Перейти к содержимому
Обложка сообщества Путешествия

БҰЛ - ЫСТЫҚ ЫСТАНБҰЛ

2018 жылдың шіліңгір шілдесі. Тамыздағы еңбек демалысы амалын алдын ала жоспарлап отқан кез. "Қай қалаға барсам екен?" деп отқан сәт болатын. Тізімде Мәскеу, Баку, Тбилиси, Ереван, Бухарест, Будапешт пен Ыстанбұл. Соңғысына бармаған адам кемде-кем екені белгілі. Өзгелердің фотолары мен твдағы сериалдарынан көріп тастағанбыз. Банально, бірақ қолжетімді. Кісі басына барып келу небәрі 50 мың теңге. Өзге қалалармен салыстырғанда 2-3 есе арзан. Олай болса, бұрынғы әдетіме салып бір өзім барғанша, қолжетімділікті пайдаланып отбасымен барған жөн деп шештім. Өкінбедім. Тоқтайтын қонақүйді алдын ала броньдап, гугл мәп арқылы қаланың картасымен азды-кем танысып алдым. Сонымен кеттік, алдарыңызда Шығыс пен Батыс тоғысқан қала - Istanbul.

Me(n)

Еліміздің егемендігін алғашқы болып мойындаған елдің туы. 4 күн бойы ауа райы масқара ыстық болды. Терең тыныс алайын десең, бір ауа жетіспейтіндей.)

Иә, сериалдардағы әлгі көпір.)

Қос ғашық

Қармағын салған балықшы

Үйлердің көбі қырда орналасқан

"Қыналы қар" сериалы еріксіз еске түседі))

Turkish Airlines

Қара оранғандар аз емес мұнда

Босфор бұғазының Батыс жағалауы

Керемет көрініс емес пе?!)

Жас жұбайлар

Көпшіліктің арманы)

Eski Tekel Binasi

Сол жақ жанындағы – Istanbul Devlet Tiyatrosu

Uskudar Tekel Sahneleri

Көгершін ұя салғанда...

Pasalimani Caddesi

Жаңа қала

Жасыл желекте демалғанға не жетсін)

Тал түбіндегі ғашықтар

Ғашықтарға қарап отқан қыз

С әкетаем

Осы кезде Хёнда көлігін алғым кеп жүрген

Жолда негізі қозғалыс көп

Қарындасым Мерей.)

Қайда барсаң, Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткіштері

Saat

Тез салынып, тез сүрілетін үйлер

Кейбір көшелері тар

Sen Kirmizi did

Әлгі келіншек қайда барады екен???

Айналма жолдарына дейін қызыл ту

Біздегі Мега сияқты сауда үйлер бірінің кіреберісі

Тас лақтырсаң мешіт

Бір жағадан екіншісіне кемемен жету тез болмағанымен қолжетімді

Халық қарасы қалың

Жағалау толған жолаушы. Су сатушылар көп, 0,5 литр бағасы 1 лира

Қайда қарасаң да мешіт

Қайда қарасаң да қызыл ту

Кемеден көрініс

Жазықтықтан гөрі қырлы жерде нысан салған әдемірек көрінеді деп қаласың

А вот и БІЗ

Жел қатты, малақайың ұшып кете жаздайды

Жаңа қала ғо манағы

Құрлыққа оралайық

Мешіт, мешіт, мешіт...

Халық банк

Көне қала

Біз орналасқан "Le Maison" отелінің іші, 2 бөлек бөлме 4 күнге 100 мың теңгеден асты (Бахчылар)

"Хазар" колледжі

Өтрік (оптик)

Қырға салынған үйлер көп, тіпті қорқасын бар ғо құлап кетпей ме деп...

"Еребатан Сарныджы" жерасты музейі

Как будто в ауле оказался есьже)

Көк мешіт жақтағы алаң

Көк мешіттің өзі, Ай көрініп тұр байқасаңыз)

Мешіт ауласы

Мешіттің сыртқы ауласы

Шығарда тура алдыңнан "Айя София" мұражайы

Мешіт қақпаларының бірі

Туристердің көбі осы жерге келеді

Тулар көбәқ

Метро іші, қателеспесем "Мәрмәр сарай" стансасы. Вагон ішінде екі жас бала мені қытайлық деп ойлап, көздерін саусақтарымен ұстап сығырайтты. Өзіңді біртүрлі сезініп қалады екенсің. Әсіресе, ата-анаңның көзінше.))

Метродан шыққандағы көрініс, айтпақшы осы жерде жергілікті тәртіп сақшылары құжаттарымызды сұрап тексерген. Ашуым басыма шапқаны соншалық, ана тұрған жігіттер куә.)

Әлгі колледж. Отельге жетеміз дегенше уже кеш батты

Типа Джокер немесе It (оно)

Kirazli Mezarligi

Әлгі Saat кешкісін

Таксидің орташа бағасы қала ішінде 20 лира дид

"istikbal" түрік жиһаз бренді

Мейдан Дөнер

Ошақбасы

DeFacto. Қолжетімді бағамен екі футболка алғам. Бірін бір қызға беріп жвердім сыйға.)

Баспалдақта отқан қыз,,, жігітімен ұрсысып қалды, потом қайта татуласты

Алатын заттарымызды алып, Ақтөбеге кейін қайттық

Көріскенше, Ыстанбұл! Келесі келгенде көрмеген жерлерді көреміз...

Бірақ Ақтөбеге оралмас бұрын, Мәскеуге топ ете қалдық. Әкем оқыған кезін бір еске түсірді.)

Қызыл алаң. Жалпы масқала көшелері тап-таза. Мысалы, Ыстанбұлда қоқыс көп. Әсіресе, метромен жүргенде байқайсың, вроде әлемдік қалалардың бірі..

Осылайша, Ақтөбе-Мәскеу-Ыстанбұл рейсімен ұшып, қайтарда да осы бағытпен келдік. Ақтау немесе Баку арқылы оралу сәл қымбаттау болды. Негізі бір оқпен 3 қоянды (қаланы) алғым келген, болмады.

Бұл да бір керемет естелік. Айтпақшы, қарындасым Мерей туған күнін Ыстанбұлда атады.) 21-тамыз, Құрбан Айтпен тұспа тұс келді.

Видеобонус:

6
9
2209

Еще по теме