СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 18 ОТБАСЫҒА ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Осы орайда СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін ауданға шықты.
«Халықтың көші-қоны» Заңына сәйкес оралман мәртебесі 1 жылға тағайындалалды, - деп түсіндірді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбілов. – Оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кетсе, оралман кейін азаматтық ресімдеген кезде жеңілдіктерден айырылады. Мәселен, ең алдымен бұрынғы азаматтықтан шығып, Қазақстанның аумағында 5 жыл тұру керек болады. Біздің қызметкерлер жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге үй-үйді аралап, оралман мәртебесін ұзарту бойынша өткізілетін арнайы акцияның мағынасын түсіндіреді және аталған қиындықтардан шығар жолды көрсетеді».
Оралман мәртебесі түрлі себептермен тоқтатылған - туыстардың шетелде қалуы, мүлік мәселесінің шешілмеуі. Полицейлер оралмандарға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін оралман мәртебесін ұзарту және жеңілдетілген түрде қазақстандық азаматтықты қабылдау мәселесін шешу мүмкіндігі беріліп отырғаны туралы түсіндірді. Қажетті құжаттар туралы толық ақпарат берілді.
Аудандардағы көші-қон топтары осындай жұмысты кең көлемде жүргізеді. Нәтижесінде 89 адамнан 41 (18 отбасы) адам оралман мәртебесін ұзартты, 38 адам ҚР азаматтығын қабылдауға өтініш берді.
СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы оралман мәртебесін ұзарту немесе алу үшін Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64 мекенжайында орналасқан, байланыс телефоны - 8-7152-463-743, СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгінуге болатынын атап өтті. Осыдан кейін ҚР азаматтығын жеңілдетілген түрде алу үшін тұрғылықты жеріндегі полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жүгінуге болады. Толығырақ ақпаратты СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының 8 (1752) 34-00-35 байланыс телефонына хабарласып білуге болады.


СҚО ПД баспасөз қызметі
