Перейти к содержимому
kitap11

kitap11

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

21

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ДУАГЕРЛЕРДІ АУЛАУ

X тарау ДУАГЕРЛЕРДІ АУЛАУ Лашығымызға жеткен кезде Инфадусқа ішке кір деген ишара жасадым. – Тыңда, Инфадус, – дедім мен үйге енген соң. – Біздің сенімен сөйлескіміз келеді. – Әмірші иелерім көңіліндегі сөзін айта берсін. – Инфадус, біздің байқауымызша, король Твала – мейірімсіз, қаражүрек адам сияқты. – Дәл солай, әмірші иелерім. Оның мейірімсіздігінен еліміз жаралы күйде жан даусы шығып жатыр. Бүгін түнде сендер өз көздеріңмен көп жайды көресіңдер. Бүгін – дуагерлерді аулайтын Ұлы саят түні. Көп адам ұсталып, өлімге кесіледі. Менің өмірім қатерден қағыс деп ешкім де айта алмаса керек. Егер король біреудің мал-мүлкін иеленгісі немесе өзіме теріс пиғылда, я бүлік көтермек деген сезікпен көзін жойғысы келсе, онда өздерің көрген Гагула немесе Гагуланың тәрбиесінен өткен басқа бір аңшы әйел…

0
0
440

БІЗ СИҚЫР ЖАСАЙМЫЗ

XI тарау БІЗ СИҚЫР ЖАСАЙМЫЗ Ұзақ күттік. Екі сағаттан астам уақыт бойы тіл қатпай үнсіз тұнжыраған қалыпта Инфадустың келуін тостық та отырдық. Ешкім тыныштықты бұзып үндемеді: дуагерлерді аулау кезінде көрген сұмдықтар біздің бәріміздің де бойымызды түршіктірген, бәріміз де ауыр әсер үстінде едік. Ақыры, таң алдында, біз үмітімізді үзіп, енді жатуға айналған шақта ауыр алынған аяқ дыбысы, оған жалғаса есік алдында тұрған жасауылдың жауап сұраған үні естілді. Келе жатқан адам тиесілі жауап қайырған болу керек, бірақ өте баяу айтқандықтан біз ештеңе естімедік. Аяқ дыбысы жақындай түсті. Содан соң есік айқара ашылды да, ішке Инфадус енді. Оның соңынан үйге өз құндарын білетін тәкаппар, асқақ кейіпті алты көсем кірді. – Әмірші иелерім, және сен, кукуандардың заңды королі Игнози, – деді Инфад…

0
0
725

ҰРЫС АЛДЫНДА

XII тарау ҰРЫС АЛДЫНДА Бақытымызға орай, Инфадус та, өзге көсемдер де қаланың әрбір бұрыш-қалтарысын, соқпақ, сорабын жетік біледі екен, сондықтан көзге түртсе көргісіз қараңғылыққа қарамастан алға тез әрі бөгеліссіз жылжыдық. Біз бір сағаттан астам жүрген соң ай беті қайтадан ашыла бастады. Әуелі айдың мана қараңғылық алдымен бүркеген шеті көрінді. Кенет жарқ ете түскен күміс сәуле қара түнекті қақ жара жерге төгілген. Осы алғашқы сәулемен қабаттаса аспан әлемінде қараңғы қапасты нұрға бөлеген шырағданша жарқ етіп, жалын сияқты қып-қызыл, отты шұғыла пайда болды. Бұл – аса сирек кездесетін әрі ғажайып сұлу құбылыс еді. Арада бес-он минут өтер-өтпесте жұлдыздардың да өңі қайта бастады. Төңіректе не барын аңдай аларлықтай жарық түсті. Бақсақ, Луу шаһарының шегінен ұзап кетіппіз. Аумағы екі…

