СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 18 ОТБАСЫҒА ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Осы орайда СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін ауданға шықты. «Халықтың көші-қоны» Заңына сәйкес оралман мәртебесі 1 жылға тағайындалалды, - деп түсіндірді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбілов. – Оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кетсе, оралман кейін азаматтық ресімдеген кезде жеңілдіктерден айырылады. Мәселен, ең алдымен бұрынғы азаматтықтан шығып, Қазақстанның аумағында 5 жыл тұру керек болады. Біздің қызметкерлер жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге үй-үйді аралап, оралман мәртебесін ұзарту бойынша өткізілетін арнайы акцияның мағынасын түсіндіреді және аталған қиындықтардан шығар жолды көрсетеді». Оралман мәртебесі түрлі себептермен тоқтатылған - туыстардың шетелде қалуы, мүлік…