Патриотизм деген не?
Сіз кез келген адамнан - Патриотизм деген не? - деп сұраңызшы. Ойланбастан "Отанды сүю" деп жауап береді.
Ал "Отанды сүю" деген абстракция. Бізге сол абстракциядан арылу керек. Мен шәкірттерімді абстракциямен "қоректендіре" алмаймын.Патриотизмнің өлшемін табу үшін шетелдік және еліміздің көптеген ғұламаларын қарап шықтым. Бірақ ешбірінен тұщымды жауап таппадым. "Қазақстандық патриотизм", "Жаңақазақстандық патриотизм" деген бірдеңелер жүр. Бірақ оны жазған адамның өздері түсінбесе, оқушылардың түсінуі қиын. Сосын өзім жауап іздей бастадым..
