АВТОМОБИЛИСТЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СҚО ПОЛИЦИЯСЫ АВТОПАРКІНІҢ МЕХАНИГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Жедел, кәсіби, тәулік бойы – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері осындай жұмысқа бағдарланған. Олар шақырту түссе кез келген уақытта, облыстың кез келген жеріне жетуге әзір. Мобильділік пен жеделділікті полицей-жүргізушілер мен ведомство автокөлік шаруашылығының қызметкерлері қамтамасыз етеді. Автошаруашылық ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының құрамына кіреді, бөліністің штатында 40 шақты қызметкер бар. Жеңіл автокөліктер, автобустар, жүк көліктер – осының барлығы автопаркке кіреді, ал полицей-жүргізушілер, қызметшілер мен механиктер қызмет көрсетеді. СҚО ПД АКШ механиктерінің бірі болып Владимир Иосифович Агай 4 жыл жұмыс істейді. Полиция қызметіндегі ширек ғасыр өтіліне енді механик лауазымындағы еңбек өтілі қосылады. Зейнетке Владимир Агай 2015…
