«НҰР ОТАН» ҰБТ-ДАН ӨТЕ АЛМАҒАН ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Еліміздің ірі партиясы ҰБТ кезінде шекті балды жинай алмаған жастарға қолдау көрсетеді.«Бірде-бір түлек біздің қолдауымыздан және назарымыздан тыс қалмайды», – деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған түлектерге көмек көрсету жөніндегі меморандумға қол қою барысында. Бұл құжатқа ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев та қол қойды. Қазақстан Республикасы Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және мемлекет басшысының тапсырмасын басшылыққа ала отырып жасалған төртжақты меморандум 3 шілдеден бастап күшіне енеді. Естеріңізге…