Перейти к содержимому
Omirhan

Өмiр Шыныбекұлы

@Omirhan

На сайте с 3 августа 2011 г.Казахстан, Шымкент

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

75

комменты

96

подписчиков

18

подписок

6

ӨСЕК деген не?

Адамдар арасындағы араздық пен ұрыс-керістің себептерін жіктесек, ең үлкен бөлігі «Мен туралы өсек айтыпты» - деген «себепке» тиеді... Олай болса... Сізді мысалы үшін 1000 адам таныса, соның ішінен жүз шақтысы і сіз туралы әңгіме айтуы мүмкін. Адамның бәріне жағу мүмкін емес.. Сол жүздің жартысы мақтаса, жартысы жамандауы мүмкін. Өзіңізді жамандайтын 50 адамның аузын жауып шығуға сізде мүмкіндік бар ма? Әрине жоқ! Сіз күйіп-пісіп, өзіңізді қажап жүргенде әлгі сізді әңгіме еткен адам сіз туралы мүлдем ұмытып та кетуі мүмкін.. Ең дауасы – ондай өсекке назар аудармауға күш салу, дағдылану.. Жалпы, «Өсек» деген ұғымның көңіліме қонатын баламасын таппадым. «Біреуді сыртынан ғайбаттау», «Сыртынан әңгіме айту», «Адамдар арасында сөз тасу» - деп кете береді екен.. «Адамдар арасында сөз тасу» - бі…

0
0
11555

Почему Старший жуз не поддержал Кенесары в его противостоянии с кыргызами?

1. При всем уважении к личности Хана Кене, кыргызы никогда не признавали верховенство чингизидов. Они подчинились своим манапам. То есть отдельное независимое государство.. А идти воиной на другое государство называется агрессией, даже за отказ дружбы против третьей страны. 2. Кенесары внук Абылай хана который трижды шел войной против кыргызов, один из них т.н. «Жайыл қырғыны», был опустошительным для кыргызов. А некоторые которые пережили набеги Абылай хана были еще живы.. 3. Предводители Старшего жуза, прекрасно осознавали, что вражда своими ближайшими соседями-кыргызами, им ни чего хорошего не сулит. К тому же они были тесны связаны с кыргызами, у кого-то дочь вышла замуж за кыргызы, у другого сноха кыргызка. Они считали, что в любом случае Кенесары вернется в Көкшетау, а они останутся…

Олимпиада чемпиондары

«Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» десек те, Тәуелсіз Қазақстан Олимпиадалық ойындарда үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Төменде тек Олимпиада чемпионы атанған спортшыларымызды жазып отырмыз. 1960 ж. Рим Олимпиадасы Ғұсман Қосанов (1935 – 1990) күміс жүлдегер (жеңіл атлетика) Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. 1972 ж. Мюнхен Олимпиадасы Әлжан Жармұхамедов (1944 ж.т.) Олимпиада чемпионы (Баскетбол) 1980 ж. Мәскеу Олимпиадасы Шәміл Серіков (1956-1989 жыл) Олимпиада чемпионы (грек-рим күресі) 1980 ж. Мәскеу Олимпиадасы Жақсылық Үшкемпіров ( 1951 ж.) Олимпиада чемпионы (грек-рим күресі) Шымкенттен шыққан тұңғыш Олимпиада Чемпионы. Нелли Ким - 1976 ж. Монреаль Олимпиадасы (Спорттық гимнастика) 1996 ж. Атланта (АҚШ) Василий Жиров - Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өн…

1
0
17912

«ЖЕР КОМИССИЯСЫ» керек пе?

Қазір жұмыс жасап жатқан «Жер комиссиясының» жұмысына біржақты баға беруге болмайды. Оған тереңірек қарау керек. Ол жерде жердің тағдыры ғана сөз болып жатқан жоқ, болашақ Заң шығарушы биліктің негізі қаланып жатқан секілді. Түрлі саяси көзқарастағы, әртүрлі өмірлік ұстанымдағы, қызметі мен әлеуметтік жағдайлары бір бірінен алшақ азаматтар бірін бірі тыңдауды үйреніп жатыр. Біз ашық пікірталастарды 1990-95 жылдары көргенбіз. 1995жылы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданған соң, парламент қабырғасындағы дебаттар мен дискуссиялардың «қызуы» біртіндеп басылып, ақырында «Алдымен экономика, сосын саясат» деген үндемес принципке көштік. Оның қандай нәтиже бергенін өздеріңіз көрдіңіздер. Осы құрылған Жер комиссиясының М.Шаханов, Д. Көшім, А. Сарым, М. Тайжан секілді мүшелері мен комиссия төрағас…

