ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ЖАСТАРЫНА НЕ БЕРЕМІЗ?
Екі жасында әріп танып, төрт жасынан өлеңге жақын болған, сегіз жасында «Тәуелсіздігім – Тәңірден келген тәтті сый» деп жүрегінен төгілте жыр жазған қаршадай ғана Жамбыл ақынның талантына тәнті боламын. Жалпы осындай балғын балалардың еліміздің құндылығын жіті түсініп, жырға қосып, кішкентай жүрегімен елге ән арнауы қандай бақыт. Осының бәрі тәуелсіздіктің жемісі екеніне шүбә жоқ. Биылғы жылы қазақ үшін қастерлі жыл. Өйткені тәуелсіз мемлекетіміз 25 жылдық мерейтойын тойламақшы. Қазақтың елі әлі талай биіктердің төрінде дамуы керек, ол үшін қазақ деп соққан жүректің , жастардың елге, жерге халыққа деген құрметін арттырып, патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек. Бұл ата-аналарға артылатын жауапкершіліктің жеңіл емес екендігін көрсетеді.