ӘЙЕЛ БАҚЫТТЫ БОЛСА ӘЛЕМ БАҚЫТТЫ
Кеше «Әйел бақыты» жаңа маусымды жаңа студияда бастады. Бәрі тамаша. Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлының анасы Егеухан апа жаңа студияның тұсауын кесіп берді. Мен бұрын-соңды көрмеген екенмін, бірақ ақындығы тәп-тәуір Данияр деген жігіт керемет термемен студияның шымылдығын ашты. Сөздері мірдің оғындай, термесі керемет екен.
Жалпы, қазір қазақ бағдарламаларының жетіліп, жақсарып келе жатқаны қуантады. Оның үстіне Ләйла Сұлтан да тісқаққан жүргізуші ғой, тікелей эфирдің сәнін келтіріп отырады, түрі де сөзі де келіскен. Осындай бағдарламалар көбейе берсін, біздің үйдегі қыздар қауымының екі сағат көгілдір экран алдынан тапжылмай отырып көретін бағдарламасының жаңа маусымына сәттілік тілеп қоялық.
