Перейти к содержимому
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

На сайте с 21 марта 2016 г.Казахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

постов

328

комменты

85

подписчиков

20

подписка

1

Мәдениетті демалуды үйренейік

Бәріне бірдей кінә тағу артық болмас, бірақ, "көрген көзде жазық жоқ", кейде көп кісілер мәдениетті дамалуды білмейтін сияқты. Мысалы, көлікке отырып, бірнеше отбасы келді, багажниктен заттар түсіріп жатыр, түсіріп жатыр. Құдай сақтасын тамақ та, сусындар да, арасында ішімдіктер де бар. Қыз-келіншектер төңіректі аралауға кетті, ер кісілер заттарды қойып, тамақ дайындауға кірісті. Баяғы үңгірде өмір сүрген кезіміз сияқты.

Әрине, ішу-ішпеу әркімнің өз еркі, дегенмен, балалардың көзінше сылқыта ішуді түсінбейді екенмін. Екінші жағынан табиғат аясында қарның ашатыны түсінікті, дегенмен, табиғатқа шығу кейбір демалушылар үшін тамақ жеу мен ішімдік ішуге айналып кеткен сияқты көрінеді маған. МӘДЕНИЕТТІ ДАМАЛУДЫ үйрену қажет. Және, қаншама ысырап!

#Демалыс #Мәдениет #Amandyq Amirkhamzin

0
0
5896

Қос сурет тарихы

Былтыр Балқаштың жағалауында демалып жатсам да шығармашыл адамы ретінде әр нәрсеге зер саламын ғой. Әрине, бұрын Балқаш шаһарында тұрдым, бірақ, Балқаш маңы қазақтарының Ашаршылығы туралы мәліметтерді көп біле қоймайтын едім. Ашаршылық тақырыбымен етене айналыса басқан соң Балқаш аймағы қазақтарының Ашаршылыққа қатысты материалдары қолға түсті, жергілікті музейде де мәліметтер бар, ал, Балқаш бойындағы Ашаршылыққа ұшыраған қазақтар жөніндегі деректерінен бір-екі мысал келтіре кетейін.Жалпы, тарихымызда Балқаш өңірінің маңызы өте зор. Біріншіден, бабаларымыз жоңғарларды түре қуған кезде оларды әуелі Көкшетеңізден әрі жіберген еді. Екіншіден, Кенесары-Наурызбай бастаған азаттық үшін соғыста оның жұрты осындағы қамыстар мен аралдар арасында тоқтаған болатын. Солардың ішінде шешем жағынан ата…

0
0
6017

Балқаш қаласы мен Балқаш көлі. Не көруге болады, қалай жетеміз, өз бетімізбен демалысты қалай ұйымдастырамыз? Менің лайфхактарым

Егер, солтүстіктен оңтүстікке жүрген болсаңыз, Сарыарқа мен Бетпақдаланы бойлай жүрген пойыз терезелерінен ұшы-қиыры жоқ қазақ даласының көрінісі көл жағалауына ауысатынын байқайсыз. Бір ғажабы бұл көл бітпейді. Ал, негізінде, Сіз оның бір бөлігі ғана арқылы өткен боларсыз.Ата-бабамыз Көктеңіз деп атап кеткен Қазақстандағы үш көлдің бірі (Каспий, Аралмен қатар) Балқаш көлі жалпы Әлемдегі үлкен көлдердің бірі.Көлдің ұзындығы 614 шақырым, ені 3,5-нан 44 шақырымға дейін, ең терең жері 26 метр. Ғалымдар көлдің 35000 жылдан бар екенін анықтаған.Сонымен, Балқаш қаласы мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауына қалай жетеміз?Балқаш қаласы Қарағанды облысының Қарағанды мен Теміртаудан кейінгі үшінші үлкен қаласы. Халқының саны шамамен 80 000 адам. Оның шамамен 72-75 проценті жергілікті халық. Бір қы…

0
0
5912

Стамбұлда 8-ші этноспорт фестивалі өтеді

2026 жылғы 21 - 24 мамыр аралығында Стамбұлда 8-ші этноспорт фестивалі өтеді, Түркияның мұндай шараларды жақсы деңгейде ұйымдастырып жүргенін білеміз.

Екпін ұлттық спорт түрлеріне қатысты, фестиваль ауқымы да жылдан жылға кеңейіп жатыр.

Менің назарымды аударғаны этноспорт фестиваль аясында "Бірлік киіз үйлері" тігіліп, онда әртүрлі іс-шаралар өткізіледі, форматы Украинадағы "Мызғымастық киіз үйі" тәрізді.

Және, Димаштан бастап Jetisu Sazy, Alatau Serileri, Hassak Ethno Folk тобы өнер көрсетпек. Бұны да қазақ өнерінің экспансиясы деуге болар.

