Ұялмайсыз ба? - 2
Сол сөзді сөз деп аузына ілгендерді ұлттың қаймағы деп айтатын болдық, ол дым да қаймақ емес, ішсең ішіңді өткізетін іріген сүт еді.
*** Қайынатасының атын атау я қайнысының атын атау келінге ұят, білесіздер. Неге десең, ұят дейді. Себебін қарасаң, сол атты атамаудың өзі қайныатасымен арасын әдеп пен ибаға бөлеп тұратын, бөліп тұратын. Атын атамай тұрған ибалық болғанда, қайдағы бет жыртысу, жаға жұлысу?
**** Шындап келгенде, біздікі қыртым рушылдық. Егер шынымен рушыл болсақ, арамызда ешқандай қайыршы шықпас еді. Бұрын әр ру өзінің жоқ-жітігін шетке жібермей, алдына малын салып, бір жалшының я малшының қызын алып беріп, қатардан шығармайтын. Себебі, ол қайыршы сыртқа шықса, рудың атына сөз келетін. Ұят болатын. Бұрын кенже баланың міндеті қарашаңырақта қалып, әке-шешесін бағу болатын. Оны ата-анасы да біледі, баласы да біледі – ол талқыланбайтын. Бұзып көр – ұят болады. Қазір содан ұяттың жамылғысы сыдырылып түсті де, қарттар үйі қалды орнын басып...
*** Əр елдің əдеп нормасы бізге келе бермейді. "Дом-2" секілді реалити-шоулардың түбі Голландиядан шыққан дейді. Себебі, мұндағы көп үйде терезесіне перде ұстамайды-мыс. Жуынасың ба, жақындасасың ба, ұрысасың ба - бəрі ашық. "Ешкімнен ештеңе жасырмаймыз" деген дəстүрі шығар, бəлкім. Ал бізде перде тұрды. Əр үйде. Ұяттың пердесі болды. Ол болмаса киіз үйдің шиі бар еді...
Ұят-ай, қайран!
Ақпарат көзі
