КОНСТИТУЦИЯ — ҚҰНДЫ ҚҰЖАТЫМЫЗ!
КОНСТИТУЦИЯ - ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ
Биыл конституция күніне орай 3 күн демалатын болдық. Биылғы тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келетін мерекенің орны бөлек. Жалпы осы мерекенің тереңіне үңілсек, тарихи маңызы мен мәніне үңіліп жүрміз бе?! 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат. Бүгінгі таңға дейін көптеген жаңа заңдар қабылданып, халық игілігіне қызмет етуде. Сол заңдардың қайнар көзі, бастауы – Конституция. Қолданыстағы Ата Заңымыз азаматтардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруларына сапалық және құқықтық негіз жасап, қоғамды одан әрі демократияландыруға кең жол ашты. Конституциямыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат болатыны анық. Бұған қол жеткізу үшін әрбір азамат Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, сақтауы қажет. Конституция күні қарсаңында жас ұрпаққа отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу - әр азаматтың парызы.
