Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЕТЕЛДЕН ҚАРЖЫ АЛДЫҢ БА,САЛЫҚ ТӨЛЕП, ЕСЕП БЕР!

ШЕТЕЛДЕН ҚАРЖЫ АЛДЫҢ БА,САЛЫҚ ТӨЛЕП, ЕСЕП БЕР!

Қазан айының 23-нен бастап,»төлемдер мен төлем жүйелері» туралы  заңға бірнеше өзгеріс еніпті. Оның ең бастысы, ендігіде  шет мемлекеттерден қаржыландырылып, кейбір қызмет түрелерін көрсететін жеке және заңды тұлғалар салық органдарына есеп беруге заңмен  міндеттеледі. Салықшылардың сөзінше Заңдағы жаңа өзгерістердің  кәсіпкерлердің 99,9 пайызына  қатысы жоқ.  Жаңа ереже бұрын заңмен реттелмеген 3 түрлі қызметке ғана қатысты екен.  Нақатырақ айтсақ,  шет елден қаржыландырылып, заң саласындағы көмек пен қоғамдық сауалнамалар және ақпарат жинап оны тарататын жеке және заңды тұлғаларға қатысты. Бұл қай жағынан алып қарасақ та дұрыс. Себебі әлемдік тәжірибе сондай. Оның үстіне Қазақстан баяғыда  салық органдарының Страсбург конвенциясына қол қойған. Ол  құжат бойынша  біз шет мемлекеттердің сұрауына сай олардан келген қаржы қайда кеткені туралы ақпарат беруге міндеттіміз. Ал келген ақшаны тіркеп отырмасақ, ақпаратты қалай береміз, яғни бұл өзгеріссіз Халықаралық келісімді бұзамыз. Ал халықаралық заңдар отандық заңнамадан бір саты жоғары тұратыны белгілі. Заң талабын орындамағандарға  тек әкімшілік жаза көзделген. Ал АҚШ,Еуроодақ елдерінде шет ел асып келген қаржыға салық төлемегендер ҚЫЛМЫСТЫҚ жазаға,  тіпті өлім жазасына  тартылады екен. Бұл тұрғыда біздің заңнама «гуманный» екен деген ой келді. Қалай десек те заң ортақ, тек оны әркім әрқалай түсінеді.

0
0
310

Еще по теме

ШЕТЕЛДЕН ҚАРЖЫ АЛДЫҢ БА,САЛЫҚ ТӨЛЕП, ЕСЕП БЕР! - Yvision.kz