«ЕҢ БАСТЫСЫ ЖЕҢІС ЕМЕС, ҚАТЫСУ»
Ежелгі Олимпиадалық ойындарды Жаңа заманға лайықтап жаңғыртқан француз Пьер де Кубертеннің серігі француз священнигі Анри Дидон Лондонда өткен IV Олимпиадалық ойындардар барысында финишке аз қалғанда құлап қалған итальяндық марафоншы Дорандо Пиетриді жұбату үшін «Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» деген еді.
Осы сөз кейін барлық Олимпиадалық ойындардың бейресми ұранына айналды. Тіпті, қылышынан қан тамған КСРО-ң насихат құралдары да олимпиадалық ойындар барысында осы сөзді жиі қолданатын.
Медальдер үшін сыйақы жоғары болған сайын, жаттықтырушылар мен спортшылар оған жетудің түрлі әдістерін іздестіре бастайды. Кейбір әдістер заң мен моральға қайшы келіп қана қоймай, спортшылардың өз денсаулықтары үшін аса қауіпті болуы мүмкін.
Оның үстіне біздің ауыр атлеттердің айналасындағы кейінгі оқиғалар бүгінгі жеңісті 10 жылға дейін толық жеңіс деп айтуға болмайтынын көрсетті.
Кешегі батырларымыз – бүгін кім?
Жастарға патриоттық тәрбие беру аясында ел мақтаныштарын атап көрсетуге міндеттіміз. Енді медальдер мен рекордтар айналасындағы осы жағдайларды жастарымызға қалай түсіндіреміз?
Бәрін саясатқа жаба саламыз ба?
Сондықтан, осы сыйақылардың көлемі жөнінде ойлану керек...
Осы қаражатты бөлетіндер ақша жұмсайтын жер таппай отырса, алысқа бармай-ақ өзінің жұмыс орнына ең жақын мектептерге бас сұғып шықсыншы..
