Перейти к содержимому
kitap11

kitap11

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

21

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

АЛҒЫ СӨЗ

Жиһанкез аңшы Аллан КУАТЕРМЭН осы таңғажайып әрі шынайы хикаяны мейірбан көңіл, жылы жүректен оқуға ынтызар, білімге құмар үлкенді-кішілі бала атаулыға арнайды СӨЗ БАСЫ Міне, енді басылып шығып, төңіректің төрт бұрышына тарағалы тұрған сәтінде мен бұл кітаптың стилінде де, мазмұнында да толып жатқан кемшіліктер барын анық көріп отырмын. Мұның соңғысы жөнінде бар айтарым, қолыңыздағы хикая біз көрген, бастан өткерген хикметтерді тегіс қамтымақ емес. Біздің Кукуанстанға жасаған саяхатымызға қатысты, мұнда шет жағалап қана айтылған көптеген жәйттер, мәселен, мен жинастырған аңыздар, Луу түбіндегі ұлы шайқаста бізге жансебіл болған берен сауыттар, сондай-ақ сталлактит үңгіріне кіреберістегі Тұнжырлар, яғни Тас Сүлделер қақында бажайлап әңгімелеп бергім келеді-ақ. Егер көңіл жетегіне ерсем, ме…

0
0
1200

МЕН СЭР ГЕНРИ КУРТИСПЕН КЕЗДЕСЕМІН

І тарау МЕН СЭР ГЕНРИ КУРТИСПЕН КЕЗДЕСЕМІН Елу бес жасқа келгенде ғана алғаш рет қолыма қалам алуым көлденең көзге оғаш көрінуі ықтимал. Хикаяны жүйелеп баяндап беруге шамам келер, келмесін, тіпті оны тәмамдауға төзімім жетер-жетпесін өзім де білмеймін. Өткен өміріме ой жүгіртсем, қыруар шаруа тындырып үлгергеніме және басымнан неше түрлі хикметтерді өткергеніме таң қалам. Өзіме өмір жолымның тым ұзақ тәрізденуі де көп көргенімнен, ерте ер жетуіме тура келгендіктен болар. Құрдастарым мектепте оқып, балалық дәурен кешіп жүрген шақта мен ортада1қабырғам қайысып жұмыс істеуге, ұсақ-түйек сауда жасауға мәжбүр болдым. Содан бері не көрмеді дейсіз бұл бас! Саудамен де айналыстым, аңшылық та құрдым, кен орындарында жұмыс та істедім, тіпті соғысқа да қатыстым. Алайда осыдан сегіз ай бұрын ғана ба…

0
0
664

СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ КЕНІШІ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

ІІ тарау СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ КЕНІШІ ТУРАЛЫ АҢЫЗ Мен жауап қайыруға асықпай, қалияныма темекі толтыра бастадым. – Інімнің одан арғы саяхаты туралы не естідіңіз? – деп сұрады өз кезегінде сэр Генри. – Бар білерім мынау, – дедім мен. – Бұл туралы осы уақытқа дейін тірі жанға айтқан емеспін. Мен сол кезде-ақ естігем, олар Соломон1 патшаның кенішіне аттанды. – Соломон патшаның кенішіне! – деді екеуі бірдей таңырқай дауыстап. – Ол қайда? – Білмеймін, – дедім мен. – Ұзынқұлақтан ғана естігенім бар. Рас, бірде әлдеқандай бір асқар таудың сеңгірін көзім шалған еді. Соломон кеніші соның ар жағында-мыс деп естідім; бірақ мен кірген тұстан ол тауға дейінгі аралық жүз отыз миль бетпақ шөл болатын; менің білуімше, бұл шөлді бұрын-соңды ақ нәсілді жалғыз адамнан басқа бірде-бір тірі пенде кесіп өткен емес…

