Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Апта сайын әлеуметтік желілерде өткізілетін тікелей эфирдің аясында полицейлер желі қолданушыларымен мүліктік қылмыстардың және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыспен күреседі, қылмыстардың алдын алу, ескерту және ашумен айналысады. Сондай-ақ, жедел уәкілдер қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалғандарды іздестіреді. Облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың ақпараты бойынша өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Жыл басынан жалпы қылмыс саны 7,5 пайызға төмендеген. Іздестіру жұмысына да ерекше назар аударылады: 63 қылмыскер ұсталып, із-түссіз жоғалған 47 адамның жүрген жері анықталды. Тікелей эфир шеңберінде полицейлер соңғы кездері жиі кездесетін мүліктік қылмыс - интернет-алаяқтықтың профилактикасына баса назар аударды. Жыл басынан СҚО-да ақпараттық технологиялар саласында 153 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғындарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған Алматы облысының 27 жасар тұрғынын анықтады. Жарнама беру сайтында ол авто бөлшектерді сататыны туралы хабарландыру орналастырып, кейін жеткізілім үшін алдын ала төлемді қолға түсіріп, байланысқа шықпай қояды. Күдіктінің жүрген жері анықталды. ҚР ҚК 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

… Сондай-ақ, өткен жазда жарнамалық хабарландырулар сайтында Бурабай шипажайында демалу үшін үйді бронға беру туралы хабарландыру орналастырылған. Клиенттерге 15 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасау қажет екені айтылған. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны хабарландыруда көрсетілген Qiwi-әмиянға ақша жіберген. Өзінің алданғанын тек «фирмаға» қоңырау шалып, көрсетілген мекенжайға баратын бағытты нақтыламақ болғанда түсінген. Бұдан соң сан соғып қалған әйел полицияға хабарласқан. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтады. Алаяқ арам ойын Петропавл қаласынан жүзеге асырған. Ол облыс орталығында тұратын 41 жастағы әйел болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Осыған ұқсас алдау тәсілдері көп кездеседі.

...Бір сағаттық тікелей эфир барысында медиа-студияға желі қолданушыларынан 28 сұрақ келіп түсті. Сұрақтарға Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов және Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Мадияр Хәріпов жауап берді. Эфир соңында полицейлер интернет-алаяқтардан сақтану жолдары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы құжаттардың суреттерін ешкімге жібермеуге, банкомат чектерін лақтырмауға, смартфонға құпиясөз немесе графикалық кілтті орнатуға кеңес берді.

Солтүстікқазақстандық полиция бөліністері бастықтарының қатысуымен тікелей эфирлер Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде апта сайын өткізіледі. Келесі эфир алдағы сәрсенбіде өтеді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://www.facebook.com/skodvd/videos/594749147727908/

0
0
582

Еще по теме

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ! - Yvision.kz