«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласының музейлер бірлестігіне қарасты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне арналған «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты іс-шара өтті. Жиынға музей ісіне қатысы бар мәдениет саласының мамандары, өнертанушылар, тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Шараны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары М.Оңдасынова сөз сөйлеп ашты. Мөлдір Убайдуллақызы «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қазіргі таңда қаламыздың тереңнен тартқан тарихын айшықтап қана қоймай, қазіргі таңда көне шаһардың туристік келбеті мен әлеуетін арттырып, туристік паспортына айналып отырғанын тілге тиек етті. Басқарма басшысының сөзінше, кешеннің жаңарып қайта ашылып отырған «Шым қала жәдігерлері» экспозиц…