Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-САННЫҢ ҒЫЛЫМИ САНАТЫ

САННЫҢ ҒЫЛЫМИ САНАТЫ

 

(Алғысөз орнына )

 

Ғұлама Ақжан Машанидың мұраларын саралай жүріп, ғалымның Қазақ тілін қазынаға балап, ана тіліне деген ерекше ілтипатын тамса-на қайталауы сандардың санаттық мəнін ашқан кездерде айтылатын-дығын аңғардым. Егер түбір сөз «саннан» – санақ, санау, санақшы, сансыз сықылды ортақ мағынадағы есімдер мен етістіктер туында-са, ортақ мəнін бірден аңғару қиын емес. Ал сана, санат сөздерінің сол «сан» түбірінің туындысы дегенге бірден жік- жапар бола қоюың екіталай екен. Өйткені сана ұғымы бүтіндей психология ілімі ғана еншіленетін категориялық атау ғой. Мұны «сан» деген сөзден туын-дату əдетте болмыстық белгілерден тым аулаққа апаратындай көрінуі осыдан болса керек. Осы ретте А. Машани аудармасы деп айтылып жүрген əл-Фараби бабамыздың «Сан берген, сана берген, санат бер-ген» деп жаратушы Иеміздің құдыретіне арналған бір ауыз бəйіттің образдық нақтылығы төрт тағандық тең түскен төрт жолдар жарық дүние түгіл мəңгілік о дүниені елестетері күмəн туғызбас еді.

 

Сонымен санымыздың түбірі «сан» сөзі болса, əрі қарай ол қалай деген мəселе əрбір ақыл иесінің өз билігінде өлшенер дүние емес пе?! Енді бұған соңғы жылдары ғылым мен техниканың жаңа табысын, яғни дəлдігі мен сапалығының жоғары деңгейлік белгісі іспетінде айтылатын жаңа сандық фотоаппараттар мен теледидардың соңғы түрлерін дəріптегенде «Гелевый» деп жатуымыздың басты белгісі олардың сандық санаттығының салмағына нышан болар деген ойға жетелейді.

 

Кəне бір сəт ойланайықшы, санда салмақ бола ма, сөзде ше?.. Уəде бердік, сөз бердік, ол іс орындалды. Бұл уəдеңнің құны – сөзіңнің салмағы емес пе!

 

Осы ретте санат деген ұғымды алайықшы, мұның түбірі де «сан». Саны бар санаты жоқ деп кейістікке душар еткізетін сөздің де салмағы мен құнсыздығы (салмақсыздығы) жайлы ой толғақ туындатар мəселе екендігін ғұлама тура айтпаса да, Ақжан хазыреттің фарабитануға бағышталған көп томдық еңбектерін жинақтап, саралау барысында

   

5

 

осылай алдымнан жиі шығып отырды. Бұл ғалымның «АБЖД» есебі-не құрған толғамдары мен тұжырымдары еді.

 

15 томдық А. Машани мұраларынан жиі ұшырастыратын санның бір тобы 3255, 570, 217, 26, 62, 11, 12, 786 тəрізді сан тізбектері. Бір ғана мысал, Жер бетінде тіршіліктің пайда болған мерзімін меңзейтін 217 саны. Егер бұған уақыт өлшемін тіркер болсақ жердегі тіршіліктің басталуы 217 миллион жыл бұрын болғандығын білесің. Мезозой, Кайнозой, Полеозой тəрізді жердегі тіршілік тарихының ғылыми дəлелденген кезеңдері осы санның санаттығына күмəн тудырмайды. Əрине мұны бір сөзбен бүгінгі оқушының санасына сыйдыра қою қиын- ақ.

 

Қасиетті Құранның адамзат қолына тигеніне 14 ғасыр болған екен. Бірақ осы Құдай сөзінің сырына толық қаныға алдық па? Жоқ. Кеше-гі атеистік идеология кезінде бізді дін – апиын деп үркітті. Ғылым жаңалықтарын сол үшін пайдалануға тырысып, адам алғаш ғарышқа ұшқанда «Ю. Гагарин космоста болып келді. Онда ешқандай құдай жоқ екен», дегізген идеологияны ұстанғандар Құран Кəрімдегі «Əй, жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің биіктерінен өтуге шамаларың келсе өтіңдер. Өте алмайсыңдар. Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар» (55-сүре, 33-аят) деген аятты кім оқыды дерсің?! Екін-ші мысал: Америка ғарышкерлері Ай бетіне барып қайтқанда ислам ғалымдары Пайғамбарымыздың бір хадисін алға тартты: Алланың жер бетіндегі соңғы елшісі арабтардың исламнан бұрынғы ғұрпын сы-нап былай деген еді: «Айға сендер табынбаңдар. Ол тəңір емес. Ол да осы жер секілді тау-тас, бір заманда адам баласы оның бетінде қадам басып жүретін болады» – деген. Ол кезде кəпірлер пайғамбарларды жалғаншы деп күстаналаған. Бүгін 14 ғасыр бұрын Құранда жазылған жəне пайғамбарымыз айтқан шындыққа өзіміз куə болдық қой...

