . . . . . . Х = 8
85 . . . . . . . . . . . б+9 = 2+6 = 8
129
Яғни: 2+6 = 8, егіз – сегіз негізде.
Екінші жағынан: = 0, 17647 = sin 100 10/
100 10/ =610/=570+40 пайғамбардық келген жылы, Ұлы Құран түскен жыл.
Арабша - əл-Буруж деген сөз ортақ сөз. Ол Күннің айналыс– бұрылыс шеңбер, қорған бұрыштары деген сөз.
Түзу сызық пен шеңберлік айналыс арасында ерек-ше қатынастар бар. Оны түсіну үшін көп өлшемді кеңістік мағынасын білу керек. Белгілі бір өлшемді шаршы сызамыз
1.
1111
Оның кергіші болады = 1,4142... Бұл шексіз кете беретін бөлшекті сан. Яғни басқы шаршымен өлшемдес емес. Текшенің
көлемдік кергішін алсақ ол да сол секілді: = =1,732 ... Екі шаршының кергіші , болады =
=2,236... Шеңбердің өрісіне қатысты π = 3,14. ол сол сияқты. Олай болғанда мəселені қалай шешу керек? Ерте заманда бұл мəселе көп ғалымдарды толғандырған. Оны шешудің ең дəл, жеңіл табиғи жолын тапқан ғалымдардың алдыңғы қатарында əл-Фараби болған.
Ол кісі айтқан: “Құрылысты заттың өзіне тəн Құрылыстық өлшеуін қолдану керек” деп. Мысалы, бөлшек-бөлшек затты, малды, ақшаны санағанда жай сандық есеп керек (арифметика). Ал құрылысты затты өлшеуге құрылыс əдісі – һандас-геометрия керек. Демек құрылысты затты сызу жолымен салынған бейне көп өлшемді кеңістік бейне болады. Ғаламның құрылыс негізі осында. Соған мысал келтіреміз. (1-сурет).
Бірлік шаршы айналасына шеңбер сыздық. Ол он екі айлық, жылдық – мүшел мұнара шеңбері секілді. Оның ішінде сызылған шаршы Тұран қақпасының жұлдыз шаршысы сынды. Оның кер-гішін жоғарыда жалғастырдық. Онан жаңа үшкіл шықты. Оның ұзын жағы . Онан тағы жаңа үшкілдер шығара беруге бола-ды.
Əл-Фарабидің ғылыми еңбектеріне негіз болған осы əдіс. Сол бойынша 1-суретте бірнеше үшкілдер берілді. Бұл һандас-Қиас (геометриялық) əдіс ерте заманда Ыдырыс пайғамбардан қалған мұра деп білу керек. Ол кісінің ныспы аты Маслас үшкіл болған. Үшкіл барлық құрылысты заттың атомы сынды нəрсе.
Сол Ыдырыс елінен – Мысырдан (Египеттен) оқыған грек ғалымы Пифагор ірі геометр болған. Ол өзінің ғылыми үйірмесіндегі – Академияның қақпасына былай деп жазып қойса керек: “Геометрияны білмегендер кірмесін” – деп. Сол үлгі Платонға мирас болды ...сол үлгі əл-Фарабиге мирас бол-ды.
Əл-Фарабидің космологиясына оралайық.
Алғашқы – Гауһар нұрдың жіктеліп, таралып, дамыған жо-лын əл-Фараби қысқа түрде былай сипаттайды.
Зор қуатты нұрлы қоспалар айналыста, араласта, жары-лыста, қосылыста бірнеше болған. Ішкі қызу күшейіп керне-генде жұлдыз текті зат жарылып ауыры төмен, жеңілі жоғары ұшқан. Ортада екеуіне ортақ зат тағы қалған. Сол жарылыс-тарда жұлдыздар, көктер, жер жəне басқа заттар пайда болып отырған.
Жеті хат көк адам баласына арналған мекен. Оның сыр си-паты Құранда толық берілген. Біздің пайғамбарымызға “Саған қайталаушы жеті жəне Ұлы Құран берілді” (15-87) деген аят осының ишараты.
Басқаша айтқанда адамға арнайы бөлінген жұлдыз-Күн айналысындағы нөкерлерімен. Табиғат дүниесі негізінде осы адам үшін осы шеңберде сол табиғат адамға бейне бір баспа орны секілді кітап-жаңалық шығарып отырады. Əл-Фарабидың “Табиғат матбуғат” дегені осыған келеді. Табиғат дүниесін зерттеуде, тануда адамға берілген ұлы Нұсқау бар. Ол– Құран. Табиғат дүниесінің барлық сыр – сипаты сонда бар. Сол Құранды басшылыққа алған адам, адал ниетпен ізденсе, ол тамаша табыстарға жетпекші. Біздің əл-Фараби бабамыздың ғылыми жолы сол болған. Ешқандай дүниеге қызықпай, барлық
өмірін шындық жолына сарп еткен əулие бабамыздың тамаша мирастары біздерге асыл қазына.
Əл-Фарабидың космология негіздері қазіргі ғылымның табыстарына өте жақын екенін көреміз. Ол ғана емес, барлық ғылым жəне өнер саласында əл-Фараби барлық адам баласы үшін, пайғамбарлардан кейінгі екінші ұстаз. Қазіргі ғылымда басшылық орын алып отырған Еуропа елдерін ғылымға оятқан ислам ғалымдарының ең алдыңғы қатарында əл-Фараби тұр. Еуропа елдерінің табиғат ғылымының даму тарихын жазған ғалымдары өздеріне көш басшы болған екі адамды алдымен атайды. Олар əл-Фараби жəне Абдуғали Ибн Сина (Авиценна).
132
Бұл арада Ибн Синаның өзі əл-Фарабиден тағылым алған адам екенін еске алатын болсақ, ғылымның шамшырағын жағушы əл-Фараби.
Əл-Фарабидың бүгінгі космонавтика саласына негіз болған тамаша еңбектері бар. Сол мирасты шолып өтейік. Соның ал-дында қосымша айта кетерлік космологиялық аз мағлұматқа тоқтайық.
