«Демократия»
+ 21 1985 ж. КСРО билігіне М.Горбачев келді де, демократия туралы сөз көбейді. Барлық БАҚ соны жазады. Үйдегі үтік, тоңазытқыш пен шаңсорғыштан басқа электр приборларының бәрінен Горбачевтің дауысы шығады... Жұмыс орныңда да сол... Ертелі-кеш қабырғадағы 5 сомдық радиодан Горбачев сұңқылдайды да жатады. 80-ге таяп қалған алжыған Брежневтің балпылымен салыстырғанда 54 жасар Мишканың дауысы 25 жасар жігіттің даусындай қайратты, ең бастысы сенімді естілетін. Ол кезде жобалау институтындамын. Әріптестердің бәрі өте сауатты азаматтар. Горбачевтің сөздерін талқылаймыз. Арақпен күрескені онша ұнамаса да, "Алтын дән" дүкенінде пәленбай сағат кезекте тұрып, алып келген арақ-шарап үстінде Горбачевке қолдау білдіреміз... Бастығымыз "байский замашкісі" бар, геолог болып әбден дала кезген қазақ... Қит…