Стамбұлда 8-ші этноспорт фестивалі өтеді
2026 жылғы 21 - 24 мамыр аралығында Стамбұлда 8-ші этноспорт фестивалі өтеді, Түркияның мұндай шараларды жақсы деңгейде ұйымдастырып жүргенін білеміз.
Екпін ұлттық спорт түрлеріне қатысты, фестиваль ауқымы да жылдан жылға кеңейіп жатыр.
Менің назарымды аударғаны этноспорт фестиваль аясында "Бірлік киіз үйлері" тігіліп, онда әртүрлі іс-шаралар өткізіледі, форматы Украинадағы "Мызғымастық киіз үйі" тәрізді.
Және, Димаштан бастап Jetisu Sazy, Alatau Serileri, Hassak Ethno Folk тобы өнер көрсетпек. Бұны да қазақ өнерінің экспансиясы деуге болар.
Этноспорт фестивалі екінші жағынан туристерді тартудың тағы бір жолы. Тамаша емес пе?!