СҚО-НЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС КЕЗЕҢІНЕ ЖАТАТЫН АРТИЛЕРИЯЛЫҚ СНАРЯДТЫ ЖОЙДЫ
20 мамырда сағат 20:10-де СҚО Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Большая Малышка ауылының маңында бақташы снарядқа ұқсас металл затты тауып алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келіп жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұзындығы 30 миллиметр, моделі белгісіз, жарылғыш снарядтты анықтап, тәркіледі.
СҚО Полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының қызметкерлері снарядты жарылу қаупі бар заттарды уақытша сақтау және тасымалдауға арналған контейнерге салып, жоюға әкетті. Таңертең снаряд ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының әскери полигонында жойылды.
СҚО ПД оқу-жаттығу взводының командирі полиция майоры Олег Гурскийдің айтуынша, жыл басынан облыс аумағында жарылу қаупі бар қару алғаш рет анықталып отыр. Снарядтың үстін тот басқан, таңбалық жазбалар да сақталмаған, осыған байланысты оқ-дәрінің нақты жасалған күнін анықтау мүмкін болмады. Алайда, снаряд Азаматтық соғыс уақытына жатуы мүмкін. Өткен жылдары солтүстікқазақстандық полицейлер бірнеше рет Жамбыл, Мамлют, Қызылжар аудандары және Петропавл қаласының аумағында табылған тот басқан көне оқ-дәрілерді алып жойған. Барлық табылған қару өткен ғасырдың бірінші жартысында жасалған.





СҚО ПД баспасөз қызметі
