«МЕНІҢ АРМАНЫМ» АТТЫ ЕРЕКШЕ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫП, 5 000 000 ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛ!
Жоғары сынып оқушысы, колледж немесе жоғары оқу орнының студенті болсаңыз, жасыңыз 14 пен 29 аралығында болса, алдағы күзде «Хабар» арнасынан басталатын «Менің арманым» атты әлеуметтік-зияткерлік шоуға қатысуға асығыңыз. Бұл – жастар арасындағы әлеуметтік жобалардың тегін ұлттық байқауы. ТВ-шоу республиканың барлық өңірін қамтиды. Қатысу үшін 17 шілдеден 1 қыркүйекке дейін өтініш қабылданады. Ол үшін www.meninarmanym.kz ресми сайтына кіріп, байқаудың өтініш үлгісін толтырыңыз. Бұл жоба не үшін, ең бастысы кім үшін қолға алынып отыр? Байқау атауының жүгін «арман» деген сөз көтеріп тұрғаны көзге бірден түседі. Мемлекет үшін сіздің арманыңыз құнды. Әсіресе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен үндес болса! «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолдауымен байқауды ұйымдаст…