КӨНЕ ҚАЛА - КӨНИГСБЕРГ / КАЛИНИНГРАД / МОДРИЧ

Көне қала Көнигсберг – бұрынғы Шығыс Пруссия, қазіргі Батыс Ресей шаһары. Батысында Балтық теңізі, шығысында Литвамен, оңтүстігінде Польшамен шектеседі. Бірақ, Ресейдің алып аумағымен де, Беларусь елімен де шектеспейді. Проросистік саясатқа қарсы елдердің ортасында оқшауланып қалған "ақ қарға" былайша айтқанда. Қысқасы, Әзербайжанның Нахачеван өңірі іспетті. Көрші елдердің азаматтары калининградтықтарды көп жақтырта бермейді деседі. Бір қызығы, қала тұрғындарының 1/3 бөлігі - біздің елден көшіп барған бұрынғы қазақстандықтар. Жүздеріне қарасаң, өткен өміріне сағынышы байқалады. Қазақстаннан пойызбен немесе көлікпен емес, әуемен ұшып бара салған әлдеқайда ыңғайлы. Ақшаңыз бен уақытыңызды үнемдейсіз, жүйкеңіз де жұқармайды. Өйткені, Литва аумағымен өту үшін Шенген визасы немесе транзиттік рұқсатнама керек. Тарихи қала белгілі неміс философы Иманнуил Канттың Отаны саналады. Бірақ КСРО кезінде салынған тұрғын үйлер неміс сәулетінің ажарын бұзып тұрғанын еріксіз аңғарасыз. Осыған байланысты, соңғы жылдары жергілікті билік бірқатар ғимаратты германиялық архитектураға ұқсатып салып жатыр. Мұнда келген мақсатым біріншіден, футболдан Әлем Біріншілігі матчын тамашалау болды. Екіншіден, кәрі құрлық аумағында орналасқан қаланы визасыз аралау.

Осыдан бір жыл бұрын, 14-маусымда елордадан Мәскеуге ұшып, Шереметьево әуежайына қондық. Артынша Калининградқа жету үшін Внуково әуежайынан ұшу керек болатын. Ол жаққа таксимен барып, "қаланы сәл аралайын" деп алысқа ұзап кетіп, рейстен қалып қоймайм ба?! Мас қала шаһарының алып аумағын ескермегенім үшін осылай жазаландым.))

Мәскеу Сити

Туристердің көңілінен шығар футуристік зәулім ғимараттар

Ертеңге билет алып, қонақүйде қонуға тура келді. Бірақ бағасы арзандау мейманхана әуежайдан алыс орналасқандықтан, "ақшамды үнемдеймін" деп әуежайға метромен, артынша "Аэроэкспресс" жүрдек пойызы арқылы бармайм ба?! Таң қалмаңыз, рейстен тағы да қалып қоям.)) Сол күні кешкі рейске билет алып, әуежайдан бір адым аттамай, әйтеуір ұштым Көнигсбергке. Қалтадан бұрын, жұқарған жүйкені айтыңызшиш.)

"Храброво" әуежайына қонып, қала орталығына таксимен жетіп, қонақүйге орналастым. Заттарымды реттеп, кешкі қаланы аралауға шықтым. Қолда фотоаппарат. Ертең Хорватия мен Нигерия арасында матч. "Болғанынан, боладысы қызық" деген керемет көңіл-күй!)

Балық ауылы, Преголя өзені


Шолу мұнарасы, ратуша


Тора Үйі, синагога

Бір қарағанда Венецияға ұқсап кетеді)


Облыстық көркем өнер музейі


Кант аралы, кафедралды собор аумағы


Забивака

Неміс философы Иманнуил Канттың мавзолейі





Макет-ескерткіш

Ғимаратқа кірер қақпасы

Кемедегі демалушылар, серфингист


Ертеңгі матчты асыға күтіп жүрген қала тұрғындары мен қонақтары


Қаланың арғы жағалауына апарар көпір

Еуропалық стильде салынған жаңа ғимарат




Көне болса да, әдемі нысан




Жаңадан салынған стадион "Балтика Арена"

"Балтика" ФК осында ойнайды




Еще трамвай бар






Пайдасыз тұрған нысан, "фан зона" осы жерде болды (бұрынғы Кеңестер Үйі)



Жергілікті жастар

Түнгі саябақ


Хорватиялық фанаттардың арасында жүрген Франция футболкасымен.) Ол кезде финалға аталған екі құраманың шығарын кім білген?!

