Дербісалы Беркімбаев және Жаманқаладағы мешіттері

РФ Орынбор облысына берілген қазақ жерлерінің тарихын қарап отырып, "караванная дорога из Тургая до Оренбурга" деген мәтінді оқып қалдым. Бұрын көбінесе Торғай қаласы туралы айтқанда Ырғыз бен Қостанай, Троицкіге байланысты білетін едік. Бұл да біздің тарихымыздың бір бөлігі ғой, ал, былай қарасаң Орынбор қайда, Торғай қайда?
Ал, осы Орынбор облысының аумағында Орскіде (Жаманқала) XVIII ғасырда Нұралы хан мешіті болыпты (шаһарда 5 мешіт болған), кейін мешіт өртеніп кеткенде, 1900 жылдары Дербісалы Беркімбаев қаражат бөліп, қайта салдырған. Беркімбаев тағы бір мешіттің салынуына мұрындық болған. Беркімбаев өз заманында көзі қарақты адам болғаны сондай мешіттерден өзге жеті ауыл мектебін де аштырыпты. Суретте: Жаманқаладағы Дербісалы мешіті.