Перейти к содержимому
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

На сайте с 21 марта 2016 г.Казахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

постов

328

комменты

85

подписчиков

20

подписка

1

Тарихымыз табанымыздың астында жатыр....

Рудный қаласының орнындағы біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықта өмір сүрген адамдардың кешені бәріміздің қызығушылығымызды тудырары сөзсіз. Бұл жай ғана қоныс емес, ол тұтас кешен, яғни, қоныс жұрты орнынан, молалар қалдықтары мен құрбандық шалу төбешігінен тұратын нысандар жиыны.

0
0
5498

Тылсым Торғайға тур (маусым, 2026 ж.)

Тылсым Торғайға тур Бірінші күні (12 маусым, жұма).21.18 – Астана (Нұрлы жол) вокзалынан Астана қ. – Арқалық бағыты. Поездға отыру.Екінші күн (13 маусым, сенбі).08.38 – Арқалық қ. вокзалы. 09.00 – Арқалық қ. - Амангелді к. бағыты (қашықтығы 150 км). 09.45 – Кейкі батыр кешені. 10.15 – Тасты бұлағы11.00 – Ағаштыкөл ауылы, геоглиф – Торғай свастикасы (қашықтығы 16 км). 11.30 – Амангелді к. – Торғай к. (қашықтығы 140 км).11.45 - Құмкешу. Фотосессия. 13.45 - Татыр. Торғай қазақтарының 1916 жылғы азаттық соғысы орны. Жаркөл. Табиғат аясы 14.45 – Торғай кенті, дәмханада түскі ас 15.15 - Торғай к. Торғай музейлері. Кентпен танысу. 19.00 – Торғай к. – Амангелді к. бағыты (қашықтығы 140 км). 21.30 – Амангелді к. «Бразилия» қонақ үйінде орналасу. «Альгамбра» мейрамханасындағы кешкі ас. Бос уақыт.Үш…

0
0
5250

Balkhash Tour Fest — 2026

Биылғы 19-20 маусымда Балқаш қаласында "Balkhash Tour Fest — 2026" өтпекші, бұл шара осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдыңғы жылдары оған қатысып та келдік, маған ұнады.

0
0
5194

Ташкенттегі Таңсықбаев музей-үйі

Осымен екінші рет Нөкіске жол түсіп, атақты И.В.Савицкий атындағы Мемлекеттік өнер музейіне бір күнімді арнадым. Мұнда Өзбекстанның сурет картиналарының мол қоры жинақталған. Оның ішінде, Орал Таңсықбаевтың картиналары да бар. Және, Таңсықбаев тұлғасымен байланысты оның Ташкенттегі музей-үйіне баруды бұрыннан жоспарлап жүрген едім.

0
0
8794

Такси "жыры"

Астанадан Самарқандқа тікелей әуе рейсі ашылғанын және оның қызметін пайдаланғанымды жаздым. Айтқандай, өзбек лоукостерлері мықты жұмыс істеп жатыр. Енді, Ташкентке Қостанайдан да жетуге болады. Ал, неге Самарқандты таңдадым дейтін болсам, біріншіден, Ташкент арқылы Астанаға кері қайтуды жоспарладым, екінші, уақыт үнем, Самарқандқа - "Шығыс ертегісіне" бірден топ ете қалдық.Әуежайда жергілікті телефон симкасын орнатып алған соң (бір айға 6 мың теңге), сыртқа шығып, Яндекс-таксиге тапсырыс беріп, қонақ үйге жетпекші болдық. Әдетте, Қазақстанда Яндекс емес, Индрайверді қолданамын.