0
0
476

ШАБУЫЛ

XІІІ тарау ШАБУЫЛ Жаудың үш лек әскері аптығып саспастан, абдырап қатар бұзбастан үш жақтан бірдей жақындап келеді. Бізге бес жүз ярдтай қалғанда ортадағы әрі ең басты лек, біз бекінген, Луу жақ бетке қарай, таға тәрізді иіліп біткен қырқаның ішіне сұғына бойлаған түбек іспеттес қолатқа жете бере тоқтады. Қалған екі лек қырқаны айналып өткенше осы арада тосып тұрмақ, содан соң бір мезгілде үш жақтан бірдей шабуыл басталмақ. – Шіркін-ай, қолымызда гетлинг1 болса ғой! – деді Гуд төменде, иық тіресе жыпырлап сапқа тұрған жауынгерлерге қарап. – Арада жиырма минут өтпей, мен мына жазықты тазартып берер ем. – Жоққа жүйрік жетпейді, – деді сэр Генри, – бас қатырып қайтесіз. Ал, Куатермэн, атып көрсеңіз қайтер екен? Менің байқауымша, осы лектегі барлық әскерге ана бір ұзын бойлы кісі басшылық ете…

0
0
362

СҰР САРБАЗДАРДЫҢ СОҢҒЫ СОҒЫСЫ

XIV тарау СҰР САРБАЗДАРДЫҢ СОҢҒЫ СОҒЫСЫ Жауға қос қанаттан шабуыл жасауға бұйрық алған полктер бірнеше минуттан соң толық тыныштық сақтап, орындарынан қозғалды. Твала хабаргерлерінің қырағы көзі маневр мәнін түсініп қалмауы үшін жүлге бойлап, еппен жылжып барады. Арада жарты сағат өткенде полктер алдын ала белгіленген орындарына барып тұрды. Біздің әскердің бұл қос қанаты қос мүйіз іспеттес еді. Бұл екі ортада Сұр сарбаздар Буйволдар деп аталатын полкпен бірге ешқандай қимыл-қозғалыссыз, бір орында тұра берді. Біздің әскердің ұйытқысы, Тваланың қарсы беттен ұрған ең ауыр соққысына төтеп беруге тиіс білекті бөлігі саналатын бұл екі полк мүлде дерлік тың еді. Құрамдары да толық. Сұр сарбаздар таңертеңгі ұрыс кезінде резервте болды, ал оң қанаттағы қорғаныс шебімізді бұзып өткен жау әскеріме…

0
0
483

ГУДТЫҢ ДЕРТІ

XV тарау ГУДТЫҢ ДЕРТІ Жекпе-жек аяқталған соң сэр Генри мен Гуд Тваланың лашығына енгізілді. Олардың соңын ала мен де кірдім. Екеуі де көп қаннан айрылып, әлсіреген, ұрыс-соғыстан қажыған мүшкіл хәлде. Менің жағдайымның да олардан артықшылығы шамалы-тын. Мен сіңірдей берік, өте төзімді, көпті көрген, жақсы шыныққан адаммын, осының нәтижесінде көп жұрт шыдай алмайтын қиындықты көтере берер едім. Бірақ дәл осы кеште мен аяғымды әрең басып тұрдым. Қатты шаршаған кезімде арыстанмен айқастан қалған ескі жарақат мүлде қозып кететін. Оның үстіне таңертең ауыр соққы әсерінен есімнен танып қалғаннан бері басым да тұп- тура шытынап, жарылып бара жатқандай болған да жүрген. Бір сөзбен айтқанда, дәл осы кеште үшеуміздің де сиқымыз адам көргісіз еді. Бірақ тағдырға ризамыз. Жолымыз болғаны анық. Дәл қ…

0
0
456

АЖАЛ САРАЙЫ

XVI тарау АЖАЛ САРАЙЫ Алғы тарауда баяндалған әңгімеден соң үш күн өткенде, кешқұрым, біз Сүлеймен патшаның Даңғыл Жолының ұшындағы Үш Сиқыршы деп аталатын үш айыр таудың етегіне орналасқан шағын краальге қоналқаға тоқтадық. Жанымызда бізге Гуд үшін ерген Фулата, Инфадус, Гагула және бір топ қызметшілер мен жасауылдар бар. Қызметшілер Гагуланы шатырлы зембілге салып, көтеріп алып жүрген еді. Жол бойы бізді қарғап-сілеумен болды. Тау, дәлірек айтсақ, сірә, белгілі бір геологиялық құбылыс нәтижесінде бір мезгілде пайда болған биік үш шоқы үшбұрыш тәрізді қоралана біткен екен. Біз тура кіреберіс қақпада тұрмыз: бір биік оң жақ қапталда, екінші биік сол жақ қапталда, ал үшінші, ортаңғы биік қарсы бетте. Ертеңіне таңертең біздің алдымыздан айқара ашылған көріністі ешқашан ұмытпаспын. Бастарына…

