«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫНЫҢ БІР КҮНІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР 273 САУАЛҒА ЖАУАП БЕРДІ
Барлық сұрақ қаралып, білікті жауаптар берілді.
Сұрақтардың көпшілігі автокөлік жүргізушілерінен келіп түсті. 38 адам көлік құралдарын тіркеу туралы, 43-і – жүргізуші куәліктерін беру немесе ауыстыру, 39-ы – айыппұлдарды төлеу тәртібі туралы сұрақтарымен жүгінді.
Жиі қойылатын сұрақтардың бірі – көлік құралын қайта жабдықтау. Қайта жабдықтауға рұқсат алу үшін СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасына жүгіну қажет. Негізінен бұл сұрақтар автотюнинг жасағысы келетіндерді қызықтырды. Бірақ автобустарында жолаушылар отыратын орындықтар санын көбейткісі, көліктеріне газ құрылғысын орнатқысы келетін жүргізушілер тарапынан да сұрақтар болды.
«Солтүстікқазақстандық көлік иелері бұл сұрақтарға жауапкершілікпен қарайды», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Мұны біз облыс аумағында өткізілген жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде көрдік. Іс-шараның 3 күні ішінде автобустарды заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 9 фактісі анықталды. Олардың барлығы басқа облыстарда тіркеуде тұрған көліктер. Іс-шара барысында қоғамдық көліктердің жүргізушілері тарапынан барлығы 827 бұзушылық анықталды. Олардың арасында бағытқа шықпастан бұрын тексерістен өтпеудің 10 фактісі және техникалық байқаудан өтпеген 18 автобус бар. Автобустардың техникалық жағдайына немқұрайлы қарағаны үшін көлік парктерінің 4 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды».
Сондай-ақ, «Жолда қабылдау» кезінде тәртіп сақшылары атына Сall-орталық арқылы 5 сұрақ келіп түсті. Петропавл қаласының тұрғыны жүгініп, № 9 орта мектептің жанында бағдаршам объектісін орнатуды сұраған. Оның айтуынша, аталған учаскеде жүргізушілер көп жағдайда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан оқушылар мен олардың ата-аналарына жол бермейді екен. Полицейлер шаралар қабылдауға уәде берді. Полиция департаментінің басшылығы бұл сұрақты өз бақылауына алды.









СҚО ПД баспасөз қызметі
