Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Эмансипация

8 наурыз мерекесіне қарсы еркектердің жайы белгілі...

Олардың басым көпшілігі әсіредіншілдер, тағы біраз бөлігі әсіреантикоммунистер, азырақ бөлігі әйелден жолдары болмағандар.....
Ал, осы мерекені ұнатпайтын қыз-келіншектердің жағдайын түсінуге болады.
Олардың көпшілігі өте рухы күшті және білімді әйелдер...
Сол күшті әйелдің өзі өзінен күшті еркекке бағынғысы, табынғысы келеді...
Бірақ ондай өте күшті еркектер аз...
Біздің ауылдың мен қатарлы азаматтары үшін білімді әйел қандай болды?
Бізге мектепте негізінен соғыстан кейін 7 жылдық мектепті бітіріп, кейін курс немесе ЖОО-н сырттай бітірген мұғалімдер сабақ берді. 
1. 1975 жылдары мектебімізге бір жас апай келді. ЖОО жаңа бітірген, ең бастысы күндіз оқып бітірген. Неміс тілінен сабақ берді. Бірақ сол апайымыз еркек секілді еді. Күлгенде дарылдап күлетін. Ал, ашуландырсаң, құдай салмасын... 
Жаныңа жетіп келіп, шапалақпен жақтан бір тартатын. Мектепке келе сала оншақты күнде өзін танытып қойды. 6-7-ң қыздарын қайдам, ұлдары әлгі апайдан кәдімгідей қорқатынбыз.. Бірте-бірте санамызда әлгі апайды әйел санатынан шығарып қойдық.. :-)
Қыркүйектің соңына қарай мектеп оқушыларын пияз жинауға сабақтан босатты. Мұғалімдер болса да бізбен бірге..
Әлгі апайымыз пиязға бұтына тырысқан қып-қызыл шибарқыт шалбар киіп шықты.. Ол заманда ауылда қыз-келіншектің шалбар киюуі жалаңбұт шыққанмен қатар-тұғын.. ... 
«Ерсі көрінсе қайта-қайта қарай бер! Көзің үйренеді» - деп Michael інім айтқандай, апайдың діңкиген бөксесіне сұқтанып қарап жүріп, оғанда үйрендік. Біржола еркек санатына жатқызсақ керек...
Жоқ әйел екен! 
Бізден бірер сынып жоғары оқитын бұзықтың бұзығы Рахымжан дейтін бала бар-тын. Шал-кемпірдің еркесі Рахымжанға қатты сөйлеуге директордың өзі бата алмайтын. Бір күні пиязға Рахымжан да балағы жер сызған қып-қызыл «кала-кала» шалбар киіп келді. Жұмыс басталмай жатып, әлгі апаймен ерегісті бастады. Апай тұрғызған жүйекке тұрмай біраз қиғылық салды. Біраздан соң, әр баланың жанына барып тиісіп, жинап қойған пияздарын шашып, апайдың қанын қарайтты. Әбден зығырданы қайнаған апай қолындағы солқылдақ шыбықпен Рахымжанды құйрықтан бір тартты. Рахымжанға да сол керек екен. Ойбайын салып, жақын маңдағы Ақсу өзенін бетке алып қашты. 
Атақты «Ақсу каньоны»! 
Тік жартастары мен құлама құздары, үңгірлері жетерлік. Апай соңынан кетті. 
Біраздан соң оларды ұмытып жұмысымызға кірісіп кеттік. Норманы орындамасаң, апайдан бәлеге қаласың..
Түске жақын өзен жақтан қызыл шалбарлы екеу көрінді. Жақындағанда байқасақ, Рахымжан ыржаң-ыржаң етіп келеді. Ал, апайымыздың кең етекті шляпасы қолында, қысқа бұйра шашы қобырап кеткен. Қас-кірпіктеріне жаққан бояуы бетіне ағып кеткен. 
Түрі әлем-жәлем.. 
Кейін естісек, әлгі жүгірмек апай шыға алмайтын құздың үстіне шығып, «Кері қайтпасаңыз секірем» - деп қорқытқан көрінеді...
«Батырға да жан керек». Апай жылап-еңіреп, жалынып-жалбарынып, әзер түсіріпті. .. Бірақ ертеңіне – ақ апай бұрынғы «еркек» қалпына қайта келді. 
2. Біз 9 сыныпты бітірген жылы мектепке ЖОО-н жаңа бітірген жас жұбайлар келді.
Ағай жуас, өте жақсы адам еді. Ал, әйелі құдай салмасын, өрімдей жас бола тұра нағыз көкбеттің өзі болатын. Қит етсең «Әтеңәнәлет мозга!» деп борды лақтырып жіберетін. Бұғып үлгерсең жолың болды. Өзіміз көргеніміз жоқ. Көрші тұратын балалардың айтуынша, ағай үйіне ішіп келсе, бетіне бәтеңке лақтырады десетін. .. 
Бірер жылдан кейін ақыры екеуі ажырасып кетті.
Міне, мен көрген ең алғашқы білімді әйелдер...
Өз басым соларды көріп ешуақытта жоғары білімді қызға үйленбеймін деп шешкем :-)
Ақыл-білімімен еркекті он орап алатын әйелдер бар. Бірақ олар өзі етегінен ұстаған еркектің ығына жығылуды үйренбесе, бақытты бола қоюы қиын.. Еркектің ығына жығыла білуді ешқандай ЖОО-ы үйрете алмайды. 
Әрбір әйел өз алған тәрбиесі мен ішкі түйсігі арқылы ғана үйренеді...
Дегенмен, Л.Толстой айтты дейтін «Бақытты отбасылардың бәрі бір-біріне ұқсас. Ал бақытсыз отбасылар әрқайсысы өзінше бақытсыз» - деген сөз дұрыс-ау.....

0
0
1417

Еще по теме

Эмансипация - Yvision.kz