0
0
959

СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

XVII тарау СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ Біз бойымызды билеген қорқыныш сезімін жеңуге тырысып, Ажал Сарайының үрейлі ғажайыптарын қадағалай қарап тұрған шақта Гагула мүлде бөтен шаруамен айналысып кетті. Қалай екенін қайдам, кәрі мыстан биік тақтаның үстіне шығып алып (өзіне қажет кезде ол епті де, күшті де бола қалатын) тынымсыз тамшылаған су астында біздің марқұм досымыз Твала отырған жерге барып, Гудтің тілімен айтқанда, мәйіттің қалай тұздалып, қалай сүрленіп жатқанын көрді; әлде басқа бір мақсаты болды ма, кім білсін. Содан соң шойнаңдай басып, бірде ана мәйіттің, бірде мына мәйіттің алдына тоқтап, тас кебін киген тұлғалармен сәлемдесе ме, әлде зікір айтты ма, әйтеуір, мән-мағынасын ұқпаған сөздермен тегіс сөйлесіп өтті. Және, құрметті оқушым, сіз екеуміз ескі досымызға сәлем берген ке…

0
0
1438

ҮМІТІМІЗ ҮЗІЛДІ

XVIII тарау ҮМІТІМІЗ ҮЗІЛДІ Сол күнгі түннің қаншалық ауыр, қаншалық қорқынышты болғанын суреттеп жеткізу мүмкін емес. Тек ауық-ауық бойымызды билеген мейірбан ұйқы ғана біздің мүшкіл хәлімізді аз-маз жеңілдеткендей еді. Дәл осындай үмітсіз жағдайдың өзінде талығып шаршаған дене тыныс тілейді екен ғой. Алайда мен жарытып ұйықтай алмадым. Өлім ноқтасына басымыз ілінгені, одан құтылар жол жоқтығы туралы ой көкейімнен кетпей-ақ қойды. Мұндай үмітсіз хәл дүниедегі ең батыл деген адамның өзінің көңілін қорқынышқа бөлер еді, ал мен өзімді ешқашан да ержүректер санатына қосқан адам емеспін. Оның үстіне құлаққа ұрған танадай тыныштықтың өзі адам жанын езіп, көңілге мұң толтырғандай; сондықтан мұндай тыныштықта көз іліп ұйықтау қиын еді. Оқушым! Бәлки, сенің ұйқың қашып, төсекте жападан- жалғыз дө…

0
0
832

БІЗ ИГНОЗИМЕН ҚОШТАСАМЫЗ

XIX тарау БІЗ ИГНОЗИМЕН ҚОШТАСАМЫЗ Біз жер астындағы тас қапастан құтылған әйгілі таңнан соң арада он күн өтті. Луудағы бұрынғы мекенжайымызда жатырмыз. Бір ғажабы, біз соншама азап өткелінен соң, көп ұзамай-ақ қайтадан адам қатарына қосылдық. Оңалып, таралып қалдық. Тек менің қайратты, көкбурыл шашым үңгірден шыққан кезде аппақ қудай болып кеткен екен. Фулатаның өлімінен соң Гуд та мүлде өзгерді. Бұл трагедияға көпті көрген көненің көзімен қарап, мен соның өзі жақсы болды деген пікірге келдім. Егер қыз өлмесе, екеуі үлкен қиындық алдында қалар еді. Сорлы Фулата қарапайым түземдік қыздың бірі емес, жұрттан асқан ғажайып сұлу әрі өте ақылды жан-тұғын. Алайда ешқандай ақыл, ешқандай көрік оның Гудпен қосылуына себін тигізе алмайтын еді. Қыздың өзі айтқандай, жарық күн мен қараңғы түннің таб…

0
0
883