Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҰСТАЗДАРДЫҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ТАРТУҒА ЛАЙЫҚ ИДЕЯЛАР ТАЛҚЫЛАНАДЫ

 
Республика ұстаздарының тамыз конференциясы жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға серпін береді. 

Мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында пленарлық отырыстың тақырыбы Қазақстанның 3.0 жаңғыруына білім саласының қосатын үлесі болмақ,бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслмхатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова мәлімдеді. «Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекелестік» атты халыққа жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында басқару және инновация мәселелерін талқылау, білім беру саласын жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау тұрғысындағы диалог алаңы болады», – деді спикер. 

Шолпан Каринованың сөзіне қарағанда, Конференция шеңберінде 7 тамыздан 21 тамызға дейін аймақтарда және Назарбаев Университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында білім беру жүйесінің түрлі бағыттары бойынша секция мәжілістері ұйымдастырылады. 

Ұстаздардың республикалық тамыз конференциясының пленарлы мәжілісінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ҚР «Атамекен» ҰКП және «Болашақ» қауымдастығымен бірлесе отырып, білім беру саласындағы стартап жобалардың EduTech конкурсын жариялайды. «Пленарлы мәжілістің бағдарламасы төрт бөліктен тұрады: спикерлердің TEDx форматындағы «Таратуға лайық идеяларға» арнаған көпшілік алдындағы және ғылыми-танымдық баяндамалары, білім беру саласындағы стартап жобалардың республикалық EduTech конкурсы, Қазақстан кәсіпкерлерінің білім беру саласын жетілдіру бағытындағы әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалары, әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы таратылатын білім беру саласындағы мультфильмдерді көрсету, білім беру саласының жетістіктерін көрсететін көрме», – деп нақтылады Шолпан Каринова. 

Кешегі баспасөз мәслихатына қатысқандар тізімі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова, Техникалық және кәсіби білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

 

0
0
1952

Еще по теме

ҰСТАЗДАРДЫҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ТАРТУҒА ЛАЙЫҚ ИДЕЯЛАР ТАЛҚЫЛАНАДЫ - Yvision.kz