«ЖЕР КОМИССИЯСЫ» керек пе?
Қазір жұмыс жасап жатқан «Жер комиссиясының» жұмысына біржақты баға беруге болмайды. Оған тереңірек қарау керек.
Ол жерде жердің тағдыры ғана сөз болып жатқан жоқ, болашақ Заң шығарушы биліктің негізі қаланып жатқан секілді.
Түрлі саяси көзқарастағы, әртүрлі өмірлік ұстанымдағы, қызметі мен әлеуметтік жағдайлары бір бірінен алшақ азаматтар бірін бірі тыңдауды үйреніп жатыр.
Біз ашық пікірталастарды 1990-95 жылдары көргенбіз.
1995жылы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданған соң, парламент қабырғасындағы дебаттар мен дискуссиялардың «қызуы» біртіндеп басылып, ақырында «Алдымен экономика, сосын саясат» деген үндемес принципке көштік. Оның қандай нәтиже бергенін өздеріңіз көрдіңіздер.
Осы құрылған Жер комиссиясының М.Шаханов, Д. Көшім, А. Сарым, М. Тайжан секілді мүшелері мен комиссия төрағасы А.Мырзахметов бастаған Үкімет мүшелері , депутаттар жайшылықта бірін бірі мойындамаулары мүмкін.
Бірақ, Жер комиссиясының отырыстарында бірін бірі тыңдауға мәжбүр болып отырғанын көріп жүрміз. Комиссия мүшелерінен өзге жерге қатысты пікір айтам деуші кез келген азамат өз ойларын ортаға тастап жатыр.
Мұның бәрі демократияның мектептері...
Сондықтан, Жер комиссиясы өз жұмысын тоқтатпауы тиіс.
