Перейти к содержимому
Обложка сообщества Екпiн

Қазақ Ұлттық медицина мұражайына фото шолу

С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің тарих мұражайы
Мекен-жайы: Төле би көшесі, 94 (Сейфуллин көшесінің қиылысында)
Мұражайдың жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-сенбі: сағат 10.00-14.00
Сағат 14.00-ден бастап мұрағатпен жұмыс
Жексенбі: демалыс
Мұражайға арнайы тапсырыс бойынша кез келген уақытта келуге болады.
Билет құны: тегін
Медицина университетінің ғимаратында орналасқан бұл мұражай еліміздегі ерекше мұражайлардың бірі екендігі сөзсіз. Себебі мұнда медицина саласының өткені мен бүгіні туралы толық ақпаратқа қанық бола аласыз.
Жалпы мұражай үлкен екі залдан тұрады.
Бірінші зал сонау ерте ғасырдан бастап соғыс кезіне дейінгі медицинаны қамтиды.
Атағы әлемге жайылған ғұлама, әрі философ әл-Фарабидің  "Адам анатомиясы" атты кітабынан кескіндеме

«Шипагерлік баян» 15 ғасырда жазылған халық емі мен гигиена туралы көне кітап. Оның авторы қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Үлкен-үлкен 7 бөлімнен тұратын бұл кітапта 5000 жуық түрлі ауруларға қолданатын дәрі-дәрмектерді жасау жолы мен 30 түрлі гигиеналық және емдік массаж түріне анықтама берілген.

Көкшетау уезінің Макинский селосындағы Покровский шіркеуінің туу туралы кітапшасы, 1898 жыл.

Мұражайдан адамдарды емдеу алғашында қалай басталғанынан біртіндеп алғашқы дәрігерлер, олардың қолданған құрал-жабдықтарын көреміз.
Медицина институтының ректоры - Асфендияров Санжар Жағыпарұлының жұмыс үстелі.
Медицина институтында білім алған, әрі Отан үшін отқа түскен Ұлы Отан соғысының батырларына арналған бұрыш.
Бұл гильзада Мәншүк Мәметованың зиратынан алынған топырақ сақтаулы.
Екінші зал медицина саласының майталмандары мен мұражай жәдігерлерінен тұрады.
Халық емі
Үндістер тайпаларының сый-тартулары:
Үйрек - ру қорғаушысы.
Шөптен өріліп жасалынған шеңбер - өмірдің басы мен соңынын нышаны.
Бизон - аман-саулықтың, күш-қуаттың нышаны.
Тайпа көсемінің сағаты.
Тайпа үндісі.
Абориген киімі. Ганадан келген делегацияның сыйлығы.

© Екпін

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайынафото шолу

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына фото шолу

7
0
3270

Еще по теме