Перейти к содержимому
kitap14

kitap14

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

9

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

Александр Грин — АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНДЕР

VI АССОЛЬ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫ Лонгрен түнді теңізде өткізді, ол не ұйықтамады, не балық ауламады, тек су сылдырын тыңдап, бетін желге тоса, қараңғы әлемге қарап ойланып отырды да қойды. Өмірінің осындай бір қиын сәттерінде жалғыз жүріп теңізді кезсе болғаны, жаны түлеп, тыңайып шыға келеді. Тамылжыған тыныштық, тек тыныштық пен оңаша серуен ғана көкірегінің көңілсіз де көмескі даусын қайта ширатып, айқындай түсер еді. Бұл түнде ол – келешек пен кедейлік жайлы, Ассоль жайлы көп-көп толғанды. Қызын аз уақыт болса да қалдырып кеткісі келмейді, мұның үстіне сөнген дертін қайта қоздырып алам ба деп қорқады. Бәлкім, ол кемеге қайтып барғасын сонау Капернада жан берісер жары күтіп отыр деп қалар. Сөйтіп, үйіне қайтып келе жатқанда жоққа емексіп, онсыз да қаралы көңілі жаралы болмаса неғылсын. Мери үй т…

0
0
217

Александр Грин — АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНДЕР

IV ҚАРСАҢДА Со бір күннің дәл алдында, өлең-жыр жинаушы Эгль көк теңіздің жағасында бүлдіршін қызға алқызыл желкенді кеме жайлы ертегі айтқаннан кейін арада аттай жеті жыл өткен шамада, апта сайын ойыншық дүкеншесіне барып қайтатын Ассоль осы жолы үйіне қатты ренжіп, мұңайып қайтты. Ол өз тауарын қайтып әкелді. Оның ренжігені сондай, ә дегенде сөйлей алмай қалды, тек әкесінің тағы бір бәле болып қалды ма деп ойлап, үрпие қалған түрін көргенде ғана, Ассоль қасында тұрған терезе әйнегін сипалап, теңізді көзімен шолып әңгімесін айтуға кірісті. 54 Ойыншық дүкенінің қожасы бұ жолы ең әуелі есеп-қисап кітабын ашып, бұған қанша қарызданып қалғанын көрсетіпті. Қыз үш саннан тұратын қыруар қарызды көріп шошып кетеді. «Міне, мынау сендердің желтоқсаннан бері алғандарың, – дейді саудагер, – ал енді…

0
0
116

Александр Грин — АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНДЕР

АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНДЕР (ФЕЕРИЯ) Нина Николаевна Гринге арнаймын да тарту етемін А в т ор . Петербург 23 қараша 1922 ж. I СӘУЕГЕЙЛ1К Үш жүз тонналық мығым бриг – «Орионның» матросы Лонгрен он жыл қызмет етіп, бағзы бір балалардың туған анасына деген ықыласынан да ыстық бауыр басып кеткен қимас кемесін ақыры тастап кетуге тиіс болды. Мұның мәнісі былай еді. Ошағына оқта-текте бір оралатын ол бұ жолы әдеттегідей сонау табалдырық алдынан алақанын шарт еткізіп, сосын өзіне қарай екі өкпесін қолына ала есі шыға жүгіретін әйелі Мэриді көре алмады. Оның есесіне Лонгреннің аядай үйіндегі жаңа мүлік – бала бесігінің қасында дегбірі қашқан көрші әйел тұр еді. – Үш ай бойы мен бағып-қаққан сәбиің осы, қартым, – деді ол, – көре ғой қызыңды. Есеңгіреген Лонгрен төменірек еңкейіп, өзінің салалы сақалына бажы…

0
0
108

АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНДЕР (ФЕЕРИЯ)

II ГРЕЙ Бір кезде Цезарь: «Римде көптің бірі болғанша, ауылда жұрттың алды болғаным артық» депті ғой, Ал Артур Грэй болса, Цезарьдің осы бір әккі сөзін онша құптамаса керек. Ол анадан капитан болып туды, капитан болуды қалады, кейін со мұратына жетті. Грэй дүниеге келген аумақты үлкең үйдің сырты сәулетті болғанымен іші тұнжырап түнеріп тұрушы еді. Оның алдыңғы жағынан гүлзар бау-бақша басталып кететін. Газонға құбылмалы асыл алқалардан ою-нақыш тартып тастағандай-ақ, раушан гүлдердің күмістей көгіс, көк, қызғылт реңді қара түстері құлпырып көз жауын алар еді. Баудың кәрі ағаштары шағырмақ күндері тікенек бұта қаулай өскен ирек өзек үстіне төніп, маужырап мүлгіп тұрар еді. Қорған-сарайдың қоршауы – иә, бұл шынында қорған-сарай-тын, ара-арасы темір шыбықпен өрнектелген шойын діңгектерден қ…

0
0
849

АЛҚЫЗЫЛ ЖЕЛКЕНДЕР (ФЕЕРИЯ)

Нина Николаевна Гринге арнаймын да тарту етемін А в т ор . Петербург 23 қараша 1922 ж. I СӘУЕГЕЙЛ1К Үш жүз тонналық мығым бриг – «Орионның» матросы Лонгрен он жыл қызмет етіп, бағзы бір балалардың туған анасына деген ықыласынан да ыстық бауыр басып кеткен қимас кемесін ақыры тастап кетуге тиіс болды. Мұның мәнісі былай еді. Ошағына оқта-текте бір оралатын ол бұ жолы әдеттегідей сонау табалдырық алдынан алақанын шарт еткізіп, сосын өзіне қарай екі өкпесін қолына ала есі шыға жүгіретін әйелі Мэриді көре алмады. Оның есесіне Лонгреннің аядай үйіндегі жаңа мүлік – бала бесігінің қасында дегбірі қашқан көрші әйел тұр еді. – Үш ай бойы мен бағып-қаққан сәбиің осы, қартым, – деді ол, – көре ғой қызыңды. Есеңгіреген Лонгрен төменірек еңкейіп, өзінің салалы сақалына бажырайып қарап жатқан сегіз ай…

0
0
865