0
0
2694

ОМБОПА БІЗГЕ ҚЫЗМЕТШІЛІККЕ ТҰРАДЫ

ІІІ тарау ОМБОПА БІЗГЕ ҚЫЗМЕТШІЛІККЕ ТҰРАДЫ Кейптауннан Дурбанға теңіз арқылы жету үшін ауа райына, кеменің жүріс жылдамдығына орай төрт-бес күн кетеді. Қаншама ақша жұмсалғанына қарамастан, Ист-Лондондағы1 порт құрылысы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан тамаша жабдықталған, мақтала-мақтала әбден құлағымызды сарсытқан порттағы айлаққа тоқтаудың орнына кемелер әлі күнге дейін жағадан алысқа леңгір тастайды. Егер теңіз тыныш болмаса, кемелер жолаушылар мен жүкті алатын қайық тіркемелі буксирлердің жағалаудан шығуын күтіп, әлденеше тәулік бойы тұрып қалатын да реттер ұшырайды. Бақытымызға қарай, біздің олай күтуімізге тура келмеді. Біз Ист-Лондонға жеткен кезде теңіздегі толқын жоққа тән екен. Соңына тізбектеп өңкей бір сұрықсыз, жалпақтабан шлюпкалар тіркеген буксирлер жағадан қолма-қол шықты. О…

0
0
502

ПІЛ АУЛАУ

IV тарау ПІЛ АУЛАУ Дурбаннан мың мильден астам жерде, Луканга және Клюкве өзендерінің тоғысар тұсында тұрған Ситанди крааліне жеткенге дейінгі ұзақ жолда басымыздан өткен хикметтер жайын тәптіштеп баяндамай-ақ қояйын. Ақырғы үш жүз мильдей жолды жаяу жүріп өтуімізге тура келді, өйткені есектен басқа жан-жануар атаулының бәрін шағып өлтіре беретін жексұрын цеце шыбыны жол аяғы ұзаған сайын көбейе берген. Дурбаннан қаңтарда шыққан едік, Ситанди краалінің қасына шатырларымызды тіккен шақта мамырдың ортасы боп қалды. Жол үстінде неше түрлі шытырман оқиғаға ұшырастық, алайда мұның бәрі африкалық кез келген аңшының басынан өтуі ықтимал жайттар болғандықтан, хикаямды орынсыз созып, олардың бас-басына тоқталып жатпаймын. Тек біреуін ғана бажайлап айтып берейін. Король Лобензула (сөз арасында айта…

0
0
902

БІЗ ШӨЛМЕН КЕЛЕМІЗ

V тарау БІЗ ШӨЛМЕН КЕЛЕМІЗ Сонымен, біз тоғыз піл аттық. Бұлардың азу тістерін арамен кесіп алып, қосқа жеткізуге екі күн уақыт кетті. Олжамызды бірнеше миль төңіректен көрінетін зәулім ағаштың түбіне, құмға жасырдық. Аңшылық ерекше сәтті болып, қыруар піл сүйегін қолға түсірдік. Сапасын айтсаңызшы. Мұндай тамаша сүйектерді көрген емеспін. Әрбір азу, орта есеппен, қырықтан елу фунтқа дейін тартады. Ал Хиуа байғұсты өлтірген алып пілдің азуы, біздің шамалауьімызша, жүз жетпіс фунттай еді. Хиуаның өзінің денесін, дәлірек айтсақ, денесінің жұқанасын құмырсқа жегіштің ініне көмдік те, зұлыс рәсімі бойынша, басына о дүниеге барар жолда дұшпандардан қорғануға қажет боп қалуы мүмкін шолақ найзасын шаныштық. Бұл сапардан тірі оралсақ, қоймамызды қайтар жолда қазып алармыз деген үмітпен үшінші күн…

0
0
626

СУ! СУ!

VI тарау СУ! СУ! Екі сағаттан соң ояндым. Таңғы төрт шамасы екен. Біраз көз шырымын алып, қалжыраған дене болмашы тыныққан соң-ақ өзімнің қаталап өліп бара жатқанымды анық сезіндім. Қайтадан көз ілмек әрекетімнен ештеңе өнбеді. Жаңа, ұйықтап жатқанда түс көргем. Жағасы жасыл құрақ, зәулім ағашқа бөленген мөлдір дарияда шомылып жүр екем. Енді оянған соң қиялдан шын өмірге қайтып оралуға мәжбүр болдым: меңіреу шөлдің қақ ортасында жатырмыз. Омбопа айтқан, бүгін су таппасақ, бәріміз де азаппен өлеміз деген сөз есіме түсті. Мұндай аптап ыстыққа тірі жан иесі бірер күннен артыққа шыдамас еді. Басымды көтеріп отырдым. Кір, топырақ боп кеткен бетімді екі-үш күн ішінде-ақ жарылып, әбден күстенген қолыммен уқалай бастадым. Еріндерім біріне-бірі жабысып, кірпіктерім матасып, көзім жұмылып бара жатқ…

