ЯДРОСЫЗ ҚАЗАҚСТАН – МАҚТАНЫШЫМЫЗ
Ядролық қарусыз әлем құру-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі.
XXІ ғасыр адам баласының жаһандану кезеңіне аяқ басып, әлемді жаңарту бағытында көптеген ғылыми өзгерістерімен таңдандыруда. XX ғасырдың 40-жылдарынан бастау алған ядролық қарудың негізі адамзат қоғамының қауіпті дертіне айналып, «ядролық қару» бағыттары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Ядролық қарудан бастарту мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ өзінің татулық пен келісім салтанат құратын бейбіт мемлекет құруды ниет етіп отырғандығын танытқан болатын. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартты. Мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болды.
