СӘБИДІҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАН
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Бұл мәтелдің мәні майысқан ба?! Тек жыл басынан бері жаңа туған нәрестесін дәретхана мен қоқыс жәшігенен тастап кеткен бес оқиға тіркелді. Ал, баланы қауіпті жағдайда тастап кету оқиғасы бойынша жарты жылда 68 факті тіркелген. Биыл жыл басында, қаңтар айында Астана-Ташкент тас жолының бойындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған нәрестені тауып алғанда қоғам дүр сілкінді. Жаңа туған нәресте 4 метрлік шұқырда бір сағаттай жатқан. Ел есін енді жия бергенде, қақаған қыс ішінде , тағы сол Жамбыл облысында шыр етіп көзін ашқан нәрестені ата-анасы жүріп бара жатқан көліктің терезесінен лақтырып жібергенін істеп есеңгіреп қалдық. Баланың анасы 16-да, әкесі 17-де екен. Бұл қалай болғаны?! Қазақы болмысымыз бен сипатымыз қайда, ағайын?! Жуырда ғана ақпарат құралдары Алматы облысының, Ақши ауылында 24 жасар қыз бейкүнә перзентін дәретханада дүниеге әкеліп, «туалетке» тастап кеткені туралы ақпарат шықты. Ең сорақысы көкек ана бұл әрекетті бұған дейін де жасаған. Қарағанды облысындағы Кеңгір кентіндегі тағы бір қандас қарындасымыз нәрестесін босана салып, қоқыс жәшігіне салып кеткен. Әйтеуір, періште бала аман екен, балалар үйіне беріліпті. Туыла салып, тағдыр тәлкегіне ұшыратйындай олар не істеді?! Жуырда ғана осы мәселені «Қазақстан» телеарнасындағы «Қоғамдық кеңес» деген бағдарламада біраз талқылады. Балалар құқығын қорғайтын арнайы уәкіл Зағипа Бәлиева мен Оразкүл Асанғазы, прокуратура өкілдері н бір бағдарламаға жинапты, біраз нәрсе айтылды. Прокурордың сөзінше жыл басынан бері 14 сәби ата-анасының қолынан қаза тапқан. Жағамды ұстадым, балаға, әсіресе қыз-балаға үйде тәрбие беруді ұмытпрайық! Бұл мәселе туралы идеологияны күшейтіп, БАҚ жиі айтып,дабыл соғу керек.
