ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚ
Автор Мирлан Алтынбекwww.sts.kz www.tengrilab.kz#sts.kz #tengrilab.kzҚазір ел бойынша республикалық деңгейде киберқылмысқа қарсы шұғыл алдын алу шаралары өтіп жатыр. Мәселен, елде әлеуметтік желіні қармақ ретінде пайдаланатын алаяқтар азаяр емес. Қаскөйлер азаматтардың әлеуметтік желі парақшасын бұзып немесе олардың атынан жаңадан аккаунт ашып, интернеттегі достарынан қарызға ақша сұрауды әдетке айналдырған. Гүлзат қазір өзінің әлеуметтік парақшасын жойып тастады. Өйткені осыдан бірнеше ай бұрын белгісіз біреулер желідегі аккаунтын бұзып, ондағы достарынан мессенджер арқылы шұғыл түрде қарызға ақша жіберуді өтінген. Абырой болғанда, құрбы-құрдастары сұраушының Гүлзат емес, алаяқ екенін бірден түсінген. Біріншіден өтініш-хабарлама түн ортасында және ресми тілде жіберілген. Екіншіден ақшаны…