ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында алғаш рет «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты дәстүр және ғұрыптық ән байқауы өтті. Байқауға облыстың 8 ауданынан келген өнерпаздар қатысты. Үміткерлер ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жаңғыртты, ғұрыптық ән-жырларды сахнаға алып шығып, тақырыбына сай салт-дәстүрмен сабақтастырды.Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өткізілген байқаудың мақсаты айқын. Байқаудың мақсаты - қазақ халқы рухани жәдігерлерінің ішіндегі замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпаққа жеткен құндылықтарымызды халық арасында кеңінен насихаттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосып, санаға сіңіру еді.Соңғы жылдары салт-дәстүріміз ортамызға келді дегенімізбен, кейбір тұстарының өзгертіліп ке…