0
0
8720

Өзбекстандағы экскурсиялар мен гидтер қызметі туралы

Өзбекстанға осыған дейін жол түсіп жүрген соң, менде жергілікті гидтердің байланыс нөмірлері бар еді, бірақ, Айболат және Мамура әріптестерім маған қарағанда көбірек барып жүр, деректері жетеді. Жалпы, мысалы, мен өзім тарихшы әрі саяхатшы болғандықтан баратын нысандарым туралы зерттеймін, бірақ, әр қаланың және әр мемлекеттің гидтеріне жүгіну ләзім. Өйкені, олар білім алды, жергілікті гидтер мен экскуросводтардан артық ешкім білмейді әрі олардың қызметін пайдалану құрмет қой.Сонымен, әдеттегідей алдын ала хабарласып, сөйлесіп, жоспар жасап қойдым, Самарқанд, Бұқара, Ташкент гидтерімен сөйлесіп, бағаларын да білдім. Әркім өз зияткерлік еңбегін бағалайды, 3 сағаттан 5 сағатқа дейін, тіпті күні бойы жалдауыңызға болады. Қалтаңызға қараңыз. Мен тәжірибелі және сауатты гидтермен сөйлестім, қы…

0
0
8749

Кокошник һәм идеология

1988 жылы Арқалық қаласындағы мектепте оқып жүрген кезім, ол кезде 15 одақтас республикалардың киімі мен дәстүрін көрсетіп, әнін айтып, биін билейтінбіз. Қиялдағы "коммунизмге" сеніп жүрген кезіміз. Оның бәрі өтірік, жалған екенін кім білген?Ал, қазір 15 емес, "140 ұлт пен ұлыс" деп даурығатын болғанбыз. 100 пайыз қазақтар тұратын ауылдар мен ұжымдарда Қазақстандағы жұртты қойғанда испан киімін киіп, биін билеп, әнін айтамыз. Бұл қайдан шыққан идеология екенін түсінбедім?

0
0
8763

Өзбекстан бойынша лайфхактар!

Өзбекстанда не көруге болады, қайда тоқтау керек, қалай жетеміз?Өзбекстан бойынша лайфхактар!Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз.Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтуге болады. Бірақ, мен әу бастан бұл нұсқаны қарастырғаным жоқ. Себебі уақыт жоқ, оның үстіне 1-1,5 күнді жоғалтқым келмеді. Әрине, поезбен арзандау түсер, осы жерде қандай лайфхак қолдандым? Әуе бил…

0
0
8294

Дербісалы Беркімбаев және Жаманқаладағы мешіттері

РФ Орынбор облысына берілген қазақ жерлерінің тарихын қарап отырып, "караванная дорога из Тургая до Оренбурга" деген мәтінді оқып қалдым. Бұрын көбінесе Торғай қаласы туралы айтқанда Ырғыз бен Қостанай, Троицкіге байланысты білетін едік. Бұл да біздің тарихымыздың бір бөлігі ғой, ал, былай қарасаң Орынбор қайда, Торғай қайда?

Ал, осы Орынбор облысының аумағында Орскіде (Жаманқала) XVIII ғасырда Нұралы хан мешіті болыпты (шаһарда 5 мешіт болған), кейін мешіт өртеніп кеткенде, 1900 жылдары Дербісалы Беркімбаев қаражат бөліп, қайта салдырған. Беркімбаев тағы бір мешіттің салынуына мұрындық болған. Беркімбаев өз заманында көзі қарақты адам болғаны сондай мешіттерден өзге жеті ауыл мектебін де аштырыпты. Суретте: Жаманқаладағы Дербісалы мешіті.

0
0
8157

Шеркес геноциді

Белгісіз суретшінің картинасы, картина Новороссийск түбіндегі шеркестердің лагері деп аталады. 1860 жылдар, сурет Эрмитажда сақталған. Суретте байқағандай кемелерге отыруға жанталасып жатқан шеркестерді көруге болады, ал, жағалауда өлім құшқан адамдар жатыр.Жалпы, шеркестердің өз атамекендерінен қашуы туралы көп айтылмайды. 21 мамыр күні, дәлірек айтсақ 1864 жылғы 21 мамырдан бастап шеркес халықтары өз ауылдарынан күштеп көшіріле бастады. Орыс патшалығы, одан соң Ресей империясы 1556 жылдан бастап шеркестермен соғыс бастап, шеркестердің өз туған жеріндегі 90 проценті қырғынға ұшырып, тірі қалғандары Осман империясы аумағына қашуға мәжбүр болды. Өлім-жітімге ұшырағандардың санын ғалымдар жарты миллион десе, тағы бір жарым миллионы мұхаджирге айналды. Сөйтіп, шеркестер өз жеріне, өз туған е…

0
0
7893