 

Осы ретте ислам дінінің ғылыми негізін басқа емес, өз ілімін ис-лам қағидасынан бастайтын əл – Фарабидей ұлы бабасы бар қазақ ұрпағы ислам дінін ерекше қадірлесе жарасым табар еді-ау.

 

Ақжан Машанидің 12-томына енген «Қадір түнгі ойлар», «Əл-Фараби космологиясы» жəне «Ғажайып сарайлар, сара жолдар» зерт-теуі Құран Кəрім аяттарының болмыстық құбылыс мəнін аша түседі. Бірінші кезекте əлемнің екінші ұстазы əл-Фараби ғылымы делінетін дүниенің құпиясынан мағлұмат берер көп дүниеге оқушы көз жеткі-зері даусыз.

 

Ғалым А. Машани ұлы бабасының космологияға арналған мұрасынан мынандай дерек келтіреді: Бірде Пайғамбардан оның сақабасы Ибн Ғабдолла Жаббар сұраған: «Тəңірімнің ең алғашқы

   

6

 

жаратқаны не болды екен?» – деп. Пайғамбар жауабы: «Ол – Пайғамбардың нұры. Иə, Жаббар!» Мұны бас хадис атаған ғалым Машани ұлы бабасының «Сан берген, сана берген, санат берген» деп басталар төрт жолдық өлеңінің: «Жаратып жалғыз нұрдан барша əлемді, Жауһари нұр сəулесін тарат деген» делінетін үшінші жəне төртінші жолдарын бүтін исламның қағидалық нышанын айтпағанда əл-Фараби поэзиясының ғылыми танымдық құдіретіне бас идіретінін айтады. Бірақ Ақжан хазырет зерттеулерінде осы бас хадистің сандық мəнінің 566 санатын жəне сандық мəні 2605 болатын Құранның 56-сүресіндегі: «Жұлдызды аспан құрылысымен ант етемін. Білсеңдер бұл зор ант (серт)», сондай-ақ Алла Тағаланың Пайғамбарымызға арнаған «Үстеріңе жеті хат берік көк құрдық» (78-сүре, 12-аят) не-месе «Саған айналмалы жеті жəне ұлы Құран бердік» 15-сүре, 87-аяттың 2916 сандық мəндерінің санаттық салмағын табу арқылы əл-Фараби космологиясының бүгінгі Ғарыштану ғылымының негізін ашатындығын аңғаруға болар еді. Осылайша «Көзге көрікті, құлаққа жағымды, ақылға қонымды, дəлді ғажайып ғылыми шындық шебер мұғжиза дүние ортасындағы адамның мекен-жайы өмірлік орны

 

– Жер...» екендігіне оқушысын тəнті етеді. Жəне басқа да аспан дене-лері үлкен Сарайлар шырақтары, мұның шамшырағы Күн, басқалары оның айналасындағы нөкерлері, бəрі- бəрі Алла Тағаланың Мұхаммед сүннетіне берген тартуы деп айтуға əбден болатындығы оқушы сана-сында өз орнын алатындығына сендірген.

 

Ұлы бабамыз əл-Фарабидің сол нұрдың бір бөлігін жинаған ғылымда ойыс айна жасап, мұхараққа топтап космологияны танудағы теңдесі жоқ табысын исламның ғылыми нышаны деп айту керек.

 

Осы жаңалық ашылғаннан 400 жылдан соң И. Кеплер фокусы – мұхарактың тікелей аудармасы етіп өзінің əйгілі үш заңын бергені еді. Бұдан соң ғылымда Ньютонның үш заңы белгілі болды. Міне, бір « мұхарак» атауын иеленетін санның санаттық салмағы осындай.

 

Бір бұл емес 12-томға енген зерттеу танымдығы талаптанған оқушыға ғылыми құрылымды тануға бағыт берер сандар санатының салмағын бажайлауға мүмкіндік берері күмəн тудырмас еді.

 

Дүниенің формуласы – математика делінетін қағиданың түйіні АБЖД ережесінен туындап жүрмесін, ағайын. Сонда Қазақ же-рінде фарабитануға бағыштаған екі қолдың саусақ санынан асып жығылатын А. Машанидің көп томдығы дүниетанымның əліппесі атануы да ғажап емес-ау.

 

Шамшиден Абдраман, профессор.

 
1
0
1920

Еще по теме

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-САННЫҢ ҒЫЛЫМИ САНАТЫ - Yvision.kz