Орталық алаң



ФК "Ақтөбе" ғо а так.))

Нигериялық жанкүйерлер

Бұйыртса, жеңеміз деп жүрген болатын.))

Хорватиялық жанкүйерлер, шақпақтылар


Матчқа да жеттік.)



Лука Модрич бастағандар дене қыздырып жатыр

НайджИрия team

Стадиондағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.)


Ракитич, Манжукич, басын қасыған Виданы таныған шығарсыздар.))

Былтырғы жылдың үздік ойыншысы, Алтын доп иегері - Л.Модрич


Ребич пен Ндиди


Виктор Мозес


Мозес vs Модрич. Міне, кадр.)

Фотода қанша ойыншы?)

Классикалық футболи кадр. Есеп 2-0. Хорваттар ұтты естеріңізде болса.)

Елге негізі Беларусь астанасы - Минск арқылы қайтуым керек еді, бірақ анау шетте жатқан Ташкент арқылы келмейме бе?!)) Кейін қайтарда да билеттік проблемаға кезіктім. Негізі барлық былық, ресейлік ұйымдастырушылардың онлайн сатылған матч билеттерін бәрімізге бірдей тұрғылықты мекен-жайымызға жібермеуінен басталды. Яғни ресми сайты арқылы матчқа билет сатып аларда "билет Сізге жолданады" деген уәде іс жүзінде орындалмады. Оның орнына кейбіріміздің поштамызға "Белгілі бір себептерге байланысты Сізге билет жолданбайды. Матчқа барар алдында кез келген әуежайдан немесе матч өтетін қаладағы арнайы орталықтан өзіңіз ала аласыз" деген хат келді. Мұны көрген мен, ана жақта ойын алдында ұзын-сонар кезекке тап болмау үшін, алдын ала сенбі мен жексенбі күндеріне жоспарлап бір заказбен сатып алған Минск арқылы екікүндік "туда и обратно" билетімді кейін тапсырмай, қайтарда "обратносын" қолдана саламын ғой деп тупить етіп, жұмыстан 2-3 бұрын сұранып, "тудаға" жаңа билет сатып алмайм ба?!) Қайткен күнде де, матч билетін ертерек қолыма түсіру керек болғасын, не істемейсің?! Өйткені, Калининградқа 2-ақ күнге барып тұрып, ұзын-сонар кезектің кесірінен матчты қарай алмау кету деген қорқынышты түстей көрінді.)) В общем кейін қайтарда "Храброво" әуежайында "Сіздің мына қос бағыттық билетіңіз 1-ші бағыт бойынша тіркелмегендіктен, яғни "именно" осы билетпен арғы жақтан бері қарай ұшып келмегендігіңізден, мыннан ары қарай ұшу да мүмкін емес" дегенде бір тал шашым "явно" ағарды-ау.) Сөйтіп, қайтарда да, жаңа билет сатып алып, Астанаға Ташкент арқылы ұшып келдім. Осылайша, бұл қалаға бір жылда екінші рет жол түсті.

Көшеде Шевроле Спарк пен Равондар көп.))

Әуежайға негізі басқа автобуспен жеткем.)

Айтпақшы, өзбек таксистердің көбі қу екен.)

Тоңазытқыш магниттерге толды.)

Осылайша, жалпы Әлем Чемпионатында болысқан командам жеңімпаз атанды. Франция, FFF.)
Видео-бонус:
