ЖҚАЖ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ «ҚАЗБАТ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ
«Қазбат» әскери драмасы солтүстікқазақстандықтардың жүрегінен ерекше орын алды. «Новый свет» кинотеатрында көрсетілген фильмді көруге келген көрерменнің қарасы қалың, олармен бірге фильмді 300-ден астам полицей тамашалады. Басым бөлігі тәуелсіз елімізбен қатар өсіп келе жатқан жастар. Фильмде 1995 жылы 7 сәуір күні тәжік-ауған шекарасында орын алған оқиға және қарапайым қазақ солдаттарының өмірі көрсетіледі. Бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында моджахеттармен болған сұрапыл қақтығыста 17 қаза тапқан және 33 жараланған қазақ жауынгерінің тағдыры бейнеленеді. Пшихавр шатқалында содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылына төтеп берген жетінші рота өз міндетін ерлікпен атқарып, жаудың бетін қайтарған. Шындыққа негізделіп түсірілген фильмнен СҚО Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын…