СҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН ПОЛИЦЕЙЛЕР 1000 АСТАМ БАЛАЛАР МІНГЕН 74 АВТОКОЛОННАҒА ІЛЕСІП ЖҮРДІ
... Күні кеше құрамында СҚО ПД ППБ полицейлері полиция аға лейтенанты Жігер Балтабай мен полиция аға сержанты Батырхан Молдажанов болған автопатруль мектеп оқушыларының колоннасына ілесіп жүрген кезде орын алған экстремалды жағдайда батылдық әрі жылдамдылық танытты. Полицейлер жанып жатқан шағын автобустан балаларды шығарып, өрт сөндіргішпен көліктегі отты сөндірмекші болады. Жүргізушімен бірге жанып жатқан автобусты жолдан алыстау жерге итеріп, жиекке шығарған. Сауатты әрекеттерінің арқасында жапа шеккендер болған жоқ, полицейлер балаларды басқа көлікпен аман-есен үйлеріне жеткізді... ...Жардан құлап, өмірімен қош айтыспақ болған қызды құтқаруға ойланбастан бел буған полиция кіші сержанты Денис Комаров солтүстікқазақстандықтардың ықыласына бөленді. Денис бойжеткенді әңгімеге тартып, жаны…