ЖЕР КОМИССИЯСЫ ЖЕР КОДЕКСІНЕ ТАЛАЙ ҰСЫНЫС ЕНГІЗЕДІ
МОРАТОРИЙ МЕРЗІМІ 5 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
Жүргізуші: Үш ай бойы жұмыс істеген жер реформасы жөніндегі комиссияның Мемлекет басшысына берген ұсынысы мақұлданды. Яғни жарияланған мараторйидің мерзімі тағы 5 жылға ұзартылатын болды. Аграрлық саланы дамытпай, экономиканы дамыту қиын. Халықтың көбі табыс тауып отырған бұл сала дамыса, басқасы қоса жанданбақ. Реформаның әу баста көздегені осы еді, түсіндіру жұмыстары жүйесіздеу болды. Дегемен жер комиссиясы олқылықтың орнын басуға тырысты. 3 айда комиссия мүшелері тоғыз рет тоғысып, түрлі деңгейдегі 67 мың адаммен кездскен. Арнайы сайт ашылып, call-орталықтарына 13 мыңнан астам ұсыныс пен сұрақ түскен. Ең бастысы президент пәрменімен жер комиссиясы жер кодексіне бұл ұсыныстарды толық енгізеді.
