Перейти к содержимому
Обложка сообщества Путешествия

КИЕВ / СИ / УКРАИНА / ДУЛИ

Дуляға кейін ораламыз.)) Негізі, өткен жылы (03.07.2018) Стокгольмнен Астанаға қайтып бара жатқанда Украина астанасы - Киевке жол түсті. Транзит аралығы 5-6 сағат болған соң, Борисполь әуежайына қона сала бірден қоғамдық көлікпен орталық алаңға тарттым. Артынша, қала ішіндегі таксиге отырып діттеген жерге де жеттім. Оның алдында Мәскеуден Калининградқа ұшарда бірнеше мәрте рейстен кешіккенімді ескерсем, осы жолы да біраз тәуекелге барғаным рас.)

Сонымен, таксимен Хрещатик көшесінің ЦУМ ауданына жеттім...

18-19 ғасырдан бергі көне көше

Стокгольмнан келген соң ба... Киев қаласы алғашында жұпынылау көрінді..)

Хрещатик, 36

ЦУМ-ның кіреберісі

Әлгі Майдан деген жер осы

2013-те Еуромайдан болған алаң

Украіна Готель

"УкрПошта" ғимараты, жанында қаланың жағрафиялық ендігі мен бойлығы көрсетілген тұғыр

Ғылабас

Қарадағы қыз субұрқақ қасында телефонмен әңгімелесіп тұр, бұл тұрған сыр

Керемет архитектуралық үйлесім

Байқасаңыз, ескерткіштері мен мүсіндерінде алтын мен қара түстер басым

Көк тудың желбірегені Укрға келдің дегені... Айтпақшы, алдыңғы күні Украина туының күні болды. 23.08.2019

Майдан немесе Тәуелсіздік алаңы тек Киевтің емес, Украинаның негізгі алаңы болып саналады. 10-ғасырға дейін бұл жер батпақ болған. 19-ғасырдан бері Хрещатик көшесімен жалғасты.

Мұнда да алтынды жақсы көреді

2000-жылы қойылған ақ колонна үстінде – Берегиня. Жаманнан қорғайтын Богиня деген ғой типа...

Осындай керемет табиғи-гүли сағат.)

Рим цифрімен

Шолу көпірі

Қызығы сол едені ауылдағыдай ағаштан жасалған.))

Сықыр, сықыр...

В.Зеленскийді онша танымаған және комик ретінде мойындамаған кезім.)

Майдандағы шолу мұнарасынан қалаға қарағандағы көрініс

Естеріңізде болса, Еуромайдан. 2013-2014 жылдары Украиндағы саяси дағдарыс кезінде билікке және көрші елдің саясатына наразы азаматтарға осылай лық толған еді..

Иса

Үзілісте ыстық кофе ішкен жер, сондай ыстық.)

Қателеспесем, капучино...

Әйгілі "Алтын қақпа". Ярослав Мудрый князі кезінде салынған қорғаныс нысаны, қорған, бекініс, қақпа.

Метро станциясына да "Златые врата" атауы берілген

Музыкант Бритни Спирстің "Toxic" әнінің баяу нұсқасын орындап тұр

Айтпақшы, Киевтегі метро желілері Стокгольм мен Мәскеу желілеріндей күрделі емес. Станциялары да көп емес, шатыспайсыз, адаспайсыз.

Лук'янівська, Дорогожичі, Сирець

Владимир Мономахтың немересі – князь Ростислав Мстиславич. Анасы швед королі Ингенің қызы - Христина Шведская болған. / 1154-1167 /

Кейбір станциялары жұпынылау көрінеді, әбден көнерген, әлде түстері қанық емес пе...

Тығылыспақ

Метро-махаббат

Вагон ішіндегі музыкант бір мезетте бірнеше аспапта ойнайды екен. Туннельден шыға сала, Днепр өзенін метро терезесінен ғана көрдім

Мінекей, Киев деген осындай тарихи қала. Уақыт шектеулі болған соң көп аралай алмадым. Мен көрмеген әлі талай әдемі жерлері бар дейді көргендер.)

Үстіңе әппақ көгершіндерді сұрамай отырғызып, ақша алатындар көп бұл жерде.))

Айтпақшы, көпшілік жігіттер айтқандай, қыздары әдемі елдердің қатарында екеніне көзім жетті Украинаның. Әлгі "4 этажда бір балкон" көрсеткен шал... қыздарын қызғанған болуы керек: "мына қытайлар ертең біздің қыздарға үйленіп, көбейгісі келіп жүр" деп алаңдағаны шығар эмоциясын солай шығарып.))

16 мен 23 қайтып келмейді...)

Қатты сынамаң енд.)

Фонтан – одуванчик

Жалпы көшелері сондай европейский

Рейсімнен қалып қоймайын деп жергілікті уақытпен санасып жүрдім

Жергілікті әкімдіктері

БӘСЕ, Киівська Міська Рада дид.)

Керемет сәулет үлгісі

Жасыл желектері де жетерлік

Туристер ау шамасы. Көрмеген жерлерді көруге тағы себеп бар.)

ЦИТРУС, iPhone 8 бағасы 22 599 гривна дид

Борисполь әуежайы метроның соңғы станциясынан әрірек орналасқандықтан, ары қарай таксиге отыруға тура келді. Ташкенттегідей қу екен жүргізушілері. Ақшадан ұтып қалғысы кеп тұрады. Әйтеуір, уақытылы тіркеліп, елге аман сау ұшып жеттім.)

Gate номері (D12) мен жарнамада тұрған жол сөмкесінде белгілі бір намек бар.)) Түсінгендер түсінер...

----------------------------------------------------------------

А иә. Дуля демекші... Бас бармағын 4 саусағының арасынан көрсетті. Түрімді көріп, қытайлық деп ойлап қалды ма? Қайдам. Метро ішіндегі жолаушыларды камераға түсіріп тұрсам, оң жағымнан сол қолын созып егде жастағы кісі кадрға енбесі бар ма? 1-2 секундтай тұрды дуля көрсетіп. Мен де еш мән бермей, үн-түнсіз түсіріп тұра беріппін.) Әлде бұл украиналықтардың "Қош келдіңіз" дегені ме?! Көз тимесін деді ме, әлде көзімнен теріскен байқады ма...)) Жақсылықтың нышаны шығар. Жарайды, қалғанын видеодан көрерсіздер:

1
6
3454

Еще по теме