Тікелей эфир

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайына фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайы

Мекен-жайы: Фурманов көшесі 127 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысында)
Мұражайдың жұмыс уақыты: сағат 10.00 - 17.00
Үзіліс: сағат 13.00 - 14.00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Тел: +7 (727) 296 49 49

Мұражайға кіру: Тегін

Ерекшелігі: Теміржол саласында оқитындарға, не қызыққандарға мұражай ішінде кішігірім кітапхана мен оқу залы бар. Қалаған адам бұл жерде дайындалып, қажетті ақпараттарын ала алады.

Қазір пойыздардың бағыты микрофон арқылы хабарланатын болса, бұрын жолаушыларды шығарып салушы да, қарсы алушы да осы қоңырау болған.

Жібек жолы залы. Бұл зал көрерменді «Жібек жолынан» бастап теміржолдың пайда болғанына дейінгі тарихпен таныстырады.

Қазақстан аумағындағы алғашқы теміржол Орал мен Ресейдің Покровская слобода (қазіргі Энгельс) қалалары арқылы өткен. Бұл теміржолдың ұзындығы 420 км болса, соның 120 км-рі Қазақстан арқылы өткен.

Бірақ біздің теміржол тарихымыз бұл аумақты қамтымайды. Біздің тарих 1901 жылы Орынбор - Ташкент теміржолы салына бастаған уақыттан басталады. Соның ішінде Орынбор - Қазалы 1904 жылы салынған. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстандағы теміржол тарихы өз бастауын алады.

2004 жылы Қазақстан теміржолының 100 жылдық мерейтойы тойланды.

“Алғашқы теміржол тарихы”.
Бұл залда алғашқы теміржолдың түрлі пойыздар мен локомативтері, осы саладағы түрлі техникалардың пайда болу тарихы баяндалады.

Ең алғашқы теміржол Англияда пайда болған. Одан кейін біртіндеп Ресей патшалығына келе бастаған.

Бұрынғы кезде паровоздарды су, көмір және құрғақ құммен толтыратын. Көмірді жағып, үстіне су құйып, пойыздар будан энергия алу арқылы жүретін. Ал оны тоқтату үшін дөңгелектеріне құм себетін.
Паровоздың жұмыс бригадасы үш адамнан тұрған: машинист, машинисттің көмекшісі мен отын жағушы.

1958 жылы Қазақстандағы Арыс станциясында алғашқы тепловоздар пайда болды.

1962 жылы Целиноград пен Қарағанды қалалары арқылы электровоздар жүре бастады.

1931-ші жылы салынып біткен Түркісіб теміржолының салыну тарихы жайында да осы залдан біле аласыз. Луговая станциясы мен Семей арқылы өткен бұл теміржол торабының Алматыға жақын жердегі Айнабұлақта тоғысатын жері болған. Кезінде сол жерде теміржолшылар түрлі мерекелерді тойлауға жиналатын. Бүгінгі күні жыл сайын теміржолшылар «Теміржолшылар күнін» тойлау үшін дәл осы жерде жиналады.


Қазақстан аумағында 10 мыңнан астам инжинерлік құрылыс бар. Олар: теміржол көпірлері, тунель, депо, вокзал т.б.

Бұрын вокзалдарда осындай жергілікті, астана және Мәскеудің уақытын көрсетіп тұратын сағаттар болатын

Бұл “Алматыға келген алғашқы пойыз” деген туынды. Бұны салған теміржолшы, суретшілер одағының мүшесі Асқар Сәрсенбеков.

Үшінші зал теміржол саласында еңбек сіңірген майталмандардың түрлі марапаттармен, құжаттармен және жеке дүниелерімен толтырылған.

Зәбира Жүсіпова - алғашқы паровоз жүргізуші қазақ әйел.

Теміржол әлемдегі ең қажетті көлік болып саналады. Өйткені әуе транспорттары ауа райы жаман болғанда ұшпай, ал авто транспортттар қыста жолдар жабылып қалса жүрмей қалады. Тек ауа райына қарамай, күн демей, түн демей жүре беретін бірден бір көлік осы пойыз.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Алия Arsik
7 қараша 2012, 18:08
6119

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

в музее не хватает грязи, пыли и вонючего матраца.
жақсы көптеген мәліметтерге ие болдым рахмет бірақ, айта кететін жайт! мұнда жүк түсіретін көліктер жайлы да бірер мәліметтер болса жақсы болар еді.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 7823
  • 4
Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Сегодня настоящий юбилей! У меня и Юрия Суханова из Смоленска! Ровно 5 лет назад 16 июня мы стояли на вершине Монблана (4809м), вершине с которой начинался альпинизм!
Almazoff
16 июня 2017 / 13:39
  • 6827
  • 25
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5689
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5135
  • 53
«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«Вы пригласили, вот я и пришел» - именно с таким выражением лица сидят на собеседовании молодые люди. Создается впечатление, что человек без опыта работы дает шанс заполучить такого «ценного» кадра как он.
ArenMir
16 июня 2017 / 15:58
  • 4059
  • 44
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3707
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 2944
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

Однажды Джоэл Шумахер попросил прощение за свою несуразную работу в том самом фильме про Бэтмена. Его примеру должны последовать многие режиссёры, которые умудрились испортить свои картины.
Seattle
16 июня 2017 / 15:53
  • 2346
  • 18