Этноспорт фестивалі екінші жағынан туристерді тартудың тағы бір жолы. Тамаша емес пе?!

#Түркия #Туризм #Amandyq Amirkhamzin

0
0
5708

Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы

Міржақып Дулатов Ашаршылық туралы «Ақжол» газетіне бірнеше мақала жариялап, шындықты жазып, қазақ билігі қозғалсын, қимылдасын деген ниетте болды. «Торғай үйезінде мал қырылып жатыр. Жазғы салым ашаршылық күтіп отырмыз. Алыстан азық таситын көлік қалған жоқ. Қарқаралы үйезінде шаруа күйзелді. Мал өліп жатыр. Жұрт жаяу, аш, жалаңаш… Темір үйезінде жұт. Ауру қалың, күнде жаназа… Бөкей ордасының қазақтары томыршық деген шөптің дәнін қағып жеп жатыр… Ырғыз үйезінің қазақтары саршұнақ тышқанды жеп жатыр. Күздігүні өлген малдардың өлексесін қар астынан қазып алып жеп жатыр. Өлексе әрі ас болмай, бишаралар қырылып жатыр, — деп жазды.Ел ішін жайлаған аштық туралы айтылып, газетте жарияланғандарға «бұл ұлтшылдардың босқа даурығуы, кеңес үкіметіне қарсы іс-әрекеті, сондықтан ұлтшылдарға қарсы күрес…

0
0
5694

Мұхтар Әуезов 1920 жылдары Қазақстанды шарпыған ашарлық туралы

Мұхтар Әуезов 1920 жылдары Қазақстанды шарпыған ашарлық туралы былай деген екен. «…аштықтан құтқару үшін дәл қазір шұғыл шара қолданылмаса, онда қазақ республикасы қазақсыз қалады».

М.Әуезов «Еңбекші қазақ» газетіне ашарлыққа байланысты көлемді мақала жариялап, елді ашыққандарға жылу жинауға, көмек көрсетуге шақырған екен.

М.Әуезов Ертіс бойын аралап елден мал жинаған.

Құрманғали Дәркеновтың 1921-1922 ЖЫЛҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ «ТОРҒАЙ ІСІ» атты мақаласынан!

#Ашаршылық#Геноцид#Қазақтар#Ұмытпаймыз#Amandyq Amirkhamzin

0
0
5627

Қостанай әуе хабы

Біздің Қостанай облысы шекаралық өңір, Ресейдің бірдей үш аймағымен шектеседі, екінші жағынан жанындағы миллионер Ресей қаласы Челябі шаһары Қостанайдан 321 шақырым ғана болса, Қостанайдан Астанаға дейін 700 шақырым. Айтпақ ойым Қостанайдың өңірлік хаб ретінде мүмкіндігі әлі толық пайдаланылмай отыр. Оның үстіне Қостанай-Тобыл-Рудный қалалары агломерациясының халқы жарты миллионға жетеді.

Ал, былай қарасаңыз Қостанайдан Астана мен Алматыға, Шымкент пен Мәскеуге, Ташкент пен Мысыр еліне тікелей рейстер жұмыс істеп жатыр. Болашақта Фукуок пен Нячангқа және Стамбулға тікелей рейстер жоспарланып отыр.

Негізінде, Қостанай облысы мен Қостанай қаласының туристік әлеуеті әлі де жеткілікті бағаланбай отыр.

#Қостанай #Ішкі туризм #Amandyq Amirkhamzin

0
0
5595

Эфталиттер туралы

Кезінде эфталиттер мемлекеті (кейде "ақ ғұндар" деп аталады) қазақ даласынан бастап Үндістанның солтүстігіне дейінгі аумақты алып жатты.

0
0
5775

Әбубәкір Диваев туралы

Біздің қазақ халқы естек деп айтатын башқұрт арасынан екі халыққа тең талай адам шыққан, тіпті, кейде үш жұртқа (қазақ, татар, башқұрт) ортақ тұлғалар да бар. Мысалы, Ақмолда, Сәдуақас Ғылмани сияқты. Сосын Башқұрстанда туған, тегі татар, жүрегі қазақ Машқар Гумеровтың шығармалырын ерекше жақсы көремін.

Айтқандай, башқұрттармен байланыста болған Алаш қайраткерлерінің бірі туралы бөлек жазармын.

Сол сияқты башқұрт арасынан шыққан, бірақ, патша үкіметіне қызмет етті десек те, өмірін түркі халықтарының салт-дәстүрі мен этнографиясын зерттеуге арнаған Әбубәкір Диваевтың шығармашылығы керемет.

0
0
5565