0
0
511

«ЕҢ БАСТЫСЫ ЖЕҢІС ЕМЕС, ҚАТЫСУ»

Ежелгі Олимпиадалық ойындарды Жаңа заманға лайықтап жаңғыртқан француз Пьер де Кубертеннің серігі француз священнигі Анри Дидон Лондонда өткен IV Олимпиадалық ойындардар барысында финишке аз қалғанда құлап қалған итальяндық марафоншы Дорандо Пиетриді жұбату үшін «Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» деген еді. Осы сөз кейін барлық Олимпиадалық ойындардың бейресми ұранына айналды. Тіпті, қылышынан қан тамған КСРО-ң насихат құралдары да олимпиадалық ойындар барысында осы сөзді жиі қолданатын. Медальдер үшін сыйақы жоғары болған сайын, жаттықтырушылар мен спортшылар оған жетудің түрлі әдістерін іздестіре бастайды. Кейбір әдістер заң мен моральға қайшы келіп қана қоймай, спортшылардың өз денсаулықтары үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Оның үстіне біздің ауыр атлеттердің айналасындағы кейінгі оқиғалар…

0
0
1150

Патриотизм деген не?

Сіз кез келген адамнан - Патриотизм деген не? - деп сұраңызшы. Ойланбастан "Отанды сүю" деп жауап береді.
Ал "Отанды сүю" деген абстракция. Бізге сол абстракциядан арылу керек. Мен шәкірттерімді абстракциямен "қоректендіре" алмаймын.Патриотизмнің өлшемін табу үшін шетелдік және еліміздің көптеген ғұламаларын қарап шықтым. Бірақ ешбірінен тұщымды жауап таппадым. "Қазақстандық патриотизм", "Жаңақазақстандық патриотизм" деген бірдеңелер жүр. Бірақ оны жазған адамның өздері түсінбесе, оқушылардың түсінуі қиын. Сосын өзім жауап іздей бастадым..

1
0
6144

Эмансипация

8 наурыз мерекесіне қарсы еркектердің жайы белгілі...Олардың басым көпшілігі әсіредіншілдер, тағы біраз бөлігі әсіреантикоммунистер, азырақ бөлігі әйелден жолдары болмағандар.....Ал, осы мерекені ұнатпайтын қыз-келіншектердің жағдайын түсінуге болады.Олардың көпшілігі өте рухы күшті және білімді әйелдер... Сол күшті әйелдің өзі өзінен күшті еркекке бағынғысы, табынғысы келеді... Бірақ ондай өте күшті еркектер аз... Біздің ауылдың мен қатарлы азаматтары үшін білімді әйел қандай болды? Бізге мектепте негізінен соғыстан кейін 7 жылдық мектепті бітіріп, кейін курс немесе ЖОО-н сырттай бітірген мұғалімдер сабақ берді. 1. 1975 жылдары мектебімізге бір жас апай келді. ЖОО жаңа бітірген, ең бастысы күндіз оқып бітірген. Неміс тілінен сабақ берді. Бірақ сол апайымыз еркек секілді еді. Күлгенде дар…

0
0
1416

ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕГІ ЖЕР БӨЛІНІСІНІҢ ТАРИХЫ.

1865 ж. Ресей үкіметі «Қазақ даласын басқару туралы Ережелердің» жобасын дайындау үшін «Дала комиссиясы» аталған комиссия құрды. Оның құрамына Ішкі Істер Министрлігінің, Әскери Министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді. Ресей өкіметі 1855 ж. бастап Жетісуға орыс казактарын қоныстандыра бастаған еді.. 1865 жылдың ақпанында Жаңа-Қоқан линиясы таратылып, орнына Орынбор генерал-губернаторлығының Түркістан облысы құрылды. 1867 жылғы сәуірде Түркістан облысы жеке бөлініп шығып, әкімшілік жағынан аймақ үшке - орталық, оң және сол қанатқа бөлініп басқарылды. Алғашында өлкенің орталығы ретінде Әулиеата қаласы қарастырылған. Бірақ, Шығыс Түркстандағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қытай өкіметіне қарсы басталған дүрбелеңі, орталық ретінде Қытай шекарасынан қашықтау Ташкент…

0
0
2780