0
0
501

СҮЛЕЙМЕН ПАТША САЛҒАН ЖОЛ

VII тарау СҮЛЕЙМЕН ПАТША САЛҒАН ЖОЛ Үңгірден күн сәулесіне шомған қарлы далаға шыққан бетте- ақ үйіріліп тоқтай қалдық. Сірә, әрқайсысымыз да өлікті көрген бетте соншама қорқақтық жасағанымыз үшін қалған жұрттан қысылсақ керек. – Мен қайта барам, – деді сэр Генри. – Не үшін? – деп сұрады Гуд. – Маған бір ой келді, жаңағы... жаңағы – менің інім сияқты, – деді қатты толқыған үнмен сэр Генри. Солай болуы әбден мүмкін еді. Шындыққа көзімізді жеткізбек үшін бәріміз бірдей қайтадан үңгірге кірдік. Көзіміз ашық күн мен аппақ қарға шағылысып, жарыққа үйреніп қалған екен, кірген бетте алакөлеңке үңгір ішінен ештеңе аңдай алмадық. Аз тұрып, қараңғыға көзіміз үйренген соң, демімізді ішімізге тарта, жайлап басып, бейтаныс мәйіттің қасына келдік. Сэр Генри тізерлеп отыра қап, өліктің бетіне үңіле қара…

0
0
717

БІЗ КУКУАН ЕЛІНЕ КЕЛДІК

VIII тарау БІЗ КУКУАН ЕЛІНЕ КЕЛДІК Сол күні ертеден қара кешке дейін ешқайда бұрылмай, тура солтүстік-батысқа қарай беттеген тамаша жолмен жүре бердік. Инфадус пен Скрагга бізбен бірге болды, ал олардың нөкерлері сап түзеген қалпында жүз қадамдай алда отырды. – Айтшы, Инфадус, – деп сұрадым мен біз бірталай уақыт үнсіз жүрген соң, – мына жолды кім салғанын білемісің? – Бұл жол бағзы, бағзы замандарда салыныпты, әмірші ием, – деді ол. – Нақты қашан салынғанын және кім салғанын тірі жан білмейді. Бұдан, тіпті талай ұрпақпен бірге жасасқан дана әйел Гагула да бейхабар. Біздің арамызда бұл жолды кім салғанын білерліктей дәрежеде көп жасаған адам жоқ. Қазір ешкім де мұндай жол сала алмайды. Сондықтан оны корольдің өзі қамқорлыққа алған. Шөп шығып, топырақ баспауын қадағалап, күтіп отырамыз. –…

0
0
573

КОРОЛЬ ТВАЛА

IX тарау КОРОЛЬ ТВАЛА Лууға дейінгі саяхатымыз туралы бажайлап баяндаудың қажеті бола қоймас деп ойлаймын. Біз Сүлеймен патша салғызған, кең әрі даңғыл жолмен Кукуан елінің ішкі өлкелеріне қарай бойлап, тура екі күн жүрдік. Алға қарай жылжыған сайын жер бедері көріктене түсті. Топырақтың құнарлылығына орай егінжай, бау-бақшалар да көбейген үстіне көбейе берді. Краальдердің де арасы жиіледі. Бұл мекенжайлар түгелдей біз алғаш көрген краальдің үлгісімен салыныпты және барлығында да үлкен гарнизондар бар екен. Кукуан елінде зұлыстар мен мазаилар тайпасындағыдай, қару ұстауға жарарлық еркек атаулы түгел жауынгер саналады. Сондықтан соғысқа аттаныс кезінде де, қорғаныс кезінде де, халық тайлы-таяғы қалмай тегіс қару асынады. Жол үстінде бізді лек-легімен сап құрған мыңдаған жауынгерлер басып о…

0
0
669