Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІНЕ ЖАЗА АЛАДЫ

Жүктеменің басым бөлігі облыс орталығына келеді. Қалада 96 учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін 13 учаскелік пункт бар. ⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ ЖПІШ басталғаннан бастап біздің қызметкерлеріміз қаладағы 80 мыңға жуық пәтер мен 14 астам жеке үйлердің жартысын дерлік аралап шықты, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Әлібек Ғабдуллин. – Біздің міндетіміз - әр үйде болу. Қаламыздың кез келген тұрғыны, қызықтырған мәселесімен жүгінуі үшін, өз учаскелік полиция инспекторын, оның байланыс телефонын білуі тиіс. Подъездерге инспекторлардың суреті мен байланыс телефондары көрсетілген парақшалар жапсырылуда. Сондай-ақ, белгілі әлеуметік желілердегі Полиция департаментінің аккаунттарына да учаскелік полиция инспекторлары жайлы ақпарат салуды жоспарлап отырмыз». ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ WhatApp мессенджері +7-708-432-46-00 адамдармен өзара қарым-қатынастың жаңа формасы болмақ. Бұл Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Әлібек Ғабдуллиннің нөмірі. Көрсетілген нөмір бойынша қалалықтар учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру жайлы, олардың байланыс телефондарын біле алады, сонымен қатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарлай алады.

⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ Тұрғындардың белсенділік танытуы – құқықтық тәртіпті сақтаудағы маңызды фактор. Адамдар жүгінудің өзіне ыңғайлы формасын таңдауы үшін, полицейлер қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін пайдалануға тырысады. ⠀⠀⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ «Учаске» ЖПІШ аясында қосымша есептегі тұлғаларды тексеру, рейдтік іс-шаралар өткізу жүзеге асырылуда. Екі рейд барысында 38 саяжай қоғамы тексерілді. Тұрақты мекенжайы жоқ 302 тұлға ұсталды. Шатырларды, жертөлелерді, қоқыс орындарын, жылу құбырлары бойын тексеру барысында осындай тағы 136 тұлға ұсталып, қабылдау-тарату орнына жеткізілді. ⠀⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Басым бөлігі – 711 – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу фактісіне тиесілі. Оның 31-і кәмелетке толмағандар. Аталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, алкогольдік өнімдерді сату ережесінің бірқатар бұзушылықтары анықталып, ірі көлемде спирттік өнімдер алынды. Мәселен, қаладағы базарлардың бірінен заңсыз айналымнан 192 литр алкоголь, 1 мың литрдан астам сыра алынды. ⠀⠀⠀⠀ ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ «Учаске» ЖПІШ қалалық полиция бөліністерінің өзара іс-қимыл жасауымен өткізіледі. Операция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
421

Еще по теме

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІНЕ ЖАЗА АЛАДЫ - Yvision.kz