ТАБЫЛДЫ!
XX тарау ТАБЫЛДЫ! Ал енді осы ғажайып қызық хикаяның ішіндегі ең таңқаларлық жайт турасында баяндамақпын. Бұл жайт өмірде адам күтпеген неше түрлі оқиғалардың ұшырай беретініне айғақ сияқты. Өзімнің серіктерімнен оқ бойы озық, жазирадан шығып, аңызақ қарыған шөлге ене бере құмға сіңіп жоғалатын жыланшықтың жағасымен келе жатқам. Кенет өз көзіме өзім сенбей тұра қалдым. Таңырқар жөнім бар: менен жиырма ярдтай жерде, зәулім інжір ағаштың саясында, көгалда, өзенге бет бере кіп-кішкентай, әп-әдемі лашық тұр. Кафрлардың бұтақтан тоқып, шөппен қамсап жасайтын балағандары сияқты, бірақ кірер аузында жай қуыс емес, кәдімгі есік бар. “Бұл не пәле! – деп ойладым мен. – Бұл араға лашық қайдан келді?” Сөйткенімше болмады, есік ашылып, іштен ақсаңдай басып ұзын, қап-қара қаба сақалды, үстіне аң терісі…